Христиандық философия. Православия философиясы

 

Христиан ілімінің немесе догмаларының кұрылуына тікелей Филон Александрийский (Иудейский) философиясының көзкарасы үлкен жәрдем берді. Ол иудей догмасын грек философиясымен (Платон, Стоицизм, Пифагор) қосты. Оның негізгі философиялык категориясы «логос» деген ұғымнан кұрастырылды. Логос (ақыл-ой) -жоғары идея және де ол жоғарғы Періште (касиетті pyx), иудей заңы мен табиғат заңы бірдей адамзатка үлкен мағынасы бар. Филон Александрийскийдің айтуынша әрбір адам, ақыл-есі барлар, ақыл-ес денемен байланысты, жаксы мен жаман осы екі жакты қинайды. Адамдардың максаты логостың заңымен және Қүдайга ұксап экстаз арқылы бірігу керек. Миссия барлык адамзатты күнәдан құтқарушы. Бертін келе Иисус Христос адам сияқты болғанымен де, ол адам емес, Құдайдың өзі, ол дүниеге келеді де, кайтадан ғайып болады, енді тек адам ойында, көңілінде ғана сакталады деді. Сонымен Филон Христиан діни философиясынын қүрастырылуына үлкен үлес қосты. Ол туралы Ф.Энгельс Христиан дінініц атасы деп аталады.

Екінші бір Христиан философиясынын шығуына үлкен үлес косқан Рим стоиктері, әсіресе, Сенеканың (б.д.д. 4 ж. — б.д.д. 65 ж.) ілімі үлкен орын алды. Стоиктердің пікірінше, дүниенің екі бастамасы бар: енжарлық және белсенділік. Енжар нәрсеге материя жатады да, ол өздігінен дами алмайды. Стоиктер логосты белсенді бастама, рух, Қүдай деп түсіндіреді. Адамның ақыл-ойы Құдайдан, ол әлемге күш беруші оттегі деп таниды. Сенеканың Қүдайы табиғатқа да ұксап кетеді. Осы жерде стоиктер, әсіресе, Сенеканың ілімі Христиан дінінің этикасының құрылуына ыкпал етеді. Сондыктан болар Сенеканы классиктер Христиан дінінің ағасы десек те болады депкөрсетті.

Православиеның діни-философиясының алғашқы кезде қалыптасуына Византия философиясы үлкен әсерін тигізді. Византия философиясының өзі гректердің әкей шіркеулерінен (Отцы церкви): Прокопий Газыдан (465-525), Леонтий Византийский (475-543), Иоанн Дамаскин (675-753), патриарх Фотий (820-891) және т.б. өкілдердің шығармаларынан күрастырылды. Олар Христиан дініне Аристотель логикасын қолдана отырып, Христиан философиясын күрастыруға ұмтылды. Әсіресе, Иоанн Дамаскиннің негізгі еңбегінде «Источник знаний» білімнің кайнар көзі қандай да бір білім болмасын, оның бастамасы «откровениеден» (аян беруден) алынады деді. Оның аркасында Христиан дінінің ілімі бірінші рет бір жүйеге келтірілді, дербес христиандык догмасын калыптастырды десек те болады. Дамаскиннің айтуынша, философияның көздеген максаты — даналыкка ұмтылу, ал даналыктың ең биік жолы Құдайда — деді. Сонымен, ол философияны богословтық ілімінің кызметкері етуге тырысты. Оның айтуынша, философия аркылы адамзат қоршап түрған рухани және материалды әлемді таниды және де енжарлық норманы, христиандык ошак, коғамдык өмірді тануға болады. Оның догмалық жүйесі діни ғибадаттың заңдарында камтылды. Ол бірінші болып иконды, кресті, әр түрлі «киелі» діни атрибуттарға үлкен діни мән беріп, оларды корғады. Кейінгі ғасырлардан бастап Византиялық философияда мистикалық және иррационалдык бағыттар басым бола бастады. Олардың өкілдері: Григорий Паламы (1296-1359), Николай Ковасилы (1320-1371) жэне т.б., Құдай болмысын тану жэне кызмет етуді мистикалык, аскетикалык, трансцендентальдік жолдармен болады деп түсіндірді.

Григорий Паламының (психостардың идеологі) айтуынша, Құдайдың кайырымдылығына жету үшін әр түрлі өсиет сөздер айтудың орнына табиғатты пайымдап карау арқылы шомылу, экстаздык шокыну, «еркектікті» өлтіру, бұлар кейіннен Православие догмасының доктринасы болды.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда «әкейлер мен окытушылар» (отцов и учителей) шіркеудің негізгі еңбектері орыс тіліне аударылды. Олардың тек діни емес логикадан, диалектикадан жазылған еңбектері, әсіресе, Григорий Паламанын шығармасы «Каппадокийцев» және Психатов туралы. Тағы да басқа богословтардың Григорий Нисскийдің (335-394), оның жолдасы Григорий Назианскийдің (330-390) Руссиеде шектік екі философиялык ағым күрастырды. мистикалық пайымдау ағымы: оның өкілі: Сергий Родонежский (1314-1396) және Нил Сорский (1433-1508), оларга қарсы тұрушы ағым рационалды-схоластикалық. Онын өкілдері: Иосиф Волоцкий (1439-1515), Зиновий Отенский (1568). Бүлардың көзкарастары үлкен орын алмаса да, олардың еңбектері бекер кеткен жок. Әр кезде әр түрлі формада алдыңғы көзкарастар болып отырды.

Академиялық философия.ХҮШ-ХІХ ғасырларда православие философиясы калыптасты, оны академиялық философия депатады. Себебі ол философияның өкілдері – Мәскеудің рухани академиялық философия кафедрасының профессорлары Ф.А.Голубинский (1797-1854), Кудрявцев Платонович (1828-1891), В.И.Несмелов (1863-1920), Петербург рухани академиясыныц профессоры М.И.Каринский (1840-1917), Киев рухани академиясыныц профессоры П.Д.Юркевич (1827-1874), С.С.Гоготский (1813-1859). Олардың алға койған мақсаты православие философиясы аркасында христиандык әлемдік көзқарас бойыншаКүдайдың болмысын тану болды. Философия болатын болса, ол негізгі Христиан өмірінің негізгі принциптерін түсіндіреді. Ондай негізгі принциптердің бастамасы: Христиан дінінің акылдылығы мен пайдалылығын көрсету. Міне, осы екі ұғымдык түсінудің маңызында православиені философиялық тұрғыда түсіну деп біледі. Олардың айтуынша, философияның негізгі мақсаты болып есептелетін діннің әлемдік сезінушілік көзқарасы. Діни көзқарас ақиқат деп карастыру тек идеалдық білімге немесе Құдай туралы жоғары білімге арка сүйенгенде ғана танылады. Эмпирикалык білім шектелген, карапайым, ал рационалды білім жеткіліксіз. Идеалдык білім ол — Құдай жолындағы акикаттылык, қайырымдылық, сұлулык- оған тек сенім аркылы жетуге болады. Құдай- бізді коршап түрған әлемнің негізі, оны жасаушы және козғаушы күші. Сондықтан ақиқат деп адамды коршаған дүниенің Құдай идеясымен косылғанда ғана айта аламыз.

Метафизикалық баршаның біртүтастығы(всеединства) орыс православия шіркеуінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялык көзқарасының дамуы тікелей атақты философ-богословтардың өкілдерімен тығыз байланысты. Олар: В.С.Соловьев (1853-1900), П.А.Флоренский (1883-1937), С.Н.Трубецкий (1862-1905), С.Л.Франк (1877-1950), Л.П.Карсавин (1882-1952) және т.б. Осылардың ішінен ең бір бөліп карастырылатын философ-мистик, богослав және акын В.С.Соловьевты айтамыз.

В.С.Соловьев академик философтардың көзкарастарын дамыта отырып, өзіндік ағымды күрастырды десек те болады. Оның атын «баршаның біртұтастығы» метафизикалык философия түрғысынан карастырды. Ол көптеген діни философиялык шығармалар қалдырды. Оның діни-философиялык көзқарасының негізгі категориялары «баршаның біртұтастығы», «София», «жаратушы мен жаратылушының

бірлігі», «үштік Құдай» деген ұғымдар аркылы карастырылады. Оның философиясы Батые Европа және Шығыс ойшылдардың синтезі десек те болады.

В.С.Соловьевтің жалғастырушы атақты дін қызметкері П.А. Флоренскийді атап өтұге болады. П.А.Флоренский өзінің көзкарасын көптеген шығармаларда жазып көрсетті. Олардың ішінде «Столп и утверждение истины» деген шығармасы Соловьевтің мистикалык көзкарасын колдайды, әсіресе, біртұтастык, Софии туралы және де кейбір православиялык догмаларын жаңарту: үштік бірлігі, аскетизм туралы және иконды сыйлау туралы. П.А.Флоренскийдің көзкарасы бойынша акикат дегеніміз — жоғарғы, кұдіретті рационалдық бірлік. Оны барлық «тірі реалистерге» ұқсап логика заңымен қабылдай алмаймыз. Ақикатты біз тек интуиция аркылы ғана ашамыз. Тек дін әсерленушілікте — қозғалу процесінде — жоғарыдан төменге, тұтастыктан шексіз көпшілікке жүруде ғана ақиқатка жетеміз.

Орыстың діни-философиясына үлкен із калдырған атақты ғалым С.Н.Булгаков (1871-1944). Ол шығармаларында («Два града» жэне «Свет невечерний» т.б.) өзінің негізгі діни философиясы аркылы Соловьевтің «біртүтастык» идеясын әрі карай дамытты. Оның негізгі идеясы барлық көзкарасты дінге бағындыру және сонымен бірге таза діннің сорақылықтарынан арылу үшін ғылымды, философияны және дінді «синтездеуге» тырысты.

Оның айтуынша, әлем жоқтан жаралды. Жасалу актысы — болмыс емес болмысқа айналуы (укон мэонға) немесе абсолюттің екіге бөлінуі. Жоқ зат (құбылыс) өзекті болмысқа айналады, Құдайдың күдіретті сөзімен аспандағы денелер, өсімдіктер, жануарлар жасалады.

Келесі бір метафизикалык мәселе — софия әлемі туралы ілім. София туралы ілім Булгаков философиялык және богословиялық жаратушы және жараткандардың аракатынастығы туралы шешіліп жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *