Суфизм – ерекше мистикалық діни-фәлсафалық дүниетаным. Исламның мистикалык бөлігі – суфизм ілімі деп атайды. Бірінші исламдық суфизімді басқарған Газали деп ұйғарады. Философ, суфист Абу Хамид аль-Газали (1059-1111) діннің қандай бір түрі болмасын философиялық ілімде, ғылымда және күнделікті өмірде діни- мистиқалық көзқарастар рационалдық көзқарастарымен қатар дамып келе жаткан еді.Газалидің философиясында мистикалық исламның тарихы басталды десек те болады. Газалиден бастап мұсылман жерінде ғылымның бағасы түсіп, діннің беделі жоғары көтерілді.
Газалиді Құранның маңызын түсіндіруші және сол Құрандағы жасырын жазылған мағынасын фәлсафалық мағына беруші суфист деп айтамыз. Оның айтуынша, Құранды түсіну үшін онын мағынасын бастан кешіру керек. Газалидің еңбегінің маңызын төрт аспектіге бөліп түсінуге болады. Бірінші, философиялық мағынада, ол аспект интеллегенттерге, теологиялыктарға арналған, олардың білімі жоғары болуы керек. Олар дінді теологиялық (богославтық) ілімге көтеріп зерттейді. Екінші, метафизикалық идеялармен немесе иррацаоналды жолдармен қарастыру, бұл аспекті оның мынандай шығармаларында кездеседі: «Нүрдың орын алу тәртібі», «Бақыт алхимиясы», «Ниша света» және «Алхимия счастья». Үшінші, екі астарлы, екі ұшты айтылған, шифрланған (зашифрованном) түрде. Төртінші, мистикалык, жасырын козқарастық, екі-ұшты ілімдік көзкарас. Төртіншіні білу үшін, соңғы екі аспектіні білу керек. Бұл аспектіде әрбір козкарасты жартылай ауыз екі, жартылай мистикалык еңбекпен, тәжірибемен беруге, көрсетуге болады. Сондыктан Газели өзінің ілімінде көптеген көзкарастарын поэтикалық рәмізнің (символды) және шифровкамен көрсетіп отырды.
Қорыта айтканда, аль-Газали діни идеалистік бақыттың өкілі болды, ол мутакалимдер мен сопылардың концепциясын талдап берді. Негізінде шығыс перипатетиктердің философиясындағы натуралистік және рационалистік элементтерді сынады.
Персиядан шыққан атақты суфист ас-Сухравади(1155-1191) Иран мистикалық философиясының өкілдеріне жатады. Атақты суфист Ибн Арабиүлы Шейк(1164-1240) шығармасы жалпы араб-мүсылман мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Оның теология, философия, поэзия туралы енбектері суфистік ілімнің үш ғасырлық дамуының қорытындысы болды десек те болады. Шейх Ибн Араби. Оның айтуы бойынша: «Адам әлемнің кішкентай көрінісі», «Мен – ол Сен», «Сен – ол Мен». Нағыз болмыс – Құдай. Адам – Құдайдың эманациясы.
Суфи ақындары Омар Хайам (1040-(123), Джалаль ад-дин Руми(1207-1273), атақты суфистер Саади Ширази(1184-1229), Фаридудди Аттар (химии) жэне т.б., әр түрлі ағымдарға, әр түрлі мектептердің өкілдері бола тұра, өздерінің философиялық-суфизмнің негізін тереңдетті.
Омар Хайам — атакты Иран-тәжік акыны, ғалым (математик) және философ-суфист. Өзінің 4 шумақ өлеңінде (Рубай), ол Исламның негізгі догмасына карсы шықты. Оның айтуынша, ол дүние бар, тағдыр бар дегенге және намаз окуға, ораза ұстауға қарсы болды. Әлемді Құдай жеткіліксіз жаратты, себебі өмірде көптеген әділетсіздік бар. Адамзат осы жер бетіндегі бакытқа ұмтылуы керек. Суфистердің көзқарасы бойынша Хайамның поэзиясының әр түрлі функциялык мағынасы бар. Оның поэзиясымен жеңіл лэззатын тыңдауға да болады және терен философиялық мағына да алуға болады, керек болса суфистік оқу-тәрбиесіне де колдануға болады. Оның поэзиясы — суфистік қор. Оның өлеңдері шәкірттеріне ғана емес, баска қарапайым халыктарға да түсінікті.