- Орта ғасырдағы Орта Азия жеріндегі қалалардың қолөнершілер мен саудагерлер тұратын бөлігі.
Рабад.
- 1428-1429 жылдары Ұлықбектің кезінде Самарқан қаласында салынған ірі ғылыми орталық.
Обсерватория.
- Орта Азия жерінде өмір сүрген, атақты ғалым, дәрігер, «Дәрігерлік ғылым каноны» атты ғылыми еңбектің авторы.
Әбу Әли ибн Сина.
- 1250 жылы Египеттегі мемлекет билігін басып алғандар.
Мамлюктер.
- Қазіргі Эфиопияның солтүстігінде ІІІ ғасырға қарай құрылған, орта ғасырлардағы Африкадағы қуатты мемлекеттердің бірі.
Аксум.
- 1004 жылы Каир қаласында салынған ғылыми орталық.
«Білім үйі».
- Мәскеу қаласын салдырған кінәз.
Юрий Долгорукий.
- «Игорь жорығы туралы сөз» дастанында аты шыққан тұлға ретінде мадақталатын кінәз.
Всеволод Юрьевич.
- Шыңғыс ханның (Темучин) туған жылы.
1155 жыл.
- Монғол империясының құрылған және Темучиннің хан болып сайланған жылы.
1206 жыл.
- Шыңғыс ханның заңдар жинағы.
Яса.
- Шыңғыс хан кезіндегі Монғол империясының астанасы.
Қарақорым.
- Монғолдардың батысқа шабуылды бастауға шешім шығарған құрылтай жиналысы өткен жыл.
1235 жыл.
- 1236 жылы Бату әскері жаулап алған Еділ бойындағы ел.
Бұлғар.
- 1240 жылы монғол-татар әскерлері жаулап алған Русь қаласы.
Киев.
- Орыс жерінде монғол-татар үстемдігі орнаған уақыт:
1240-1480 жылдар.
- Батудың орыс жерінде құрған мемлекеті.
Алтын Орда.
- Бату ханның кезіндегі Алтын Орданың алып жатқан территориясын көрсетіңіз:
Ертістен Дунайға дейінгі аралық.
- Бату ханның Шығыс Еуропаға жорық жасаған жылдарын көрсетіңіз:
1236-1242 жылдар.
- 1539 жылғы Франция королі І Францискінің қабылдаған тарихи шешімі.
Француз тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
- 1555 жылғы Нострадамустың «Жүзжылдықтар» атты тарихи еңбегінде көрініс тапқан болжам:
2025 жылға дейінгі адамзат тарихындағы оқиғалар айтылды.
- 1607 жылғы Англиядағы тарихи оқиғаны көрсетіңіз:
Алғаш рет әнұран қабылданып, орындалды.
- 1603 жылы Англияда билікке келген корольдік әулет.
Стюарттар әулеті.
- Орта ғасырдағы Германия жеріндегі католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс.
Реформация.
- XVI ғасырдың аяғында Испанияның дүниежүзілік теңіздегі үстемдігінен айырылуының басты себебі.
Англия флотынан жеңілуі.
- XVI ғасырдың аяғында Испанияның «Жеңілмейтін армада» теңіз флотын жеңген ел:
Англия.
- Еуропада ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел.
Нидерландия.
- 1559 жылы аяқталған Италия үшін жүргізілген күреске қатысқан еуропалық елдер.
Франция мен Испания.
- XV ғасырда еуропалықтар ойлап тапқан тез жүретін жеңіл, желкенді кеме.
Каравелла.
- Еуропалықтар барғанға дейін Мексика жерін мекен еткен үндіс тайпасы.
Ацтек.
- Еуропалықтар ашқанға дейін үндіс тайпаларының бірі — инктер мекендеген ел.
Перу.
- Христофор Колумбтың туған отаны.
Италия.
- XV ғасырда еуропалықтардың теңіз арқылы баруды көксеген Азиядағы «асқан байлық» елі.
Үндістан.
- Христофор Колумбтың Испания жағалауынан батысқа бағытталған алғашқы сапары басталды:
1492 жылы.
- Христофор Колумбтың батысқа бағыт алған теңіз сапарында ең алғашқы кезіктіріп, өзі атын қойған арал.
Сан-Сальвадор.
- Америка құрлығын алғаш жаулап алғандар:
Испандықтар.
- Христофор Колумбтың ашқан жерін бұрын белгісіз болып келген яғни жаңа материк екенін дәлелдеді:
Америго Веспуччи.
- XV-XVI ғасырларда Оңтүстік Америкадағы Инктер империясын жаулап алған еуропалық қарақшы.
Писсаро.
- XV ғасырдың аяғында теңіз арқылы Африканы айналып Үндістанға алғаш рет барған португалдық саяхатшы.
Васко да Гама.
- Еуропадағы «Қайта өркендеу» мәдениетінің отаны:
Италия.
- Еуропадағы «Қайта өркендеу» мәдениетінің толық гүлдену деңгейіне жеткен кезең.
XV ғасырдың аяғы –XVI ғасыр.
- Орта ғасырдағы «Қайта өркендеу» кезеңіндегі Италияның басты мәдениет орталығының бірі:
Флоренция.
- XV-XVI ғасырларда өмір сүрген ұлы итальян суретшісі Леонардо да Винчидің әлемге әйгілі картинасы:
«Мона Лиза».
- Рим қаласындағы Әулие Петр соборын салуға басшылық жасаған қайта өркендеу дәуірінің ұлы суретшісі.
Рафаэль Санти.
- XV-XVI ғасырларда өмір сүрген, Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы, «Төрт салт атты» гравюраның авторы.
Дюрер Альбрехт.
- Испанияның ұлы гуманист жазушысы Мигель де Сервантестің әйгілі романы:
«Дон Кихот».
- Англияның ұлы жазушысы Уильям Шекспирдің жазған пьесаларының саны.
37.
- Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперниктің ашқан ірі ғылыми жаңалығы:
Жер және басқа планеталардың Күнді айналуын тапты.
- Итальян ғалымы Галилео Галилейдің 1609 жылғы жасаған ғылыми тәжірибесі.
Телескоппен Ай және басқа планеталарды бақылады.
- XIV ғасырда ерекше күшейе бастаған Орыс жеріндегі кінәздік:
Мәскеу.
- Орыс жеріндегі христиан шіркеуін Мәскеу шіркеуіне бағындырып, саяси ықпал жинай бастаған ұлы кінәз.
Иван Калита.
- 1382 жылы қанды жорық ұйымдастырып Мәскеу қаласын өртеп кеткен Алтын Орда ханы.
Тоқтамыс.
- 1380 жылғы Алтын орда ханы Мамай мен Мәскеу кінәзі Дмитрий Донскойдың арасындағы шайқас.
Куликово шайқасы.
- 1549 жылы қабылданған жаңа заңдар негізінде Ресейде бұрынғы боярлар думасының орнынан құрылған ұйым.
Зем соборы.
- XVII ғасырдың соңындағы Ресейдің жер көлемі.
5,4 млн. шаршы шақырым.
- 1654 жылы Ресейге қосылған өлке.
Украина.
- 1598 жылы таққа отырған, Ресейдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жағынан өрлеуіне көп ықпал еткен орыс патшасы.
Борис Годунов.
- 1612 жылы К.Минин және Д.Пожарский Мәскеу қаласын қорғап қалды:
Польша әскерлерінен.
- Ресейде Романовтар әулетінің билік құрған кезеңі.
1613-1917 жылдар.
- Ағылшын буржуазиялық революциясы басталған жыл.
1640 жыл.
- XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі себептері.
Стюарттар абсолютизмі мен ескі феодалдық тәртіптер.
- 1642 жылғы Англиядағы азамат соғысындағы қарама-қарсы екі топ.
Парламентті жақтаушылар мен феодалдық-абсолютизмді жақтаушылар.
- XVII ғасырдағы Англиядағы азамат соғысында парламент армиясына басшылық жасаған белгілі қолбасшы.
О.Кромвель.
- Ағылшын буржуазиялық революциясының сипатын өзгерткен оқиға.
Кромвель армиясының Ирландияға басып кіруі.
- 1688-1689 жылдардағы «Құқықтар туралы билль» бойынша Англия мемлекеті:
Парламенттік монархияға айналды.
- XVII ғасырда ағартушылық идеялар алғаш пайда болған Еуропа елі.
Англия.
- Еуропадағы ортағасырлық қоғамдық қатынастарды толығымен жойған, Қайта өрлеу мен Реформациядан кейінгі үшінші рухани төңкеріс:
Ағартушылық ғасыры.
- Ағартушылық дәуіріндегі табиғат адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деген көзқарастағы ағартушылар:
Материалистер.
- XVII ғасырдағы Солтүстік Америка жеріндегі ағылшын отарларының үш түрі.
Корольдік меншік, жеке меншік, қауымдық меншік.
- «Бостондағы шай ішу» деген атпен тарихта белгілі болған Бостон қаласы тұрғындарының ағылшын кемесіне шабуыл жасаған жылы:
1773 жыл.
- АҚШ-тың тәуелсіздігі ресми түрде мойындалған АҚШ пен Англия арасындағы қорытынды келісімшартқа қол қойылған жыл:
1783 жыл.
- 1788 жылы қабылданған конституция бойынша АҚШ-тың заң шығарушы органы:
Конгресс.
- 1791 жылғы АҚШ-тың Конституциясына енгізілген 10 түрлі өзгерістердің атауы:
Адам құқығы туралы билль.
- XVIII ғасырда әлемде революциялық жолмен құрылған жаңа замандағы тұңғыш демократиялық республика.
АҚШ.
- Францияда «Адам және азамат құқықтарының декларациясы» қабылданған уақыт.
1789 жыл 26-тамыз.
- 1703 жылы салына бастаған қала:
Санкт-Петербург.
- 1709 жылы 8 маусымда Ресейдің ұлы держава ретінде халықаралық беделінің өсуіне ықпал еткен, орыс әскерлерінің шведтерді жеңіліске ұшыратқан шайқас.
Полтава түбіндегі жеңіс.
- Ресейдің Ұлы императоры І Петрдің билік құрған мерзім:
36 жыл.
- 1711 жылы І Петрдің жарлығымен Боярлық думаның орнына құрылған басқару аппараты:
Сенат.
- Ресейде 1703 жылдан бастап шыға бастаған алғашқы газет.
«Ведомости».
- «Патша-ана» атанған императрица ІІ Екатеринаның Ресейде билік құрған жылдары.
1762-1796 жылдар.
- XVIII ғасырдың екінші жартысында Ұлы Моғол державасынан бөлінген Үндістанның Пенджаб өлкесіндегі мемлекет.
Сикха мемлекеті.
- XVIII ғасырда Үндістанды отарлау жолында бәсекеге түскен Еуропалық державалар:
Англия мен Франция.
- XVIII ғасырдың 70-жылдары Англияның Ост-Үнді компаниясы басып алған Үндістанның бай өлкесі.
Бенгалия.
- Англия өкіметінің Үндістанды басқаратын генерал-губернатор қызметін енгізген жыл.
1773 жыл.
- Үндістанды отарлаған ағылшындардың жергілікті халықтан жасақтаған еуропалық үлгідегі қарулы отряды:
Сипайлар.
- І Петрдің Азов бекінісін түріктерден тартып алған жылы.
1696 жыл.
- XVII ғасырдың ортасында Қытайды жаулап алған солтүстіктегі тайпа.
Маньчжурлар.
- XVII ғасырда маньчжурлар басып алған Қытай мемлекетінің ресми аты.
Цинь империясы.
- XVII-XIX ғасырларда Цинь империясында әлеуметтік жағынан көп артықшылықтарға ие болғандар:
Маньчжурлар.
- XVII-XVIII ғасырларды Цинь империясының ең алдымен жаулап алған елі.
Монғолия.
- XVIII ғасырларда Цинь империясы Шығыс Түркістан жерін бағындырғаннан кейін өлкеге берген атауы:
Синьцзян.
- Жоңғар хандығындағы ойрат тайпаларының құрамына кірген төрт руды көрсетіңіз:
Чорос, дербет, хошауыт, хойт.
- 1678 жылы Жоңғар қоңтайшысы Қалдан Бошоктың басып алған өлке.
Қашқар.
- Жоңғарияда билік үшін таласқан, кейіннен Цинь империясына қарсы шығып Қазақ Ордасының ханы Абылайдан пана іздеген хойт тайпасының көсемі.
Әмірсана.
- Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберген империя.
Цинь империясы.
- XVII ғасырдағы Жапониядағы ең ірі феодалдар.
Дайме.
- XVII-XIX ғасырлардағы Жапонияның сыртқы саясатындағы басты ерекшелік:
Сырт елдерден оқшаулану саясаты.
- Орта ғасырдағы Иран жеріндегі егіншілікпен айналысатын шаруалар.
Райяттар.
- XVII ғасырда араб елдерін бағыныштылықта ұстаған империя.
Осман империясы.
- ХІХ ғасырда Мысырды шетелдік басқыншылардан құтқарып, мықты мемлекетке айналдырған билеуші.
Мұхаммед Әли.
- XVII-XVIII ғасырларда еуропалықтардың араласуынан сақтану жолында сыртқы әлемнен қол үзіп, оқшауланған Азия елі.
Жапония.
- Орта ғасырда пайда болған еуроцентризм терминінің мәні.
Еуропаға табыну.
- XVII ғасырда теңізде, дүниежүзілік саудада өз үстемдіктерін орнату үшін бәсекелескен еуропалық екі мемлекет.
Англия мен Голландия.
- XVII ғасырда Үнді мұхиты арқылы сауда жүргізу және отарлар иелену үшін құрылған Ост-Үнді компаниясы мына мемлекетке тиесілі болды:
Англия.
- Англияның Үндістанды толық отарлауды аяқтаған уақыт.
XIX ғасырдың ортасы.
- Англияның отарлық үстемдік үшін күресін күшейткен XVII ғасырдың 40-жылдарындағы тарихи оқиға.
Буржуазиялық революцияның жеңісі.
- 1845 жылы Мексикадан бөлініп, өзі еркімен АҚШ-ң құрамына кірген штат.
Техас.
- XVII-XIX ғасырдағы Оңтүстік Америка жеріндегі Португалияның маңызды отары.
Бразилия.
- ХІХ ғасырдың І жартысындағы Венесуэладағы тәуелсіздік жолындағы күрестің басшысы.
Симон Боливар.
- Испания өзінің Латын Америкадағы барлық отарларынан толық айырылған жылы:
1826 жыл.
- Латын Америка ісіне еуропалық державалардың араласпауын еткен АҚШ президенті:
Дж.Монро.
- Барлық білім тәжірибеден жинақталып, соның негізінде ақыл-ойдың тәртіпке келтірілетіні жайлы пікір білдірген XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы.
Дж.Локк.
- Ағылшын философы Фрэнсис Беконның «Жаңа Атлантида» кітабындағы таңғажайып арал тұрғындары бақытының негізі.
Техникалық өнертабыстар.
- Өзінің «Табиғат философиясының математикалық принциптері» ғылыми еңбегі арқылы дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы.
И.Ньютон.
- ХІХ ғасырдың аяғына қарай Африкадағы Конго бассейінінің басым бөлігін бақылауда ұстаған Еуропа мемлекеті.
Бельгия.
- Англия мен Францияның арасында Африканы бөлісу туралы келісім жасалған жыл.
1899 жыл.
- 1882 жылы құрылған Үштік Одаққа кірген мемлекеттер:
Германия, Австро-Венгрия, Италия.
- 1907 жылы Англия, Франция және Ресей бірігіп құрған әскери-саяси одақ.
Антанта.
- Луи Пастердің әлемдік ғылымның құрамына енгізген жаңа ғылымы.
Микробиология.
- XVII-XVIII ғасырдағы Еуропа халықтары мәдениеті мен өнеріндегі бірін-бірі ауыстырып отырған үш көркем бағыт.
Классизм, романтизм, реализм.
- «Адамдар комедиясы» деп аталатын 96 роман мен повестерден тұратын сериялы туындының авторы, француз жазушы-реалист.
Оноре де Бальзак.
- Неміс ғалымы Роберт Майердің 1842 жылы ашқан заңы.
Энергияның сақталу және айналу заңы.
- Химияға атомдық салмақ туралы ұғымды енгізіп, алғаш рет химиялық формулаларды қолданған ағылшын ғалымы.
Джон Дальтон.
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың болған уақыты.
1914-1918 жылдар.
- Бірінші дүниежүзілік соғысты алғаш бастаған мемлекет:
Австро-Венгрия.
- 1916 жылғы ақпан айындағы Германия мен Францияның арасындағы қанды шайқас.
Верден қырғыны.
- 1916 жылғы Сомма шайқасында ағылшындар мен француздардың тарихта тұңғыш рет қолданған әскери техникасы:
Танк.
- АҚШ-ң бірінші дүниежүзілік соғысқа кіріскен уақыты.
1917 жылы 6-сәуір.
- Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны.
38.
- 1919 жылы 18 қаңтарда Париж қаласында шақырылған бітім конференциясында қаралған негізгі мәселе.
Германиямен бітім шартын дайындау.
- 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасының негізгі міндеті:
Халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Төмендегі мемлекеттердің ішінен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясына шақырылмаған мемлекетті көрсетіңіз:
Кеңестік Ресей.
- 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесі:
Монархия құлатылды.
- Австро-Венгриядағы демократиялық революция жүзеге асқан уақыт:
1918 жылы 31-қазан.
- Ұлыбританияның тұңғыш лейбористер партиясынан құрылған үкімет басшысы.
Р.Макдональд.
- Ұлыбритания Ирландияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады:
1921 жылы.
- Бірінші дүниежүзілік соғысты жеңіске жеткен Францияның Германиядан қайтарып алған өңірлер.
Эльзас, Лотарингия.
- Францияда коммунистік партия мен социалистік партияның біріккен Халықтық майданның құрылған жылы:
1934 жыл.
- Адольф Гитлердің Германияның үкімет басына келген жылы:
1933 жыл.
- 1923 жылы қазан айында Германияның Гамбург қаласында болған коммунистер көтерілісінің басшысы:
Э.Тельман.
- Еуропадағы фашистік ұйымдар алғаш пайда болған мемлекет:
Италия.
- Италиядағы фашистік ұйымның көсемі:
Б.Муссолини.
- Италия 1936 жылы басып алып, отарына айналдырған Африка елі:
Эфиопия.
- 1918 жылы 12-қарашада республика болып жарияланған еуропалық монархия:
Австрия.
- Польша тәуелсіздігін қайта орнату жолындағы поляк халқының 120-жылдық ұлт-азаттық күресінің аяқталған уақыты:
1918 жыл.
- 1935 жылы Болгарияда барлық билікті толығымен қолына шоғырландырған патша:
ІІІ Борис.
- 1932 жылғы президент сайлауында жеңіске жеткен, қатарынан төрт рет АҚШ президенті болған тұлға:
Ф.Рузвельт.
- АҚШ президенті Ф.Рузвельттің елді экономикалық дағдарыстан шығару жолында ұсынған бағдарламасының атауы:
Жаңа бағыт.
- Жапонияның 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкесінде құрған қуыршақ мемлекеті.
Маньчжоу-го.
- Жапонияның Ұлттар Лигасынан шыққан жылы:
1933 жыл.
- Жапонияның 1939 жылы Монғолияға жасаған басқыншылық шабуылының нәтижесі:
Жеңіліске ұшырады.
- Жапония, Германия, Италия біріккен «Үштік пакт» соғыс одағының құрылған жылы:
1940 жылы 27-қыркүйекте.
- 1921 жылы шілдеде Қытай коммунистік партиясының бірінші съезі шақырылған қала.
Шанхай.
- ХХ ғасырдың ортасындағы Қытайдың Гоминьдан партиясының белгілі көсемі:
Чан Кайши.
- 1921 жылғы Монғол халық революциясының көсемі, Монғол Халық партиясының ұйымдастырушысы:
Сухэ-Батор.
- Монғол Халық Республикасы құрылған жыл:
1924 жыл.
- ХХ ғасырға дейін Монғолия халқына ықпалын жүргізген будда дінінің тармағы:
Ламаизм.
- 1929-1934 жылдары Монғолияда жүргізілген экономикалық саясат:
Бай-феодалдардың дүние-мүлкін тәркілеу.
- 1917 жылдың басында Иран аумағын бөлісіп, басып алған елдер.
Ұлыбритания, Германия, Ресей.
- 1920 жылы 5-маусымда Иран жерінде құрылған республика:
Гилян Республикасы.
- Ауғанстанның тәуелсіз ел болып жарияланған жылы:
1919 жыл.
- 1918-1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Түркия Республикасының бірінші президенті.
Мұстафа Кемал.
- Түркияда монархия яғни сұлтан билігі жойылған жыл.
1922 жыл.
- 1923 жылы 29 қазан күні Түркия тарихында болған маңызды оқиға:
Түркия Республикасы жарияланды.
- Түркияның Ұлттар Лигасына мүшелікке өткен жыл:
1932 жыл.
- 1934 жылы Түркияның Ұлы халық жиналысының Мұстафа Кемалға берген фамилиясы:
Ататүрік.
- Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында еврей ұлтының өкілдерінің қоныстанған Оңтүстік-Батыс Азиядағы аймағы:
Палестина.
- ХХ ғасырдың басына дейін Осман империясының ықпалы сақталған Африкадағы араб елі:
Ливия.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар басталған Африкадағы араб елдері.
Египет, Марокко.
- 1924 жылы Франция мен Испанияның біріккен 300 мың әскері күшпен басқан ұлт-азаттық қозғалыс.
Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалыс.
- 1909-1910 жылдары Англия өзін-өзі билеу құқығын берген осы құрлықтағы бірінші доминионы:
Оңтүстік Африка Одағы.
- ХХ ғасырдың 20-30 жылдары дүние жүзін қайтадан бөліске салуды көздеген Азиядағы империалистік ел:
Жапония.
- 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония арасында құрылған әскери-саяси одақ.
Антикоминтерндік пакт.
- Антикоминтерндік «Берлин-Рим-Токио» басқынышылық блогы құрылды:
1937 жыл.
- 1938 жылы 30 қыркүйектегі Мюнхен келісімінде бөліске салынған ел:
Чехословакия.
- 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германияның арасында жасалған келісім.
Өзара шабуыл жасаспау.
- Екінші дүниежүзілік соғысты бастаған империалистік елдер:
Германия, Италия, Жапония.
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы:
Германияның Польшаға басып кіруі.
- 1939 жылы 30 қарашада Кеңес Одағы соғыс әрекетін бастаған ел:
Финляндия.
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Азат Франция» патриоттық қозғалысын басқарған белгілі француз мемлекеттік қайраткері:
Шарль де Голль.
- АҚШ Конгресінің «лендлиз» туралы заңын қабылдаған жыл:
1941 жыл.
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде толық бейтараптық саясат ұстанған Батыс Еуропадағы елдер:
Швеция, Швейцария, Ирландия.
- Ұлы Отан соғысында Гитлердің «Қауырт соғыс» жоспарын күйреткен шайқас:
Мәскеу түбіндегі шайқас.
- 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапон қарулы күштерінің тұтқиылдан шабуылдаған АҚШ-тың әскери базасы:
Перл-Харбор.
- 1945 ж. Потсдам конференциясына қатысқан елдер:
АҚШ, КСРО, Ұлыбритания.
- 1945 жылы АҚШ ұшақтары атом бомбасын тастаған Жапония қалалары:
Хиросима, Нагасаки.
- Екінші дүниежүзілік соғыс қай мемлекеттің жеңілуімен аяқталды?
Жапония.
- Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны.
61.
- 1945-1951 жылдары Ұлыбритания үкіметін басқарған лейбористік партия жетекшісі.
К.Эттли.
- Ұлыбританияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданған жыл.
1946 жыл.
- Маргарет Тэтчердің Ұлыбритания үкіметін басқарған уақыты.
1979-1990 жылдар.
- ХХ ғасырдың екінші жартыcында АҚШ-ң сыртқы саясатына үнемі қолдау көрсетіп келген Еуропа елі.
Ұлыбритания.
- 1997 жылы Қытайға қайтарылған Ұлыбританияның бұрынғы отары.
Гонконг.
- 1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Францияның мемлекеттік басқару формасы:
Парламенттік республика.
- Франциядағы Төртінші Республика кезеңі.
1946-1958 жылдар.
- 1960 жылы Франциядан тәуелсіздік алған отарларының саны.
14.
- Герман Федеративтік Республикасы құрылды:
1949 жылы 7 қыркүйек.
- Герман Демократиялық Республикасы құрылды:
1949 жылы 7 қазан.
- Герман Федеративтік Республикасында К.Аденауэрдың үкіметті басқарған уақыты.
1949-1963 жылдар.
- 1982-1998 жылдар аралығындағы Германия Федеративтік Республикасының үкімет басшысы.
Г.Коль.
624.Финляндияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өткен жыл:
1953 жыл.
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесті өткізуге зор үлес қосқан, ұйымдастырушылық міндетін мойнына алған Еуропа мемлекеті:
Финляндия.
- 1995 жылы Еуропа Одағына толық мүшелікке өткен Скандинавия елдері:
Швеция, Финляндия.
- 1947-1948 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде билікке КСРО-ның қолдауымен билікке келгендер:
Коммунистер.
- 1968 жылғы Чехословакиядағы коммунистік билік жүйесіне қарсы шыққан қозғалыстың аты:
«Прага көктемі».
- ХХ ғасырдың 80-90 жылдары ірі саяси өзгерістер нәтижесінде Болгарияда билікке келген:
Желе Желев.
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемнің әр түрлі елдерінде жайғасқан АҚШ соғыс базаларының саны.
500-н астам.
- 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген АҚШ президенті.
Г.Трумэн.
- АҚШ-та 1947 жылы қабылданған кәсіподақ құқығын шектеу, ереуіл ұйымдастырудағы кәсіподақ қызметі туралы заң:
Тафт-Хартли.
- 1963 жылы 22 қарашада қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті:
Дж.Кеннеди.
- ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы АҚШ-ғы нәсілшілдікке қарсы күрестің көшбасшысы, қара түсті халықтың өкілі:
Мартин Лютер Кинг.
- 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси жағдай:
«Уотергейт» жанжалы.
- Жылнамашылар деп кімдерді атаған?
Жыл сайын елде болып жатқан оқиғаларды жазып отыратын адамды.
- Жалпы тарих қанша кезеңдерге бөлінеді?
Төрт
- Ежелгі дүние тарихы қай ғасырға дейін жалғасты?
Vғасырға дейін
- Орта ғасырлар тарихының датасы:
V-ХVII ғасырлар
- Жаңа заман тарихының датасы:
ХVII-ХIХ ғасырлар
- Қазіргі заман тарихы басталатын уақыт:
ХХ ғасырдан бастап.
- Жаңа заман тарихы дәуіріндегі шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесі:
Капитализм.
- Қазақстан жерінде қатар дамыған өркениеттер:
Отырықшылар және көшпелілер өркениеті.
- Ежелгі дүние тарихының кезеңдерді:
Адамдардың пайда болуынан бастап орта ғасырға дейін.
- Ең ұзақ кезеңді қамтитың тарихи уақыт:
Ежелгі дүние тарихы.
- Ежелгі дүние тарихы қанша уақытқа созылды?
2 миллион жылдай
- Алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттер пайда болған өңірлер:
Азия мен Солтүстік Африка
- Адамзат қоғамы тарихының бірінші дәуірі басталатын кезең:
Алғашқы қауымдық қоғам тарихы мен ежелгі дүние тарихынан.
- Тарихи деректер қандай екі топқа бөлінеді?
Заттай деректер,жазба деректер.
- Археология дегеніміз:
Тарихты заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.
- Археологтар адамзат дамуын 3 дәуірге бөлген, олар:
Тас, қола,темір дәуірі.
- Ежелгі адамдардың шаруашылығының деңгейін, түрін былай анықтаған:
Еңбек құралдарына қарап.
- Этнография дегеніміз:
Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасын зерттейтін ғылым.
- Асар дегеніміз:
Бір отбасы шамасы келмейтін жұмысқа адамдардың ақысыз-пұлсыз көмектесуі.
- Самарқанның көк тасы жібіген күн деп дәріптейтін уақыт:
22-наурыз.
- Ру дегеніміз:
Бір анадан немесе бір атадан таралған ұрпақтардың бірлесіп өмір сүруі.
- Ұлттың ең басты маңызды белгісі:
Өзінің тілі болуы.
- Жер шарын мекендейтін халықтар топтасатын нәсілдер:
Негроидтар,монголоидтар,еуропоидтар.
- Африкадағы Сахара жартастарындағы суреттер салына бастаған мыңжылдық:
Б.з.б. VIII мыңжылдықтан.
- «Күлтегін ескерткішіндегі» үлкен жазу қанша жолдан тұрады?
40
- Хаммурапи заңы қанша баптан тұрады?
282
- ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:
Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану
- Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:
Франсуа Мари Аруэ
- Атеистер – …………..
Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар
- Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:
Жан Мелье