- «Авеста» шығармасында уағыздалатын діни ілім:
Заратуштралық.
- Заратуштра дініндегі қайырымдылық құдайы:
Ахура Мазда.
- Заратуштра дінінде өлген адамның денесін:
Жабайы құстарға тастады.
- І Дарий кезінде парсылар сыйына бастаған құдай:
Ахурамазда.
- Ежелгі Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына себеп болған бағалы тас:
Лазурит.
- Бактрия мемлекетінің астанасы:
Бактр.
- Азияның орталық бөлігінде қалыптасқан, ежелгі дүниедегі көшпелілер құрған ірі мемлекеттің бірі:
Кушан мемлекеті.
- Парфия патшалығын құрған Адам:
Арсак.
- Б.з.д. 53 жылы Қосөзен атырабында римдіктерді талқандағандар:
Парфиялықтар.
- Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында Үндістан жеріне солтүстіктен келіп қоныстанған көшпелі тайпа:
Арийлер.
- Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін құруды жүзеге асырған патша:
Ашок.
- Ежелгі Үндістандағы брахмандар – ол:
Абыздар.
- Ежелгі Үндістанның «Рамаяна» дастанында суреттелген, үнділіктер табынатын қасиетті маймыл.
Хануман.
- Ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет-ғұрыптары жайында мәлімет беретін тарихи шығарма.
«Ману заңдары».
- Будда дінінің негізін қалаушы.
Сиддхардћа.
- Буддизм дініндегі нирвана – ол:
Рахат өмір.
- Ұлы Қытай қорғанын салдырған патша.
Цинь Ши Хуанди.
- «Сары орамалдылар» көтерілісі созылды:
20 жылға.
- Қытайлар өндіру тәсілін біраз уақытқа дейін құпия сақтаған тауар.
Жібек.
- Қытайда қағазға жазу қалыптасты:
Б.з.д. ІІ ғасырда.
- Әлемде компасты алғаш ойлап тапқандар.
Қытайлар.
- Ежелгі Грекиядағы полистер – ол:
Қала-мемлекеттер.
- Афины мемлекетінің құрамына кірген қалалар саны.
12.
- Ежелгі Грекиядағы демостар – ол:
Қарапайым халық.
- Архонт Солонның заңдары негізінде Ежелгі Афиныда пайда болды:
Демократия.
- Ежелгі Афиныдағы жоғары өкімет билігі:
Халық жиналысы.
- Афины қала мемлекетінің Эллададағы бай және қуатты мемлекетке айналған уақыт:
Б.з.д.V ғасырдың ортасы.
- Б.з.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген, Афины демосының көсемі, Афины мемлекетінің өрлеуіне ықпал еткен қайраткер.
Перикл.
- Б.з.д. IV ғасырда Грекияға қауіп төндірген Балкан түбегіндегі ел.
Македония.
- Афинылықтардың Македонияға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресін басқарған қайраткер.
Демосфен.
- Македония мен гректердың арасында ең ірі Херонея соғысы өткен жыл.
Б.з.д. 338 жыл.
- Ежелгі Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне жасалған мереке.
Егіншілер мерекесі.
- Олимпия ойындары кезінде бүкіл Грекияда тыйым салынды:
Соғысқа.
- Ежелгі Грекияда тұңғыш Олимпия ойындары өткен жыл.
Б.з.д 776 жыл.
- Ежелгі грек жазушысы Эсхилдің ірі трагедиялық шығармаларының бірі көрсет.
«Бұғауланған Прометей».
- Ежелгі гректердің наным-сеніміндегі өздері табынған құдайлардың саны.
40-ға жуық.
- Ежелгі гректердің нанымындағы ағайынды үш құдай.
Зевс, Посейдон, Аид.
- Ежелгі гректер нанымындағы сұлулық пен махаббат құдайы.
Афродита.
- Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің барынша қарқынды дамыған уақыты.
Б.з.д. V ғасыр.
- Грекиядағы әлемнің жеті кереметінің бірі, мүсінші Фидийдің туындысы:
Зевс мүсіні.
- Ежелгі Грекиядағы балаларды он сегіз жастан бастап оқытатын, жан-жақты ғылым, біліммен сусындататын оқу орнының атауы.
Гимнасия.
- «Илиада» және «Одиссея» поэмаларының авторы:
Гомер.
- Атақты ғалым Гиппократтың ғылыми еңбектерінің саны.
60-ға жуық.
- «Тарихтың атасы» атанған ежелгі грек тарихшысы.
Геродот.
- Ежелгі грек философы Демокриттің әлемде тұңғыш рет жасаған ғылыми тұжырымдамасы.
Атом қозғалысы жайлы.
- Ежелгі театр отаны.
Грекия.
- Македония патшасы ІІ Филипптің б.з.д. 356 жылы жүзеге асырған ірі реформасы:
Ақша реформасы.
- Александр Македонскийдің қайраткерлік жолына түсуіне ықпал еткен, ғылымның көптеген салаларымен сусындатқан грек ойшылы.
Аристотель.
- Александр Македонискийдің соғыссыз бағындырған мемлекеті:
Египет.
- Александр Македонский әскерінің Кіші Азияға басып кірген жылы:
Б.з.д. 334 жыл.
- Б.з.б. 325 ж. Александр Македонский құрған империяның астанасы:
Вавилон.
- Ежелгі Рим мемлекеті орналасқан Еуропадағы түбек.
Апеннин түбегі.
- Ежелгі Рим республикасының саяси-басқару сипаты.
Аристократиялық.
- Римдіктер мен Карфагендіктердің арасындағы соғыстың атауы.
Пуни соғысы.
- Үшінші пуни соғысында Рим әскерлерінің Карфаген қаласын толықтай жаулап алған жылы.
Б.з.д. 146 жыл.
- Спартак бастаған құлдар көтерілісі басталған жыл.
Б.з.д. 74 жыл.
- Ежелгі Рим шешені Цицеронның ғылыми трактаттарының саны.
800-н астам.
- Ежелгі Римдегі «барлық құдайлардың ғибадатханасы» деп аталатын храмның аты:
Пантеон.
- Христиан дінінің өрлей түсуіне ықпал жасаған, храмдар салуға рұқсат еткен Рим императоры:
Константин.
- Мемлекетті дара басқарған Римнің алғашқы императоры:
Октавиан.
- Рим империясының екіге бөлінген жылы:
395 жыл.
- Ғұндардың Рим империясына бағытталған жорығын басқарған ғұн көсемі:
Еділ.
- 455 жылы Рим қаласын жаулап алған еуропалық тайпа:
Вандал.
- IV ғасырдағы Рим империясының әлсірей бастауының негізгі себептерінің бірі.
Құлдар еңбегінің тиімсіздігі.
- V ғасырда Рим империясы арқылы Солтүстік Африка жеріне өткен герман тайпасы.
Вандалдар.
- V ғасырда ғұндардың ығыстыруымен Галлия жеріне барып өзі мемлекетін құрған герман тайпасы.
Франктер.
- Батыс Рим империясындағы ірі көтеріліс болған, тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп аталған уақыт.
476 жыл.
- Франктердің қылмыстық заңындағы қылмыскерге қолданылатын негізгі жазаның түрі.
Ақшалай айып төлеу.
- Франктер империясында жаңа қоғамдық құрылыс – феодализмнің қалыптаса бастауының көрінісі
Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіруі.
- Франктер билеушісі Қортық Пипин билікке жету жолында арқа сүйеді:
Рим папасына.
- Франктер билеушісі Пипиннің Рим папасына берген сыйлығының «жұрнағы» болып табылады:
Ватикан.
- 768-814 жылдар аралығында франктер империясында билік жүргізген атақты король.
Ұлы Карл.
- Ұлы Карлдің Франк империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер:
Франция, Германия, Италия.
- Ұлы Карл империясы кезінде кітап жазу үшін пайдаланған зат:
Пергамент.
- Рим имериясының ресми түрде Шығыс және Батыс империя болып екіге бөлінген жылы:
395 жыл.
- Шығыс Рим империясының тарихтағы атауы:
Византия империясы.
- 552-537 жылдары Византия имераторы Юстинианның Константинопольде салдырған храмы:
Әулие София храмы.
- Ерте орта ғасырдағы Еуропадағы «Азаматтық құқықтар жинағы» атты заңдық құжат:
Византиялық заң.
- VII ғасырдың 70-жылдарында Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті.
Болгария патшалығы.
- Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
570-632 жылдар.
- Ислам діні жолында Мекке қаласында өзіне қолдау таппаған Мұхаммед пайғамбардың барып паналаған араб қаласы.
Медине.
- Мұхаммед пайғамбардың құрған араб мемлекеті:
Араб халифаты деп аталды.
- VIII ғасырда арабтар жаулап алған Еуропадағы ел.
Испания.
- Араб халифатының құрамынан бөлініп шыққан Еуропадағы ірі халифат.
Кордова халифаты.
- Араб халқының көпшілік бөлігі ислам дііні қабылдаған жыл.
630 жыл.
- Аса ірі кітапханасы бар Араб халифатының ірі қаласы.
Бағдад.
- Ислам діні негізінде арабтар бейнелеу өнерінде тыйым салды:
Адам және жануар кейпін бейнелеуге.
- Еуропалықтар XVIII ғасырға дейін пайдаланған Ибн Синаның ғылыми еңбектері.
Медицина жөнінде.
- Отыз томдық «Замана тарихы» атты тарихи-географиялық энциклопедияның авторы, ортағасырлық араб тарихшысы.
әл-Масуди.
- V-VII ғасырлар аралығында қазіргі Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан және Шығыс Түркістан жерлерінде өмір сүрген ірі тайпалық бірлестік.
Эфталит тайпалық бірлестігі.
- V ғасырда эфталит тайпалары өз мемлекетін құрған аймақ:
Ауғанстанда.
- Эфталит мемлекетінің астанасы болған қала:
Бадиян.
- Эфталит дәуірінен сақталған жазба деректердің көпшілігі мына тілде жазылды:
Шығыс Иран тілі.
- Эфталиттердің жергілікті тайпалармен бірігуі нәтижесінде пайда болған халық:
Ауғандар.
- Эфталиттердің ежелгі мәдениет ескерткіштерінің орталығы болған қала:
Герат.
- Эфталит мемлекетінің құлауына себеп болған мемлекеттер:
Түрік қағанаты мен Иран.
- Батыс славяндардың құрамына кіретін тайпалар:
Поляктар, чехтар, словактар.
- ІХ ғасырда құрылған тұңғыш Батыс славян мемлекеті:
Ұлы Морав мемлекеті.
- 681 жылы Балкан түбегінде Аспарух ханның басшылығымен құрылған славян мемлекеті.
Болгар мемлекеті.
- ХІ ғасырда жаңадан құрылған Орыс мемлекетінің гүлденіп, дамуына жағдай жасаған ұлы кінәз.
Ярослав Мудрый.
- 988 жылы Киев Русінде болған маңызды тарихи оқиға.
Христиан дінін қабылдауы.
- Киев Русінің славян алфавиті – кириллицаны қабылдаған ғасыры:
IX ғ.
- 1185 жылы жазылған Киев Русінің әдеби мұрасы болып табылатын тарихи шығарма:
«Игорь жорығы туралы жыр».
- Ерте орта ғасырда феодалдардың жерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық:
Поместье.
- Феодалдардың атақ-лауазымы бойынша топқа бөліну ерекшелігі:
Феодалдық саты.
- Әскери іспен айналысатын феодалдар:
Рыцарлар.
- «Барщина» дегеніміз:
Еңбекпен өтеу.
- 1302 жылы Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы.
Бас штаттар.
- Орта ғасырдағы Франция королінің иелігі:
Домен.
- XIV ғасырдағы Англия мен Франция арасында болған жүз жылдық соғыс өткен жылдар.
1337-1453 жылдар.
- 1358 ж. Жакерия көтерілісінде шаруалар отрядының басшысы:
Гильом Каль.
- Жүзжылдық соғыста Пуатье қаласының түбінде француз армиясының ағылшындардан жеңілген жылы:
1356 жыл.
- Францияда сословиелік монархия — орталықтанған мемлекеттің пайда болған уақыты.
XV ғасырдың аяғы.
- 1429 жылы Жанна д Арктың ағылшындардан азат еткен француз қаласы.
Орлеан.
- Ағылшын шіркеу сотының Жанна д’ Аркке таққан айыбы:
Сиқырлық жасады.
- 1453 жылғы жүзжылдық соғыста француздардың пайдасына шешілген шайқас:
Бордо шайқасы.
- Францияны біріктіру аяқталды:
ХІ Людовиктің тұсында.
- ХІ ғасырда Британ аралдарын жаулап алған Нормандия герцогі.
Вильгельм.
- Англияда әскери қызмет атқарғысы келмеген феодалдарға ІІ Генрихтың енгізген салығы.
Қалқандық ақша.
- Англиядағы алқызыл раушандар мен ақ раушандар соғысы өткен жылдар.
1455-1485 жылдар.
- XIV ғасырдағы Англия парламентіндегі екі палата.
Лордтар, қауымдар палатасы.
- ХІІІ ғасырда құрылған Англия парламентінің лордтар палатасына сайланбаған феодалдар тобы:
Рыцарьлар.
- Х-ХІ ғасырларда «Қасиетті Рим империясы» деп аталған корольдік:
Германия корольдігі.
- 1237 жылы Герман рыцарьлары құрған одақ.
Тевтон ордені.
- Х-ХІ ғасырларда Германияда қалалардың пайда болып, өсе бастауына ықпал еткен еңбек бөлінісі.
Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі.
- XV аяғы – XVI ғасырдың бас кезінде Германияда ықпалы күшейген шіркеу.
Католиктік.
- Орта ғасырдағы Испаниядағы реконкиста – ол:
Арабтарға қарсы күрес.
- 726 жылы Испания жерінде арабтар құрған әмірлік:
Кордова әмірлігі.
- Орта ғасырларда арабтардан азат етілген Пиреней түбегінде құрылған корольдіктер:
Испания және Португалия корольдігі.
- 1492 жылы Пиреней түбегінен қуылған халықтар:
Еврейлер.
- Ортағасырлардағы Италия жерінде тәуелсіздікке қол жеткізген қала-мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы.
Венеция.
- XVI ғасырда Венеция қала-мемлекетінің саяси-экономикалық жағынан құлдырауына себеп болған соғыс.
Түріктермен болған соғыс.
- XIV ғасырда дүние жүзіндегі тұңғыш мануфактура ашылған Италияның ірі қаласы.
Флоренция.
- Орта ғасырда Еуропадан Шығысқа баратын ірі сауда жолдарына иелік етті:
Венеция, Генуя көпестері.
- Еуропада тұңғыш жоғары мектептер – университеттер пайда болды:
ХІІ ғасырда.
- Орта ғасырларда Еуропадағы құрылған алғашқы университеттерде оқу … тілінде жүргізілді.
Латын тілі.
- Орта ғасырда Италияда жұмыс істеген белгілі университет.
Болонье университеті.
- ХІІ ғасырда Францияда жазылып, халықтың арасына кең тараған рыцарлық дастан.
«Роланд туралы жыр».
- ХІ-ХІІ ғасырларда Еуропада құрылыс салуда кеңінен қолданылған Ежелгі Рим сәулет өнерінің үлгісі.
Романдық.
- Дамыған орта ғасырларда Еуропадағы бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін көрсетіңіз.
Кітап миниатюрасы.
- ХІІ ғасырда көшпелі қыпшақтардан Русьты отыз жылдай уақыт қорғаған ұлы кінәз:
Владимир Мономах.
- 1072 жылы Киевте жасалған кінәздық заң:
«Русская правда».
- Шығыс Рим империясындағы патриарх басқарған шіркеудің аты:
Православиелік.
- 1095 жылы Клермон қаласындағы жиында папаның халыққа жасаған үндеуінде мұсылмандардан азат етуілуі керек болған қала.
Иерусалим.
- Орта ғасырдағы жапон қоғамының ең ірі феодалдары:
Дайме.
- Жапон феодалдық қоғамының негізгі әскери тобы.
Самурай.
- Орта ғасырлардағы Жапонияның астанасы.
Киото.
- XVI ғасырдың соңында Жапонияда қалыптаса бастаған капитализмнің белгілерінің бірі:
Сауда буржуазиясы.
- 1603 жылы Жапонияны біріктіруді аяқтап сегун атағын алған билеуші.
Токугава.
- Орта ғасырда Қытайда 618-907 жылдары билік жүргізген әулет.
Тан әулеті.
- 768-824 жылдары өмір сүрген, будда дінін сынап еңбек жазған қытай жазушысы.
Хань Юй.
- 1206 жылы Айбек сұлтанның басшылығымен құрылған Солтүстік Үндістандағы мемлекет.
Дели сұлтандығы.
- Орта ғасырдағы Үндістан халықтарының арасындағы негізгі ерекшелікті көрсетіңіз:
Халықтың кастаға бөлінуі.
- Үндістан халықтарының діни түсінігіндегі дүниені жаратушы:
Брахма.
- ХІ ғасырда құрылған Осман империясының түп негізі болған түрік тайпалары.
Оғыз-селжұқтар.
- Византия мемлекетінің астанасы Константинопольды басып алған түрік сұлтаны.
ІІ Мехмед.
- Түріктердің қарамағына өткен Балкан түбегіндегі жерлердің әкімшілік-басқару жағынан бөлінуі.
Санжақ.
- Осман империясындағы христиан дініндегі балаларды тәрбиелеп-үйрету арқылы жасақталатын әскери құрама.
Янычар.
- Орта ғасырдағы Осман империясының езгісіне қарсы шыққан болгар және серб партизандары өздерін:
Гайдуктер деп атады.
- 1513 жылы дүние жүзінің картасын, 1523 жылы «Бахрийе» атты теңіз атласын жасаған түрік географы.
Пири Реис.
- ХІІІ ғасырда Орта Азия жеріндегі Хорезм мемлекетінің жойылуын тездеткен жағдай.
Монғол шапқыншылығы.
- 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халық көтерілісі болған Орта Азия қаласы:
Самарқанд.