Графиканың даму заңдарын анықтай отырып, палеография ең алдымен қолжазбаны дұрыс оқуға және алғаш қарағанда оқуға қиын болып көрінетіндей жерлерді ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл үшін қолжазбаны оқығанда графика туралы жоғарыда келтірілген материалға сүйенген жөн. Сонымен бірге жеке палеографиялық белгілер мен олардың жиынтығы тек филологиялық қана емес, сонымен бірге тарихи көзқарас тұрғысынан да маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың бірі документтің шығу уақыты туралы мәселе болып табылады. Тарихшы үшін бұл өзінен өзі ғана маңызды емес, сондай-ақ бұл документте оқиғалар мезгілі белгіленгендіктен де маңызды болып шығады.
Түп деректің пайда болған уақытын оның графикасы әрдайым онша дәл керсете бермейді. Бұл бұрын қолжазба пайда бола алмайтын межені анықтай алады. Синодаль харатейск тізімі бойынша Новгородтың, бірінші жылнамасының жазуын зерттеу негізінде Б.М.Ляпунов пен А. Н. Насонов оның бірінші бөлімі XIII ғасырда, ал екіншісі XIV ғасырдың бірінші жартысында жазылған деген қорытындыға келді.
Осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен пергаменттің жасалған уақытын анықтау қиын емес, өйткені әдетте, ол жатып қалмаған да, шығарылған бойда пайдаланылған, сондықтан осы жолмен де оның шыққан уакытын білуге болады.
Қағазда жазылған текстер судағы таңбалар бойынша неғүрлым дәл даталанады. Бұл үшін даталанбаған қолжазбалардың судағы таңбаларын уақыты дәл керсетілген жоғарыда аталған альбомдардың судағы таңбаларымен салыстыру керек. Осындай жолмен бізге дейін жеткен бірден-бір даталанбаған, филигрань сфералы 1447 жылғы Судебник тізімі ХV ғасырда — XVI ғасыр басында жасалған қағазға жазылғандығы анықталып, отыр.
СССР Ғылым академиясы Тарих институтының Ленинград бөлімшесінің архивінде сақталып отырған 1550 жылғы Судебник
тізімі кеме мен сфераны сызық кесіп өткен бір ұшында лилия, ал
екінші ұшында жүрек бейнеленген филиграньға қарағанда XVI
ғасырдың 60-жылдарының қағазында жасалған. Мемлекеттік
тарихи музейдегі «Сказания о князьях владимирских» тізімі құмыра түріндегі судағы таңбасы бар қағазға жазылған. Бұл да
XVI ғасырға тән болып келеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
Филиграньдардың көмегімен қолжазбаның бұрын пайда болуы мүмкін емес датасын анықтау онша қиынға түспейтінін ескеру керек. Бірақ әлденеше он жылдар бойы қолданылмай жатып қалған қағазға түсірілу мүмкіндігі жокқа шығарылмайды. Алайда зерттеушілер қағазды жасап шығару мен оны «іске жұмсаудың» арасындағы ең көп тараған интервалды табуға мүмкіндік алды. Осы мақсатты көздеп, филиграньдары бар қолжазбалардағы барлық даталар ескерілді. Қағаз құйылып шыққаннан кейін негізінен 2—5 жылда пайдаланылған болып шықты және кей жағдайда ғана 6 жылдан астам жатып қалғандары болған.
Автордың қолымен түгелдей жазылған және оның жеке өзінің түзетулері мен қосымшаларының ізі бар түп қолжазба сақталған жағдайларда ғана оның пайда болған жері мен авторының аты-жөнін анықтауға мүмкіндік болады. Ленинград Мемлекеттік көпшілік кітапханасында «Служебная чертежная книга» сақталған. Оның бас тақырыбында мұны XVII ғасырдың екінші жартысының әйгілі Сибирь картографы Семен Ремезов пен оның ұлдары жасағандығы керсетілген. Кітапта орналастырылған чертеждер және оның үстіндегі жазулар үш түрлі болып келеді. А.И.Андреев бұлар Семен Ремезовтың өзі мен оның ұлдарының үлкендері Леонтий мен Семенге тиісті екендігін анықтаған.
Қол жазуына қарай қолжазбалардың кімдікі екендігін анықтай отырып, өте сақ болу қажет. Документті басқа бір кісі сақталмаған түп нұсқадан көшіруі немесе айтып жаздыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда авторын анықтау үшін қол жазу түкке тұрмай қалады. Түп нұсқа сақталғанмен қол жазу әр түрлі болып шығатын жайттар да кездеседі. Мұнда текстің мазмұны мен тарихына сүйене отырып, ненің авторға, ненің канцелярист көшірмеге тиісті екендігін анықтаған жөн.
1666—1667 жылдарға қатысты Посольдық приказ қағаздарының арасында «Извещение истинное с началу войны о Киеве с Украиной и царства Московского с королевством Польским миру быти крепко» деген документ бар. Мұның авторы аталмаған. Бірақ барлық сақталған төрт тізімді зерттегенде бұларда негізгі тексті бір қол жазумен, ал барлық түзетулер мен қосымшалар басқа бір адамның қол жазуымен жасалғандығы анықталды. Бірінші қол жазу аркылы бір тізімнен екінші тізімге екінші бір адам жасаған барлық түзетулер қалай болса солай көшірілгендіктен, әрі бұл түзетулер мен қосымшалар елеулі болғандықтан, ғалымдар документтің шын авторы—көшіріліп жазылған канцеляр тексті алған және тізімнен тізімге үнемі түзету енгізіп отырған адам деп саналуы жөн деген қорытындыға келді. Бұл қол жазу Ордин-Нащекинге тиісті еді. Оны осы документтің авторы деп есептеу керек болды.
Палеографиялық деректер тарихи материалдардың арасында жиі кездесетін подделкаларды табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен зерттеуші, ең алдымен документтің қандай материалға және немен жазылғанын зерттеуге тиіс. Егер де қолжазба төл тума саналса, бірақ бұл әлі қолданыла қоймаған материалда (пергамент, қағаз) немесе филиграньдеріне қарағанда қолжазба даталанған уақыттан гөрі кейінірек пайда болған қағазда жазылған болса, мұны подлог (жалған) деп санаған жөн.
ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген, қолжазбалардың әйгілі фальсификаторы антиквар А.И.Бардин XIV ғасырдың аяғында жасалды мыс делінген документтер подделкасын пергаментте жасап шығарды. Осы іспетті шынайы қолжазбалар мөлдірлеу келген, әр жері шіріп кеткен және тесіктері бар қоңырқай сарғыштау болып келеді. Қолында осындай материалы болмағандықтан Бардин неғұрлым кейініректегі пергаментті өңдеу жолымен, ескірген түрге келтіреді. Сөйтіп, бұл негізінен оның қолынан келгенімен түптерінде қалайда өңделмеген жерлер қалып койған, осыған қарап оның подделка екендігі аныкталды.
Алайда подделка үшін жасалу уақытына сай материал тауып алынуы мүмкін. Онда подделканы табу үшін документ графикасы көмектеседі. Қандай да болсын фальсификатордың жұмысында ең алдымен графика туралы оның үғымы өзі өмір сүріп отырған уақытқа сай келуі себебінен онда қателіктер болады. Оның үстіне палеография саласындағы оның танымы әдетте шектеулі болып келеді. Көбіне фальсификаторлар өздерінің подделкаларын жатқызатын заманның жазуының сипаты туралы жалпы түсініктің ғана болуы жеткілікті деп санайды. Тіпті бұлардың арасындағы ең маманданғаны жоғарыда көрсетілген А.И.Бардин XI—XIV ғасырлар қолжазбаларын өңін айналдыра отырып, ол кезде устав жазуы қолданылғандығын жалпы түрде ғана білді. Бірақ оған, палсографтар XIX ғасырдың екінші жартысында ғана анықтаған бұл жазудың кезеңдеріне қарай айырмашылығы бар екендігі мәлім емес еді. Ол XIV ғасырдың аяғында жартылай уставтың пайда болғандығын да білмеді. Ал кейбір жағдайларда XIV ғасырдан да ертедегі колжазбаға ол, кейініректе анықталғанындай, жедел жазуға ғана тән сызықтарды пайдаланды.
Шынайы қолжазбаны өшіріп қыру жолымен жасалған басқа да подделкалар мәлім. Бұлар қолжазба жазылған фактураның өзін мұқият зерттеудің негізінде анықталады. XIX ғасырдын өзінде-ақ мұндай жұмыс өзінің жемісін берді. Бірақ криминалистік ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, қазіргі ғалымдар едәуір алға кетті.