- Дін ерекшеліктері.
- Ватикан. Шікеу жүйесі.
- Ресейдегі католицизм.
- Католиктік шіркеудің қоғамдағы мәселелері.
Католицизм. Рим-католик шіркеуі Батыс Европада XVI ғасырға дейін айырықша үстемлік етті.
Католик шіркеуінің басшысы – Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны – конклав сайлады. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық қатынас жасайды. Өткен ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католицизмнің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.
Бірақ, католицизмнің ең басты айырмасы – Қасиетті Рухтың Әке – Құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве – сөзбе-сөз-ұлынан да) туралы түсінік. Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол сияқты католиктер Көне Өсиеттің көптеген кітаптарын бұлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды. Яғни, Інжілдің редакциясы православиеден гөрі өзгеше.
Аса маңызды догмат – “шамадан артық қажет істер” туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстіне осы “жақсылықтарды” өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды. Бірақ таубаға келу күнәдан біржола арылта алмайтындықтан игі істердің қажеттен артықтығы теориясына индульгенция беру тәртібі орнықты. Индульгенция латын тілінде қайырымдылық деген сөз. Индульгенция немесе Папаның арнаулы грамотасы осыған дейін жасаған және болашақта жасауы мүмкін күнаға да кешірім береді.
Табыныушылардың мақсаты – діншілдердің сана- сезіміне әсер ету. Сондықтан христиан діні басқа діндер сияқты табыну салттарына көп көңіл бөледі. Оның әдеп ғұрыптары “Жеті құпия сыр” деген атпен белгілі. (шоқыну, хош иісті май жағу, жалбарыну, құдаймен қатысу, некелесу, қол қусырып мінәжәт ету және шырша майымен тазарту.)
Шоқындыру — құпия сырлардың бріншісі. Дін иелері бұл ғұрыпты адамның болашақ қасиетті рухани өтуінің салтанатты кезеңі дейді. Тек христиан дініне тән деп уағыздайды. Шын мәнісінде шоқындыру ғұрпының ертедегі магиялық сиқырлық сенімдерден алғанын көреміз.Судың тазартқыштық қасиетіне сенуХристиан дінінен кейіннен енген.
Ватикан(Латынша: Status Civitatis Vaticanæ) Еуропада орналысқан ел. Ватикан — бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел.Рим католик шркеуінің орталығы болып табылады.
Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті –католик шіркеуінің орталығы,Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері:латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялы монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).
Қайталау сұрақтары
- Католиктік діннің ерекшеліктері қандай?
- Папа қашан және қалай пайда болды?
- Католиктік және православиелік шіркеулердің айырмашылықтары қандай?
- Инквизиция деген не?
- Католиктік шіркеуде ең танымал ордендар?
- Бейбітшілік және соғыс мәселесін католиктік шіркеу қалай қарастырады?
Әдебиеттер:
Арну А. История инквизиции. СПб,1995.
Боргош Ю. Фома Аквинский. М.,1975.
Гергей Е. История папства. М.,1996.
Григулевич И.Р. Папство: век XX.М., 1978.
Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке.М., 1980.
Иоанн Павел II. Единство в многообразии: Размышления о Востоке и Западе. М.,1993.
Казакова А. Второй Ватиканский собор. М.,1973.
Ковальский Я.В. Папы и папство. М.,1986 .
Красиков А.А. Ватикан: история современности. М.,1991.