- X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет:
Чех мемлекеті
- Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі:
үш топқа
- Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі:
X ғасыр
- Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы:
988 жыл
- Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз:
Ярослав Мудрый
- Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:
«Ұзақ парламенттің» шақырылуы
- Секуляризация дегеніміз…………….
Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы
- ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны:
Англия
- Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды
- ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:
Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер
- Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай:
Ұлы Географиялық ашулар
- Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:
Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды
- Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар:
Пуритандар
- Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы:
Парламенттік монархия
- 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:
Шотландиямен соғыстың басталуы
- 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:
Жердің қоғамдастырылуын
- 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні:
Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды
- 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі:
- B) Парламентті монархия
- ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:
Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану
- Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:
Франсуа Мари Аруэ
- Атеистер – …………..
- E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар
- Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:
- C) Жан Мелье
- Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:
Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады
- ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:
Ағартушылар
- Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:
Виргиния
- Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
1775-1783 ж.
- Отары бар мемлекет:
Метрополия
- АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:
«Тәуелсіздік декларациясы»
- 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:
Бенжамин Франклин
- АҚШ-тың тұңғыш президенті:
Д.Вашингтон
- 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:
Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды
- 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:
Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы
- АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:
1787 ж.
- ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:
Бас штаттар
- Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
- E) Бастилияның алынуы
- 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
Абсолюттік монархияның құлауы
- Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:
Франция
- 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін
- 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы
- 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер
- Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолюттік монархия жойылды
- ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
- Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
1703 ж.
- 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі
- Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
І Петр
- І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
Кунсткамера
- І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу
- 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
Швеция
- Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
«Сарайлар төңкерісі дәуірі»
- 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев
- 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
ІІ Екатерина
- 1700-1721 жылдары болған соғыс:
Солтүстік соғыс
- ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы
- ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
Бабыр
- Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
Вакф
- ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция
- ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
Осман империясы
- ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
Сипахилік жүйенің ыдырауы
- 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил
- ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
- ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
Оқшаулану саясаты
- 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн
- 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
Қытайға келуіне тыйым салды
- Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
1635 ж.
- Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
Батыр қонтайшы
- ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
Сегундар
- ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:
Жапония
- ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:
Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы
- ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:
Сефевидтер әулеті
- ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер:
Дивани
- 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі:
Алжир
- 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет:
Франция
- ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ……
Нәдір
- ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:
Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі
- Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:
Тегеран
- Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары:
Вилаеттер
- ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:
Хассэ
- Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер:
Шығыс елдері
- ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:
Факториялар
- ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:
Голландия
- ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым:
Ост-Үнді компаниясы
- ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты:
«Жабық есік»
- Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет:
Англия
- ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:
Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты
- Метрополия дегеніміз…..
Отар иемденген мемлекет
- Экспансия саясатының мәні:
Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты
- Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар:
Сауда компаниялары
- Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:
Луддашылдар
- 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы:
9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды
- 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:
Дж. Харгривс
- 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан:
Джеймс Уатт
- Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:
Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі
- «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:
Англия
- ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы:
Чартизм
- ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия:
Консерваторлар
- ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:
Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы
- 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:
І Наполен
- 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:
Консулдық жүйе орнады
- І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:
Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды
- Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:
Құрлықты қоршауды жариялады
- 1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас:
«Халықтар майданы»
- 1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:
Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды
- Францияда екінші республика жарияланған жыл:
1848 ж. 25 ақпан
- Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:
Монархиялық жүйе
- Франция-Пруссия соғысы басталған жыл:
1870 ж.
- Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия:
Бурбондар
- 1870 ж. 19 шілдеде………..
Франция-Пруссия соғысы басталды
- 1871 ж. Франция республикасының «герцогтер республикасы» деп аталу себебі:
Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар
- 1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің «қанды апта» оқиғасы деп аталу себебі:
Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы
- 1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы:
Революция жеңіліспен аяқталды
- 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:
Революция жеңіліспен аяқталды
- ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф:
Камилло Бенсо Кавур
- Біріккен Герман империясының бірінші канцлері:
Отто фон Бисмарк
- ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:
Капиталистік қатынастың күшеюі
- 1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні:
Басыбайлы құқықты жойды
- 1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі:
Г.В.Плеханов
- Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар:
1905-1907 ж.
- 1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет:
АҚШ
- 1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны:
40
- АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі:
Контрабанда
- ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының «жоғары» өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай:
Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі
- ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ -тың теміржол және болат құю зауытының қожасы :
Э.Карнеги
- ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі:
Плантациялық шаруашылық
- 1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан …….
Эли Уитни
- ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының «королі» ретінде, шетке шығарылған басты тауар:
Мақта
- Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері:
Латифундия
127. ХІХғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:
Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі
- 1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері:
Луизиана
- ХІХғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері:
Флорида
- АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы:
1867 ж.
- Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат:
Ауыл шаруашылығын барынша қолдау
- ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе:
Құлдық жүйенің сақталуы
- АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:
Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан
- ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:
Қара түстілерді Африкаға қайтару
- АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар:
Аболиционистер
- Олигарх………..
Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі
- АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар:
1861-1865 ж.
- 1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:
Демократтар мен республикашылдар
- 1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы:
Авраам Линкольн
- АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс:
Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы
- 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:
Құлдық жойылды
- Конкистадорлар……….
испан-португал басқыншылары
143. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:
Гаити
144. ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты:
Тәуелсіздік алу
145. 1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы:
Мигель Идальго
146. 1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады:
Біріккен Ла-Плата провинциялары
147. 1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы:
Франсуа Доменик Туссен
148. 1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ……..
Боливия
149. ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет:
АҚШ
150. 1823 ж. «Монро доктринасының» мәні:
АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі
151. Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет:
Қытай
152. ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі:
Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан
153. Бірінші апиын соғысы болған жылдар:
1840-1842 ж.
154. 1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:
Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы
155. 1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім:
Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды
156. 1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы:
Тайпиндер көтерілісі
157. Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар:
1856-1860 ж.
158. Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:
Тяньцзинь келісімі
159. 1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:
Амур өзенінің сол жақ жағалауы
160. 1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы:
Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу
161. 1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты:
«Өзін-өзі күшейту»
- ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі:
Сунь Ятсен
163. 1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:
Қытай Республикасын құру
164. ХХ ғ. Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні:
Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық
165. ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай:
Шетелдіктердің отарлау саясаты
166. Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі:
Монархиялық биліктен бас тарту
167. Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар:
1911-1913 ж.
168. Қытай Республикасының тұңғыш президенті:
Сунь Ятсен
169. Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл:
1912 ж.
170. ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет:
Жапония
171. ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар:
Португалдар
172. ХVІІғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты:
«Жабық есік»
- 1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні:
Императорлық билікті қайта қалпына келтіру
- ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі:
Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді
- Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты:
Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды
- 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет:
Корея
- Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі:
Бір ғана ұлттан тұрғандықтан
- 1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы:
«Бірлік және прогресс»
- 1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға:
Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы
- 1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:
Әкімшілік билік вице-корольге берілді
- ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет:
Англия
- Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды…………….
1854 ж. Калькуттада
- 1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия:
Үнді Ұлттық Конгресі
- ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі:
Ағылшын тауарларына бойкот жариялау
- 1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:
Б.Тилак
- ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ:
Бенгалия
- 1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:
Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру
- ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:
«Өз тауарларымыз»
- 1888 ж. билікке келген, өзін «мұсылмандардың қорғаушысымын» деп мәлімдеген германдық император:
ІІ Вильгельм
- ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:
Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы
- 1889 ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты:
Конституциялық мемлекет құру
- «Жас түріктер» революциясы басталған жыл:
1908 ж.
- 1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі:
Янычар әскерінің таратылуы
- 1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер:
Грекия, Сербия, Дунай
- 1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:
Танзимат
- Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы:
Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы
- ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері:
Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды
- 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат:
Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру
- ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты:
«Шығыс мәселесі»
- 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым:
«Жаңа османдар»
- 1908 ж. «Жас түріктер» революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер:
Конституциялық монархия орнады
- ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы:
Германия
- 1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі:
Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін
- 1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер:
Ресей мен Иран
- 1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:
Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді
- 1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі:
Бабшылдар көтерілісі
- ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер:
Англия мен Ресей
- 1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі:
Ю. Рейтер
- Еуропада тұңғыш телескоп жасаған ғалым:
Галилео Галилей
- Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:
Исаак Ньютон
- Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым:
Готфрид Вильгельм Лейбниц
- Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:
И.С.Бах
- Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы:
Джон Локк
- 1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:
Англия
- 1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы:
Шаньдун
- Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар:
Эльзас пен Лотарингия
- 1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі:
В.К.Рентген
- «Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы:
В.Гюго
- Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы:
«Фауст»
- Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны «мазурка королі» деп атаған:
Ф.Шопен
- Ежелгі заманда Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар.
Шумерлер, аккадтар.
- Ежелгі Қосөзендегі патесилер – ол:
Шағын қала-мемлекеттер.
- Б.з.д. XXIV ғасырда Қосөзенде құрылған ірі мемлекеттің орталығы болған қала.
Аккад.
- Вавилон патшалығын құрған билеуші:
Хаммурапи.
- Ежелгі Вавилон патшалығындағы аса маңызды құжат:
Хаммурапи заңдар жинағы.
- Әлемдегі ең ежелгі жазу жүйесі қалыптасты:
Қосөзенде.
- Ежелгі Қосөзенде алғашқы жазуды қалыптастырғандар:
Шумерліктер.
- Ежелгі Вавилондағы «әлемнің жеті кереметінің» бірі:
Аспалы бақ.
- Ежелгі Вавилон қаласының қамқоршы құдайы:
Мардук.
- Ежелгі вавилондықтардың түсінігінде Таммуз – ол:
Су құдайы.
- Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған уақыты:
Б.з.д. IV мыңжылдық.
- Ежелгі Египеттің орналасқан жері:
Солтүстік-Шығыс Африка.
- Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет жерінде мемлекеттердің пайда болуына әсер еткен фактор:
Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы.
- Ежелгі Египет билеушісінің титулы:
Патша.
- Ежелгі Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:
Мемфис.
- Ежелгі Египет жазуында қолданылған иероглифтер саны:
750-ге жуық.
- Ежелгі египеттіктер бір жылды :
365 күнге бөлді.
- Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны:
80 мың.
- Астрономиялық білім негізінде календарь пайда болған ел:
Египет.
- Ежелгі Египетте құдайға баланғандар:
Перғауын.
- Ежелгі дәуірде бір жылды 12 айға, 365 күнге бөле білген халық:
Египеттіктер.
- Ежелгі египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне:
Жануар басты адам.
- Ежелгі египеттіктердің жазуы – таңба суреттің атауы:
Иероглиф.
- Ежелгі египеттіктерде Амон – Ра:
Күн құдайы.
- Қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ежелгі мемлекет:
Ассирия.
- Б.з.д.ІХ ғасырда құрылған, Армения жерінде орналасқан ежелгі мемлекет:
Урарту.
- Урарту мемлекетінің астанасы болған Тушпа қаласы орналасқан жер:
Ван көлінің жағасы.
- Урарту патшалығының мықты мемлекетке айналған уақыт:
Б.з.д. VIII ғасыр.
- Урарту мемлекетінің астанасы.
Тушпа.
- Б.з.б. VIII ғ. қуаты арта түскен мемлекет:
Ассирия.
- Ассириялықтардың отаршылдық саясатындағы ерекшеліктердің бірі:
Бағынышты халықты ата-қонысынан айыру.
- Ашшурбанипал кітапханасын ұйымдастырды:
Ассирилықтар.
- Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген Оңтүстік-батыс Азияның ежелгі мемлекеті:
Хетт патшалығы.
- Хетт патшалығын талқандаған мемлекет:
Ассирия.
- Оңтүстік-Батыс Азия жеріндегі ежелгі кеме жасаушылар мен теңізде жүзушілер:
Финикиялықтар.
- Финикиялықтар мәдениетінің ірі жетістігі:
Альфавиттің пайда болуы.
- Финикиялықтардың көктем құдайы:
Ваал.
- Парсы патшасы Кирдің жорығын тойтарған Орта Азиядағы тайпа:
Сақ.
- І Дарий патша парсы мемлекетін:
20 аймаққа бөлді.
- Парсы мемлекетіндегі І Дарий шығарған таза алтын теңге:
Дарик.