Дінтану пәнінен глоссарий

 

Ежелгі  Үнді  өркениеті  — арийлыққа  дейінгі  хараптық  өркениет  б.э.д.3 мыңжылдыққа  дейін  Үнді  өзенінің  төменгі  ағысында  пайда  болған.

«Алғашқы тұрмыстық табын» ең көне және көне адамдардың ұйымдарының диалектикалық ерекшелігін, оның Ноmo sapiens «дайын» қалыптасқан қоғамына хайуандардың адам алды табынан өту күйін жақсы береді.

Этрустік, крит – минойлық, семиттік және т.б. Осы халықтар «теңіз халықтары» деп аталады.

Эллинизм – тарихтағы Шығыс Жерорта теңізі, Батыс Азия және Понт кезеңі, яғни Александр Македонский (б.э.д. 323) державасының құлауынан – Римнің ірі Жерорта теңіздік мемлекет Египетті алуына дейін. Бұл өркениетте батыс және  Шығыс мәдениеттерінің элементтері бірікендей.

Еуропа — алғашқы  адамның  тұқымының  өрбіген  жерлерінің  бірі. 

Дін (араб.- сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) — дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін — өзі ұстау.

Анимизм (лат.апіта — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.

Фетишизм — (франц.тұмар, қасиетті күш бар зат) — көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық — синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш — қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт — америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда — тек, ата) — белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиџанкезі Дж. Лонг енгізген.

 

Ведалар (санскр.- білім) — үнді әдебиетінің ең көне (2 ғ. соңы — б.з.д. 1 ғ. басындағы мыңжылдықтар) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени- әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.

Индуизм — әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И. негізі карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай, уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. — де біртекті догма да, әдет- ғұрыптық негіз де шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады.

Ригведа — үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б.з.б 15-6 ғғ.шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа — жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.

Азия – алғашқы адамдардың пайда болған ескі қоныстарының бірі.

миф – адамның дүниемен ой жүзінде жақындасуына негізделген адамдық тұрмыс пен дүние тану тәсілі; адам мұнда психологиялық ойларды заттардың бастапқы қасиеттері ретінде қабылдайды және табиғат құбылыстарын қарастырып, әсерленеді

қазіргі түрдегі адамhomo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің  бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды.

Мифология қиялда және қиялдың көмегімен табиғат күштерін игереді, бағындырады және түрлендіреді.

анимизм – табиғат құбылыстарының себебі ретінде жан мен рухтың болатындығына сенім. Анимизм бойынша әр заттың жаны бар, ал кейбір ерекше заттар (рухтар, перілер) өз бетімен әрекет етеді.

                      Мысыр елінен түсініктеме сөздік

Ра— күн құдайы.

Осирис — өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы.

Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы.

Маат – шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды.

                       Қос өзен мәдениетінің түсініктеме сөздігі

Шамаш – Күн құдайы.

Син – Ай құдайы.

Әйел құдай Иштар – махаббат құдайы.

Нергал – өлім құдайы.

Ирра – соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді.

А

1.Аверс (бетімен қарау) – монетаның, медальдың беткі жағы.

2.Алтын – 6 ақшаға немесе 3 тиынға тең орыстың есептік ақша жүйесі.

3.Ақша бірлігі – баға масштабы үшін белгілі бір елде қабылданған бағалы металл          мөлшері.

4.Ақша жүйесі – ақша айналымы мен шаруашылығының қозғалысы.

5.Ақша айналымы – төлем мен айналыс сферасындағы ақшаның қозғалысы.

6.Ақша белгісі – құндылықты анықтайтын белгі.

7.Ақша реформалары – ақша жүйесін реттеу үшін ақша айналымында жүргізілетін қайта құрулар.

8.Анэпиграфтық монета – жазбасы оқылмайтын немесе мүлдем болмайтын б.э.д V ғасырға дейінгі монеталар.

9.Агоронимдер – аудан атауына байланысты жалқы есімдер.

10.Антропонимика – адам есмдерінің шығу, өзгеру, географиялық таралуын зерттейтін ономистиканың бір бөлігі.

11.Аргировула – ортағасырда кең тараған, күміске батырылған аспалы мөр.

12.Аспалы мөр – бау арқылы құжатқа ілініп қойылатын мөр.

13.Аксель банттар — әскери киім жабдығы. Алтын, күміс түрлі жіптен өрілген мойындарға тағылатын иық баулар.

14.Адым – жарым тең өлшем.

15.Алфавит – қандай да бір тілдің жазбаша түрде қабылданған әріптердің жиынтығы. Белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан әліпби.

16.Археография – қолданбалы тарихи пән. Тарихи деректердің басылымдарының ережесі мен әріптерін қарастырады.

17.Ай – уақыт есебінің бірлігі, айдың жерді айналу периодына тең.

18.Астрономиялық немесе тропикалық жыл – күн дискісі жүйесіндегі көктемгі теңестіру жүйесіндегі уақыт аралығының интервалы, ол 365 күнге, 5 сағат, 48 минут, 46 секундқа тең.

19.Айлық санау жүйесі — өте ертедегі тәуліктер мен айларды теңестіру жүйесі. Айлық күнтізбе ежелгі вавилондық және ежелгі еврейлік болып бөлінген. Ай күнтізбесінің екі түрі белгілі болған: еркін (мұсылман елдерінде таралған) және айлық күндік (түрік монғол елдерінде таралған).

  1. Айлық күндік уақыт санау жүйесі – уақыт санаудың жинақталып реттелген жүйесі. Онда тәуліктер мен айлар жылдармен теңдерілген. Мұндай күнтізбелер ерте Вавилонда, Қытайда, көне гректерде, көне римдерде болған.

21.Айлық жүйе – мұнда тәуліктер аймен үлестірілді.

22.Айлық күндік – мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестірілетін жүйе.

23.Ай – уақыт өлшемі, жылдың бөлігі. Оның ұзақтығы айдың жерді бір айналып шығатын ұзақтығына тең. Ай жерді шамамен 27,32 күн тәулігінде 1 рет айналып шығады.

24.Апта – ұзақтығы жеті күн тәулігіне тең уақыт өлшемі, «Апта» — «жеті» деген сөз. Ол санскритше – саптан, парсыша – нәфта, грекше – хәпта, румынша- шәптә. Қазақ тілінде «жұма», «жеті» деп те айтылады. Вавилондықтар аптадағы күндерді табынатын құдайлар кезектесіп билейді деп есептеген.

25.Археология – архаиз – көне, логия-ғылым көне зерттеу дегенді білдіреді.

26.Археологиялық экспедиция – тарихи құжаттардың басылымын жинақтайтын ғылыми зерттеу мекемесі.

27.Автограф – автор түзетін қол қойған, машинкаға басылған текст.

28.Аршын – ұзындық өлшемі.

29.Ассигнациялар – 1769 жылы шыарыла бастаған қағаз ақша.

30.Адым – жарым тең өлшем. Құлашқа тең.

31.Антениондар – Рим иәнеттері.

Ә

32.Әшекейлі жолақ гүлдер – беттің шектеріне жолақ тәріздес қылып горизанталь бағыттап салу суреті түрі.

Б

33.Бант – ресей ордендерінің лентасындағы ерекше бүктеме. 1789 жылдан бастап мұндай банттар Георгий орденінде, 4-дәрежелі Владимир орденінде т.б болды.

34.Бархат кітап – ХVІІ ғасырда құрастырылған орыс мемлекетінің соңғы ресми шежіре кітабы.

35.Блазон (көне фран.- қалқан)- геральдика тілі. Гербті оқу үшін алғашқы геральдтар құрастырған тіл.

36.Блазонри – гербті өрнектеп безендіру өнері.

  1. Бурелет – гербтің шлеміне қойылатын, матадан тігіліп ішіне жүн толтырылған нәрсе.

38.Булла – папа, император, король жарлықтарын бекітетін орта ғасырдағы дөңгелек металл мөрі.

39.Буллотирия – аспалы мөрлер жалатылатын арнайы щипцыдар.

40.Балансир – монеталық пресс.

41.Билондық монета – (фр. Төменгі проблемалы күміс) – номиналы оның құрамындағы металл мен оны соғуға кеткен шығындардан асып түсетін айырбас монетасы.

42.Брактеат – ортағасырлық батыс европалық күміс монета. Сурет тек жоғарғы жағынан ғана соғылатын.

43.Береста – қайың қабығы, қатты қағаз, арзан пергаментке қарағанда ұзақ сақталады.

44.Барокко, рококо – ХVІІ-ХІХ ғасырдан үстемдік еткен өнер стильдері.

45.Буындық жазу – Б.з.д Х-ХІ ғасыр кезінде түрікшілерде буындық жазу қолданды.

46.Бокогрей – февраль

47.Березозал – апрель.

48.Биссектус – қосымша күн, екінші алтыншы күн деп аталады.

49.Берковец – салмақ бірлігі.

50.Биллон – 500 % — тей лигатура қосылған күмістің нашар пробалы қорытпасы.

51.Бонистика – қағаз ақшаларды зерттейтін ғылым.

 

В

52.Вязь – қолжазбаларды әсем етіп көрсету үшін ерекше декаративтік жазба.

53.Вруцента – жексенбі күнді А әрпімен таңбалап атаған.

54.Вержер – көлденең жолақ түрінде сым темір тормен қағазға бастырылған су белгісі.

55.Верэленин – уыс немесе тасты лақтырғандағы мүмкін боларлық қашықтық.

56.Верст – шақырым.

57.Ведро – 4,919 гектолитр.

58.Веревка – 2/3 десятина.

59.Веверица – ¼ күн.

  1. Вашаная четверть – 12 пуд = 196,56 кг.

61.Вершок – 4,5 см-ге тең.

Г

62.Геральдика – елтаңба туралы ғылым.

63.Глагалица – ең ежелгі таңбалардың жетіле түсуімен ежелгі славян әліппесі.

64.Генеология – рудың, тектің шығуын зерттейді.

65.Григориан күнтізбесі – ХІ ғасыр есімімен байланысты. 1582 жылы Григорий күнтізбесі жасалды.

66.Графо – гректің «ежелгі» — «жазамын».

67.Грамота – орыс феодалдық правосының қолжазба актілері.

68.Грузник – октябрь.

69.Грудень – ноябрь.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *