Діни философия – дінтану мәселесінің үлкен бөлігі. Мұндай түсінік дін мен философияның тығыз ара-қатынастығынан шығады. Ондай ара-қатынастығын түсіну үшін олардың бірлігі мен айырмашылығын түсіне алсақ, онда «діни философия» пәнін анықтаймыз. Олардың үлкен айырмашылығы: дін – иррационалды көзқарас та, ал философия рационалды көзқарас болып табылады. Бірлігі – философия да, дін де ілім деп есептіледі. Екеуі де дүние туралы «теориялық» көзқарас.
Діни көзқарастың даму процесінде олардың өкілдері философиямен таныса отырып, философиядан категориялық айрмашылықтарын алып, діннің теориясына қолданғанда, оны теология деп айтамыз. Теология – Құдай болмысын зерттейтін ілімдік көзқарас, белгілі бір діннің жүйесінің философиялық саласы.
Теология философияның рационалды категорияларын иррационалды тұрғыда (Құдай, күнә, о дүние және т.с.с.) кеңінен қолдану процесінде жаңа ағымдық сала пайда болды, оны біз діни философия деп айтамыз. Екінші жағынан, қандай бір діннің Құдай туралы философиялық мәселелер мен шұғылдану жағын теология деп айтуға болады.
Қандай бір ірі діни ағым болмасын өзіндік «діни философиясы» болады. Сондықтан діни философияны тереңірек жеке-жеке үлкен діндердің философиясы арқылы қарастырайық.
Будда философиясы. Буддизм философиясы ертедегі Үнді философиясынан негізделген. Ертедегі Үнді философиясының негізі Веда (б.д.д. 1500 ж.) — брахмандардың киелі кітаптарынан, өсиеттерінен құрастырылады. Европа философиясына ұқсап, Үнді философиясы да діни мәселелермен шүғылданды. Айырмашылығы — Үнді философиясы трансцендентальді мәселелермен көбірек шүғылданды. Олар әлемдік циклдардың мәңгі екеніне сенді. Сол себептен олар өздерінің тарихи философиясын құрастырған жок. Қоғам, мемлекет және эстетика олар үшін окшау түрған ғылым болды.
Үнді халкының тарихи дамуымен байланысты олардың да философиясы үш дәуірден тұрады: 1) ведтік кезең; 2) классикалык немесе брахмандық-буддалық кезең; 3) индуистік кезең;
Ведиистік дәуірдебуддизм философиясының негізгікатегориялық ұғымдары құрастырылды. Мысалы, Брахман – мәңгі өмір сүретін космостың негізі, өмірдегі барлык нәрселер осыдан шығады. Атман — өмір сүретіннің және адамның ішкі ядролық бірлігі. Жан бір нәрседен екінші нәрсеге ауысып отырады. Карма — жақсы және жаман іс-әрекеттер. Сансара — бір деңгейден немесе бір күйден екінші күйге өту, ауысу туралы түсінік.
Классиқалық дәуірде (б.д.д ҮІ ғасырдан — б.д.д. X ғасырға дейін) этикалық мәселелерге Үнді халыктары үлкен көңіл бөлуіне байланысты брахман дініне сын көзбен қараушылық басталды Ведистергеберілгендіни-философиялықтүсініктерупанишадаларда (ертедегі Үнді діни-философиялық шығарма) көрсетіледі. Ведке қараганда упанишад әлемге монистік көзқараспен қарайды. Бұл көзкарас әлемге ішкі және сыртқы көзқараспен қүбылыстарды көрсетуге тырысады.
Упанишадта Ведтердің беделін, адамның тәні өлгенімен жаны өлмейді деген көзкараска карсы қолданды. Үнді философиясының классикалық кезеңінде Веда және Упанишадтардың күшті ықпалымен көптеген философиялық мектептер шықты: ортодоксиялы мектептер (Санхья, Ньяя, Вайшишика жэне т.б.) жэне ортодоксиялы емес мектептер (Чарван, Лакоята).Мұндай мектептердің шығуыматериализм мен идеализм және діни көзкарастардың карама-карсы күресу бірлігінде еді. Осындай әр түрлі философиялык мектептер айтысы білімнің дамуына және логиканы өмірге әкелуіне жәрдем берді. Үнді логикасы жөніндегі алғашқы мәліметтерді ертедегі будда деректемелерінің өзінен-ақ алуға болады, одан джайнизм әрі дамыды.
Буддизм философиясының негізгі категориясы дхарма болса, ол да мәңгі, рухани монады (жекелік принциптерінің бірі) мәңгі және ол -материяның негізі. Дхарма бойынша болмыс — ауысып тұратын субстанция. Ауысу процесі жеке адамды және тануға болатын әлемді шығарады.
Будда ілімінде әлемнің кашан және қайдан шыққаны туралы түсінік жоқ. Олар индуистерге ұксас, әлемді цикл ретінде кабылдайды. Күн, әсіресе, ай циклдары ретіне толық айдан кішірейіп, одан қайтадан толып отыратын фазаларына , ұқсатып әлемді қарастырады. Айырмашылығы — егер де айдың фазалық ауысуы 28 күндік цикл болса, буддалық ілім бойынша әлемдік фаза 432 млрд жыл (маха-кальпа) болып есептелінеді. Әрбір цикл төрт «ғасырдан» тұрады. Әлемнің өзі миллиард ғарыштык системадан, эркайсысы жер мен аспан және жер астылық системадан тұрады.,
Әрбір циклдік өмірдің шығуына, оның кайталануына дем беретін карма күші. Карма — жаңа туылуға, дамуға жәрдем беретін мистикалык күш. Карма — ойлау күшімен, сөзбен, іс-әрекеттерімен шығатын күш немесе энергия. Ол біздің әлем системамызда орналасқан әр түрлі күштік, энергиялық формаларды шығарады, ол — ойлау қабілеті, дене күші, жыныстык, әлеуметтік жағдайлар.
Сол себептен буддизм ілімінің ең жоғарғы мақсаты әрбір адам кармадан бос және қайта туылуда касіреттен аулак болуға тырысады. Ондай жолға Үш Асыл қазына аркылы жетуге болады: Будда, Дхарма және Сангха. Осы үш қазына будда ілімінің практикалык жолының негізі десек те болады. Ондай «үштік баспана» әдейілеп айтылатын формалар (мантра) кайталанып айтылады. Нағыз сергектенгенде Буддаға, Татхачатка (толық сергектенген адам) бас ию немесе тэжім ету.
Будда — баспанасына таяныш етем!
Дхарма — баспанасына таяныш етем!
Сангха — баспанасына таяныш етем!
Осы үшеуіне сенген адам қайта тууда «адамнан» кейінгі формада тумайды.«Будда, Дхарма, Сангха баспанасын іздеймін?» деп айтатын сөздің екі деңгейлік мағынасы бар десек те болады. Бірінші, дхарма тәжірибесі аркылы Буддадан мысал (үлгі) алу керек: сыйлык беру (дана), өнегелік тәрбие беру (шика) және медитация аркылы (самадхи) данышпандықка ұмтылу (Прадкия). Екінші, «Үш қазына» — Нирванаға және жерде бакытты өмірге жету жолы.
Ислам дінінің Үнді жеріне таралуына байланысты монетеисттік ілімдер шығады — кабирпантхи, синкхтар, ал XIX ғасырдан бастап батыс философиясының әдісімен теистік немесе пантеисттік (Тагора, Ганди) ілімдері өpic алды. Қазіргі кезде Үнді философиялык ілімінде теософиялық қауымдар, мистикалық ағымдар (Елена Блаватская) басым болып келеді.
Будда дінінің өзі махаяндык таралуының арқасында Үнді мемлекетінен тыс тарап, көптеген ағымдар шыкты. Қытай және Жапониядағы ваджаяна тарауында махаяна іліміне өзгерістер ендіріліп, Нирванаға барлық тірі жандар бара бермейтіндігін дәлелдеуде. Ал Қиыр Шығыста және Тибеттегі ламаистердің діни философиялық көзқарасында Нирванаға барлык тірі жандардың бара алатынын дәлелдеуде. Оның казіргі мектебінде Чжэнь Янь(Қытайда) «осы денеде Будда бол» деген доктринасына әрбір тірі адам осы өмірде Будданың денесіне айналуға болатындығын дәлелдейді. Мұндай козқарасты көптеген Азия мектептері де ұстанады.