Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен глоссарий

Анархия (гр. anarchic) – басшысыздық, өкіметсіздік.

Аристократия – билеушісі социумның жоғарғы, артықшылыққа ие болған тобы, бай немесе ақсүйектер. 2) билік ақсүйектер қолында болатын мемлекеттік басқару формасы.

 

Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде оның құрамына біртіндеп сіңіп, жқтылып кету құбылысы.

 

Ассимиляциялық саясат – мемлекеттердің шовинистік саясаты, қаналған халықтың ұлттық тілін, мәдениетін, дінін, күштеп тану арқылы жүзеге асырылады.

 

Әлеуметтік әділеттілік – қоғамдағы барлық тқлғаларға әлеуметтік топтардың саяси және экономикалық құқықтарының тең болуы, оларға бірдей мүмкіндіктер беру.

 

Әлеуметтік мүдде – жеке адамның немесе әлеуметтік топтың саяси, рухани және экономикалық қажеттіліктерінің жиынтығы.

 

Басқару әдісі – үкіметтік органдардың ұйымдық тәртібі, сондай-ақ өлкенің құрылуы, ерекшеліктері және мемлекеттің халықпен өзара қатынасы.

 

Бодандық – монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі.

 

Большевизм – саяси ой ағымы және Ленин бастаған саяси қозғалыс. РСДРП-ның (1930) II съезінде басшы органдар сайлауы кезінде Ленин жақтастары көп дауысқа  ие болып, большевиктер деп атала бастады.

 

Билік – бедел, құқық, қанау арқылы адамдар өызметіне ықпал ету мүмкіндігі.1)беделді, күш, құқықты, жігерді қолдана  отырып біреуге ықпал ету қабілеттілігі.

2)саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі саясатты іске асыру құралы.

 

Бодандық – еркі жоқтық, тәуелділік.

 

Буржуазия — әлеуметтік топ, қоғам табы, кейінгі орта ғасыр кезеңінде пайда болды, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстемдікке ие болған.

 

Буржуазиялық төңкерістер — әлеуметтік төңкеріс, оның негізгі мақсаты феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жою, буржуазия билігін орнату,буржуазиялық мемлекет құру.

 

Бюрократия – шенеуніктер билігі, билік жүйесі, ал қоғам алдындағы белгілі бір функциялар мен артықшылартарға ие билік аппараттардың көмегімен іске асырылады.

 

Демократия – халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.

 

Национализация – жеке кәсіпорындардың мемлекет меншігіне өтуі, яғни мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.

 

Отаршылдық – күшті державаның өзінің аумақтық бақылауын неғұрлым әлсіз елге немесе халыққа тарататын саясаты мен тәжірибесі.

 

Өкіметтің бөлінісі – ешқандай мемлекеттік орган, жеке тұлға мемлекеттің тұтастығына кепілдік бере алмайды. Сондықтан үкімет үш бұтаққа бөлінген. Олар заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі.

 

Өркениет – материалдық және рухани мәдениеттің, қоғамдық дамуының деңгейі.

 

Пакт – келісім, халықаралық келісім-шарт.

 

Партия – ойлау жүйелері бір мақсатқа біріккен қоғамның өкілдік тобы.

 

Партиялық жүйе – елдегі барлық елеулі партиялар, олардың өзара қатынасы және (кейде) сайлау жүйесі.

 

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр адамның өз Отанын қорғауы, сол үшін жанын да, қанын да береді.

 

Саяси тәртіп – мемлекет және қоғамда басқарудың әдісі, әрине, үкімет тарапынан. Саяси тәртіптің демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық жүйелері болады.

 

Саясат – қоғамда, әлеуметтік топтар арасында, ұлттар арасында маңызы зор сөз жүйесі және оны іспен қабыстыру.

 

Федерация – жаңа біріккен мемлекет құру мақсатындағы бірнеше мемлекеттер одағы. Оның құрамына енген мемлекеттер федерация субъектісі ретінде құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.

 

Ұлт – тарих қалыптастырған әлеуметтік жағдайы, тілі, діні, бір белгілі бір жерді мекен еткен мәдениеті, тілі бір елдің тобы.

 

Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі.

Ұлтсыздық – ассимиляция салдары, ұлт болмысындағы ауыр дерт, басқа ұлттармен аралас-құраластық, жақындасудың шегінен аттап, оларға сіңіп кету.

 

Эволюция — өрлеу, өркендеу.

 

Революция – 1) түпкілікті төңкеріс, бір сапалы жағдайда екіншісіне ауысуы. Ойдың, қоғамның және табиғаттың диалектикалық даму заңдылықтарының көрінуі; 2) мәдениеттегі ғылымдағы, дүниеге деген көзқарастағы, экономика мен қоғамдағы түбегейлі сапалы өзгеріс.

 

Репрессия – қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.

 

Реформа – қайта құру, өзара, қоғамдық өмірдің бір қырын қайта құру.Мұнда өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.

 

Тарихнама – (гр. Тарихи баяндау) – арнайы тарихи ғылым. Тарихи білімін және тарих ғылымының дамуын зерттейді.

 

Тарих – (өткен туралы әңгіме) – табиғат пен қоғам дамуының үдерісі.

 

Толеранттылық – шыдамдылық.

 

Тоталитаризм – қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатқан мемлекеттік билік.

 

Саяси элита – саяси жетекшілер тобы. Үкімет, мемлекет ісіне ықпал ететін саяси күш.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *