ХУІ ғасырда Мали мемлекеті құлдырай бастады. Ең бір қас жауы Сонгай патшалығы болды. 1498-1499 жж. Багалудың ірі аймағын, 1500-1501жж. Диара жерін, 1506-1507 жж. Галам аймақтарына шабуыл жасап, өзіне қоршап алды. Согай патшалығының шекарасы Текура жеріне дейін созылды. Соңында Малиге батыс жатқанда шабуыл жасалына бастады. 1530ж. Малидің қарамағында болған Бамбукты жаулады. Малидің патшасы ІІ Мамуди 1534ж шығар жол болмағандықтан партугалдықтардан көмек сұрады. Партугалдық посол Перес Фернандес қарсылас ретінде шықты бірақ Мали үшін бұл кеш болды. Себебі Мали көптеген жерлерінен айырылды. Дегенмен Мали өінің оңтүстік жағын сақтағанымен саяси жағынан құлдырап кетті. Согайлықтар Малидің саяси жағы мен әскер жағдайына қысым көрсетіптұрды.
Солтүстік Суданға басып кіргенде мароккандықтар және сонгайлықтарға қарсы шықты. Осыған қоса Сонгайлықтар Малиден алысай түсті. ХУІІ ғ.басқа да қас жаулары пайда болды. Олар бомбара халқы болған еді. 1600 жылы Сегу аймағында мемлекетін құрды. өздерінің діні анимистика бола тұра, 1645 жылы Малидің мұсылман патшасына діни соғыс жариялап, оңтүстік аймаққа шабуылдады. 1670ж. Бобара мемлекетіндегі Сегу аймағы ең мықты мемлекеті болып саналды. Сегу Битон патша, Массина және Багома жерлері жаулап алынған еді.