Тарих пәнінен глоссарий

АБСОЛЮТИЗМ – барлық жоғарғы билік бір адамның- монархтың –қолына шоғырландырылған,мемлекеттің басқару формасы.

АЛЬБЙГОИЛЫҚТАР(Оңтүстік Франция қаласы Аьбимен баиланысты)-XII-XIII-ғасырларда оңтүстік францияда болған күпірлік сектаның мүшелері.

АНАФЕМА(гр.”тастандылар”)-шіркеуден аластау,орта ғасырлардағы жазаның ең ауыр түрі.

АРИАНДЫҚ(священник Арияның есімімен байланысты)-ертехристандық күпірлік,ол бойынша ӘКЕ құдайға қарағанда Иса пайғамбар төмен тұруы тиіс деп есептеледі.

АСКЕТИЗМ (гр. “аскетес”- “жаттығушы”)-өзіне өзі барынша шектеу қою,тақуалық өмір салтын тандап алу,байлық пен тәндік рахатты өмірден бас тарту.

АНТОЛОГИЯ- (грек сөзінен «гүл шоғы» дегенді білдіреді)- таңдаулы үзінділер, өлеңдер мен нақыл сөздер жинағының атауы

АЛЬТЕРНАТИВА- бір-бірімен сыйыспайтын екі мүмкіншіліктің тек біреуін таңдап алу.

БАРОН – 1.графтан төмен дворяндық титул.

                 2.жоғарғы мәртебелі дворяндық топтың өкілі.

БЕНЕФИЦИЙ- (лат. “игілікті іс”)-1.Әскери қызмет атқарғаны үшін шартпен берілетін жер иелігі.2.шіркеу лауазымы және сонымен байланысты табыс көзі.

БУЛЛА(лат.“шарик”кейініректе металдан жасалған дөңгелек мөр.)- діндарлар үшін міндетті папаның указы.

БЮРГЕР(неміс.”бург”-“қала”)-қала тұрғыны,толыққанды азамат.

БУРЖУАЗИЯ(“бурж”-“қала”)-1.қалалықтар2.кейініректе сауда өнеркәсіп топтары.

БАРЩИНА- еңбекпен өтеу салығы дегенді білдіреді.

БУСИ- Жапониядағы әскери-помесьтелік дворяндар.

ВАЛЬДЕНСАЛАР(Пьер Вальданың есімімен) –ХII-ХIII-ғасырлардағы италия мен франциядағы күпірлік секта.Олар шіркеулік иерархия мен меншікке қарсы болып,жалпыға бірдей тақуалыққа шақырды.

ВАССАЛ(лат.”вассус”-“қызметші”          )-сеньордан феод алып әскери ететін тұлға.

ВЕРГЕЛЬД-ежелгі франктар мен германдықтардағы кісі өлтіргені үшін төленетін ақы.

ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік

ИЕРАРХИЯ (гр. “қасиетті бастау”)-1.кең мағынадан алғанда біртұтас нәрсенің жоғарғы бөлімдері мен элементтерінің жоғарыдан төмен қарай ретімен орналасуы.2.Христиандық түсінік бойынша,шені әртүрлі періштерелердің орналасу тәртібі 3.Бір-біріне бағынышты шіркеулік:және светтік лауазымдар сатылығы.

ИКОНАҒА қарсы күрес-1.VIII-IX-ғасырдың бірінші жартысындағы иконаға табынуға қарсы шыққан діни қозғалыс.2.1566 жылғы Нидерландыдағы протестанттық қозғалыс.

ИНВЕСТИТУРА (лат. “инвестио”-“шекпен шабу”)-1.вассалды иелік -феодына кіргізу салтанаты (светтік инвеститура);2.епископты епархияның діни басшылығына тағайындау салтанаты (шіркеулік инвеститура).

ИНДУЛЬГЕНЦИЯ (лат. “рақымшылық”)-кінәнің кешірілгендігі туралы күәлік

ИНКВИЗИЦИЯ (лат. “инквизицио”- “тергеу”, “іздеу”)-күпірлікке қарсы күресетін шіркеулік соттық-полициялық мекеме

ВИКИНГТЕР-Орта ғасырлардағы Скандинавия тайпалары,IX-XI-ғғ.теңіз арқылы әскери жорықтар ұйымдастырып,бүкіл Европа халықтарын үрейде ұстады.

ГЕРЦОГ (еж.герм.тілінде “әскер басы”)-1.Ерте ортағасырларда тайпаның әскери көсемі;2.кейініректе-ірі феодалдық титул

ГЕЗЫ (фр.”қайыршы”)-Нидерланды революциясының қатысушылары

ГЕТТО (Венециядағы еврейлер тұрған аудан)-еврейлердің күштеп қоныстануына арналған қаланың бөлігі

ГИЛЬДИЯ (еж.герм. “гильд”- “тойлау”)-көпестер бірлестігі.

ГОТИКА,ГОТ стильі (еж.герман тайпасы готтармен байланысты)-XII-XVI-ғасырлардағы архитектуралық стиль.

ГРАФ-1.Ежелгі орта ғасырларда лауазым иесі,корольдің округтегі өкілі 2.Кейініректе феодалдық титул.

ГРАФТЫҚ-1.Графтық,Княздық,2.Англиядағы әкімшілік округ.

ГУГЕНОТТАР (неміс. “айдгеноссен”- “бірге ант бергендер”)-XVI-ғасырдағы француз протестанттары

ДЕСЯТИНА-шіркеу пайдасына жиналған салық (табыстың 10\1 бөлігі)

ДОГМАТ (гр. “догма”- “пікір”, “ілім”)-шіркеу басшылары бекіткен,діндарлар үшін міндетті қағидалар.

ДОМЕН (лат. “доминиум”- “билік”)-феодалдың, корольдің тікелей иелігі.

ДОМИНИКАНДЫҚ (орденнің негізін қалаған әулие Доминик есімімен байланысты)-күпірлерге қарсы күрескен орта ғасырлық монахтың орден мүшелері.

ЕПИСКОП (грек. “бақылаушы”)-шіркеулік әкімшілік территориялық бірлестік-Епархияның басшысы,кейде бір емес бірнеше провинциялардың шіркеулерін біріктірді.Оның басында архиепископ тұр.

КАПИТУЛЯРИЙ –франк корольдарының жарлықтары.

КАРДИНАЛ(лат.”басшы”)-католик шіркеуіндегі пападан төменгі діни лауазым;кардиналдар папаның ең жақын көмекшілері мен кеңесшілері;папалар кардиналдар арасынан ғана сайланады.

КОЛОНДАР(лат.”басшы”)-кейінгі рим империясында ірі жер йелерінің херіне бекітілген,шағын жер үлесін мұралықпен пайдаланған арендаторлар.

КОНКИСТА(исп.”басып алу”)-XVI-ғасырдағы испандықтардың Орталық және Оңтүстік Американы жаулап алуы;Конкистадарлар жаулап алушылар

КОНКОРДАТ (лат. “келісім”)-католик шіркеуінің басшысы ретінде папаның мемлекетпен келісімі.Мемлекет пен шіркеу арасындағы қатынасты реттеу.

КОНУНГ (еж.Скандинавияда “Тайпа көсемі”)-ру шонжарларының жоғарғы өкілі,әскери жетекші.

КУРИЯ (лат. “Жиналыс орны”)-Корольдар мен папалардың жанындағы жоғарғы кеңесші орган.М.рим куриясы.

КУРФЮРЛІК (нем. “сайлаушы князьдар”)-Қасиетті рим империясындағы императорды сайлау құқы бар жоғарғы діни және светтік князьдар.

ЛАНДТАГ (нем. “земстволық жиналыс”)-Қасиетті рим империясының құрамына кіретін жерлердегі жергілікті сословиялық өкілетті билік органы.

ЛОРД (ежелгі.ағылш. “хлафард”- “нан беруші”)-1.Англиядағы ірі жер иесі,2.жоғарғы аристократия өкілі

МАГНАТ (лат. “магнус”- “үлкен”)-жоғарғы аристократия өкілі.

МАЙОРДОМ (лат. “үйдің үлкені”)-1.басқарушы 2.VII-ғасырдың ортасынан VIII-ғасырдағы франк мемлекетіндегі жоғарғы лауазым иесі,корольдықты басқарушы.

МАРКА(нем.”шекара”)-франк мемлекетіндегі шекаралық округ,оны маркграф басқарды.Бұл лауазым кейіннен графтан жоғары,бірақ герцогтен төмен титулға айналды.

МАСТЕР (лат. “магистер”-“жетекші”)-толыққанды қолөнерші,цех мүшесі,жеке шеберхана иесі.

МИСТИКА (гр. “мистикос”- “құпиялы”)-құдаймен тікелей тілдесуге болады дейтін діни ілім.

МОНАХТЫҚ (гр. “монахос”- “жалғыз”)-қалу жолында барлық отбасылық және қоғамдық байланыстардан,байлық дәулеттен бас тартқан діндәрлар тобының мүшесі.

ОРДЕН (лат. “ордо”- “тәртіп”, “сословие”)-1.монахтардың қатаң орталықтанған ұйымы;крест жорықтары кезінде монахтың ант беру мен қоса христиан еместермен күресуге ант берген діни-рыцарлық ордендер .

ОРДОНАНС(фр. “бұйрық”)-король указы.

ПАПА (гр. “папас”-“әке”) – католик шіркеуінің басшысы.

ПРИХОД-шіркеу қызметшілері мен діни қауым мүшелерін біріктірген төменгі әкімшілік-шіркеу бірлестігі.

ПРОТЕСТАНТИЗМ(лат.”протест”-“наразы”)-христиандықтың бір бағыты, тармағы, папаның билігін құдаймен шендестіруге қарсы ілім.

ПУРИТАНДАР(лат.”пурус”-“таза”)-протестантизмдегі ағым,қатаң өмір салтын жақтайтындар.

РЕКОНКИСТО(исп.”қайта жаулап алу”)-VIII-XV-ғасырлардағы христандықтың Пиреней түбегін мұсылмандардан қайтарып алуы.

РОМАН СТИЛЬІ(лат.”рома”-“рим”)-X-XII-ғасырлардағы архитектуралық стиль.

САГА(ежелгі скандинав. “хикаяпар”)-ежелгі скандинавиялық қара сөзбен жазылғанхикаялар.

СЕНЬОР(лат.”үлкен”, “аға”)-өзіне тәуелді вассалдары бар ірі жер иесі.

СХИЗМА(гр.”жік”)-шіркеудің жікке бөлінуі.

СЮЗЕРЕН-жоғарғы сеньор.

ТАРИХ- адамзат қоғамының өткені, қоғамдық өмірдің даму заңдылығы туралы зерттейтін ғылым. Табиғат пен қоғамдағы қандай да болмасын даму процесі.

ТЕОЛОГИЯ(гр.”теос”-құдай”,”логос”-“ілім”)-дінтану,құдайтану туралы ілім.

ТРУБАДУР(фр.”трабор”-өлең шығарушы”)-оңтүстік францияның рыцарлық махаббатты жырлаған ақын-әншілері.

ЦЕХ(неміс.”тойлау”)-қала қол өнершілерінің бірлестігі.

ШЕДЕВР(фр.”басты жұмыс”)-шебер атағын алу үшін кіші шебердің басты сынақ туындысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *