Дін — әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғымы түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» деген ұғым-түсінік. Бұл ұғым-түсінікпен жер мен көк (аспан) арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал, екінші, осы латын тіліндегі «religio» ұғым-түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылып, қолданылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жарату шыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де, көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Бағзы замандағы наным-сенімдер барлық діндердің пайда болуының қайнар бастауы. Себебі кез келген діннің өзегінде барлық тіршілік атаулының Жаратушысы бар екендігіне деген наным-сенім және оның алдындағы қорқыныш жатыр.
- Діннің мәні. Ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі – дін. Адам баласының тарихында көп тараған дүниежүзілік діндер: буддизм, христиан, ісләм. Бұл діндер және басқа да діни сенімдер қоғамда жоғарғы ұждан өлшемдерінің – қайрымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершілікті, қайырымдылықты, жан тазалығын, рух биіктігін уағыздайды, бейбітші лікке шақырады. Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім-жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол, адал жүр дейді дін.
1985 жылы Американың Гэллап институтының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының–95, Латын Америкасының–96, Аме рика Құрама штаттарының – 94, Азияның – 89, Батыс Еуропа халқының – 78 пайызы дінге сенушілер.
Әрбір елдің Конституциясы сол елдің дінге деген саясатын тұжырымдаған. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген. Сонымен қатар, «әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар» деп те тұжырымдалған. Дін адамның рухани өміріне, бірінші кезекте имандылығына әсер етеді.
Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, мемлекет қандай да болсын дінге немесе атеизмге артықшылық бере алмайды. Діни негізде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттер көздемеуге тиіс деп көрсетілген Конституцияда.
Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз деп атайды. Олай болса, жаман мінезді бойына жинаған адам имансыз деген баға алады. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, әділдік, шыншылдық, ұяттылық жиынтығын имандылық десек артық болмас. Шексіз (мәңгілік, өзгермейтін) адамгершілік құндылықты уағыздау әлемдік діндерге тән. Әсіресе тарихтың өтпелі қиыншылық кезеңінде діннің әсері күшейе түсті. Будда, христиан, ісләм, т.б. діндер де өз идеологиясын барынша пәрменді түрде жарыса насихаттап және өз діндерін дәріптеп жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Мешіт, шіркеу иелері жиындарда, теледидар арқылы да сөйлеуді жиілетті, оған барушылар да көбеюде. Кез келген діннің негізгі идеясы – дене бар жерде жан бар, дене өледі, жан ұшып кетеді, өмір сүре береді деген тұжырым.
Дін ертеден-ақ құндылықтың иесі болған. Діннің өзі мәдениеттің бір түрі. Сәулетті мешіттер, храмдар, тамаша әдеби және діни философиялық шығармалар, шіркеулік әдет-ғұрыптар, имандылық, қайырымдылықтар адам баласының мәдени қорын байытты. Олардың ішінде түрлі шіркеулер, соборлар, Қожа Ахмет Йассауи мешіті, Библия мен Құран, некеге тіркеу әдеттері, т.б. бар. Қазіргі уақытта шіркеу және мешіттің міндеті осы және басқа да мәдени ескерткіштерді сақтау.
Шіркеудің мемлекеттен ажыратылғанына қарамастан, көптеген елдерде оның саясатқа әсері тиіп отыр. Батыс Еуропа елдерінде дінге сенуші адамдардың әлеуметтік мүддесін қорғайтын партиялар да бар. Мысалы, Италиядағы Христиан демократиялық партиясы және Германиядағы Христиан демократиялық одағы. Шіркеу саяси және қоғамдық қозғалыс тардың, жастар және әйелдер ұйымдарының, студенттер одағының, шаруалар қауымының, кооперативтердің жұмыстарына қатынасады. Олар арқылы халықтың әр түрлі топтарына әсер етеді. Шіркеу, мешіттер, діни ұйымдар бейбітшілік үшін күресте өз үлестерін қосуда. Оған Рим папасы Иоанн II Павелдің қызметі дәлел бола алады. Қол жеткен прогресс өзінің қарама қайшылығын да көрсетіп тұрады. Ол адамға қауіп туғызуда, бірінші кезекте ядролық соғыс қаупі тұр. Имандылықтың техникаға үстемдігі ғана бұл ғаламдық проблеманы шеше алады.
Дін тарихы. Дүние жүзінде әр түрлі діндер, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Біз қазіргі өркениетке ерекше әсер етуші дүниежүзілік діндерге тоқталайық. Буддизм — өте ерте, бұдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны – имандылық саласында адамдық қалып және тәртіп. Адам ойлау арқылы шындыққа жетеді, ауыр жағдайдан құтылатын жол табады, қасиетті ілімнің уағызнамасын сақтай отырып табысқа жетеді. Будда дінінің маңызды уағызнамасының бірі барлық тірі жәндікке сүйіспеншілік пен қайрымдылық. Жамандыққа жамандық істеуден ол жойылмайды, қайта өшпенділік және қайғы-қасірет өрши түседі.
Қазіргі уақытта буддизм Үндіқытай түбегінде маңызды қоғамдық-саяси және мәдени рөл атқаруда. Бирмада, Камбоджада, Таиландта мемлекеттік дін болып есептеледі. 1950 жылы буддашылардың «бүкіләлемдік бауырластығы» құрылды, ал 1970 жылы буддашылардың «бейбітшілік үшін азиялық конференциясы» болды. Бұл ұйымдар халықаралық саясатқа, бейбітшілік үшін күреске қатынасады. Қазіргі буддизмнің ерекшелігі сол, ол діннен өзіндік философиялық ілімге, имандылықтың өзіндік бір жүйесіне айналуда.
Христиан діні буддизмнен бес ғасырдан кейін келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған дін. Негізгі басщылыққа алатын заңы – Қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады. Христиан дінінің басты идеясы – сол адамның барлық бақытсыздығы оның күнәсінің нәтижесі және ол күнәдан шоқыну және табыну арқылы құтылуға болады деп есептеледі.
1064 жылы христиан діні екі бағытқа бөлінеді: батыстық (католиктік) және шығыстық (православиелік).
Христиан діні қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделеді. Христиан құдайшылары ғылым мен тілектестікке бейімделген, қайсыбір ғылыми теорияларды басшылыққа алады. Мысалы, дүниені жасаушы туралы діни көзқарасты жақтай отырып, христиандар әлемнің кеңеюі теориясына арқа сүйейді. Шіркеу діни көзқарасты таратуда бұқаралық ақпарат құралын пайдаланады.
Ісләм кейіннен пайда болған дін. Бүгінгі әлемде бір миллиардтан астам адам: «Сіз дін жағынан кімсіз?» — деген сұраққа араб сөзімен «мүсілім» деп, яғни «ісләм дінін ұстайтын адаммын, мұсылманмын» деп жауап береді. Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ісләм дінінің бұлжытпай орындауға тиісті заңы – қасиетті кітап болып есептелетін Құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген. Мұсылман дінінің кең тараған жері Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Азия. Құранның 112-сүресінде оның мазмұны былай баяндалған: Қайырымды да мейірімді Алла атынан былай де: «Ол Алла жалғыз, Алла құдіретті. Ол – тумаған, туылмаған және ешқашан оған ұқсас ешкім болмаған». Мұсылмандылық екі ірі сенім негізі бойынша құрылған: 1) Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына, 2) Мұхаммедтің Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену.
Мұсылмандар үшін мұсылмандықтың бес негізгі міндеті бар: 1) Алланың басқа құдайдың жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне сену; 2) Намаз оқу; 3) Ораза ұстау; 4) Зекет беру; 5) Қажылыққа Меккеге бару.
Мұсылмандар үшін Құран – Алланың Мұхаммедке арнап, сол арқылы адамдарға айтқан сөздері. Егер де адам аллаға сенсе, мұсылман дінінің барлық ережелерін орындаса, онда мәңгілік пейішке барады.
«Дін» ұғымы, оның мұсылмандық түсіндірмесі, пайда болу, даму тарихы. Дін — әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғымы түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» деген ұғым-түсінік. Бұл ұғым-түсінікпен жер мен көк (аспан) арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал, екінші, осы латын тіліндегі «religio» ұғым-түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылып, қолданылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымындағы сан қырлы мән-мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының тіліндегі «Дін» сөзінің мән-мағынасының әр-түрлі түсіндірілуіне байланысты.
Құранда «Дін» термині әртүрлі 100-ден аса мағынада қолданылады. Ол «сот», «тиісінше бағалау», «Ақырет күні» деген сөз айшығы ұғымында жеке адамның «сенімін», «дінін» және діни қауым өмірінің негізі болып табылатын салт-жораның жүйесі ретіндегі діннің мағынасын білдіруі мүмкін. «Дін» термині исламға да, отқа табынушыларға да, яһудилерге, насраларға да қаратып айтыла береді. «Дін» терминінің негізгі мәні Аллаға құлшылық етудің міндеттілігі мен оның билігінің шексіздігі туралы айтылған аса маңызды Құран идеясына байланысты. Құранда туыстық қатынасқа тән сипаттан бір-біріне тәуелді таптық қоғамға тән сипатқа өтудің көрінісі айқын көрінеді.
«Дін» төңірегіндегі Құрани ұғымның сан алуандығы орта ғасырдағы мұсылман теологиясында көптеген сан түрлі түсініктердің туындауына себеп болды. Құранмен салыстырғанда бұл түсіндірулер діни сана мен қоғам алдында тұрған жәрдем мәселелерді басқа бір қырынан қарастырады. «Дін» термині әдетте үш құрамның жиынтығы ретінде қабылданады.
Жұртшылық арасына кең тараған әл-Бухаридің хадистерінде мынадай анықтамаға көбірек мән беріледі. Ол бойынша ад-Дін дінге деген сенімнің, дінге қатысты қағидаларды орындаудың және дінге шынайы сенуді жетілдірудің жиынтығы. Дін ұғымын түсіндіруде осы үш қағиданы сақтай отырып, ханафиттер соның ішінде дінге сенуді бәрінен жоғары қойса, ашариттік авторлар дін қағидаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын атап көрсетеді, ал ханбалиттер, кейінірек Ибн Тайлиша –«шынайы дәстүрдің», яғни Құран мен суннаның мәнін баса көрсетеді. Бұлардың соңғысы Дінді бір-бірімен сабақтас үш сатыда қарастырады. Олар шариғат, ат-тариқа, әл-хақиға.
Дін ұғымының астары оған жақын ұғымдардың орнын айқындау барысында да және оларды қарама-қарсы қойып қарастыруда да ашыла түседі. Дін туралы әл-Милла және әл-Мазһаб ұғымдарын салыстыра зерттеген Әли б. Мұхаммдедтің (1339-1412 ж.ж.) айтуы бойынша ад-Дін жұрт бағынуға тиіс заң, ал-милла – адамдарды біріктіретін заң, әл-мазһаб-жұрт ізімен жүруге ұмтылуға тиіс заң.
Жекелеген зерттеушілердің еңбектерінде Дін ұғымы әл-ислам терминінің баламасы ретінде жиі қолданылады. Сонымен, мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз — әлемді байланыс тыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезінетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік атаулы, ондағы құбылыстар мен үдерістер Алла Тағаланың қолында екендігіне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстығынан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адам дінін жоғалтуына алып келеді.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, христиандық діни ілім тұрғысынан да дін, мұсылмандық діни ілім тұрғысынан да дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік тудыратын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Демек, дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзгеше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.
Дінтанушылардың басым көпшілігінің қабылдағаны осы анықтама болғанымен, «дін» ұғымының мәнін басқадай түсіндіруге тырысушылар да баршылық. Сондықтан да болар осы уақытқа дейін ғылыми айналымда «дін» ұғымының 500-ге жуық анықтамасы жүр. Бірақ, біздің тараптан олардың бәрін санамалап, сипаттап шығуға мүмкіншілік жоқ. Сондықтан біз «дін» ұғымының мәнін анықтауға тырысқан анықтамаларды жіліктей-жіліктей келіп, олардың мазмұнында бар, әрі қайсы бір белгілері ортақ негізгі сипаттамалық белгілерін санамалай кетпекпіз.
Дін, — олардың анықтаулары бойынша:
- адамзат өркениетінің маңызды әлеуметтік институттарының бірі;
- мәдениет жетістігі, білім мен ғылыми-ой санасының жемісі, адамзат қоғамының рухани дүниесінің шамшырақтық бағдары;
- қоғамдық сананың айрықша нысаны, жаратылыс атаулыны жаратушы құдіретті күшке сенімнің қайнары;
- дүниені жаратушы тылсым бір күш бар екендігіне, оның жаратушы екендігіне сенімдердің, дүниетанымдық бағдарлардың, көзқарастары мен стереотиптік догматтардың жиынтығы, дүниені түйсіну мен түсіндірудің спецификалық типі;
- адамдардың жаратушысына табынып, оған сыйынатын әрекеттік жөн-жоралғыларының жиынтығы;
- адамдардың белгілі бір одаққа топтасуларының ұйымдық көрінісі, қауымдасуы;
- адам өмірінің іргелі мәселелері өзектелетін сенімдері мен әрекеттерінің жүйесі.
Десек те, «дін» ұғымының мәнін әртүрлі құбылтып, барынша нақыштап, ғылыми тұрғыдан алып қарастырғанда нақ осы анықтамасы дұрыс-ақ деп қаншалықты талассақ та, діннің басты белгісі адамның ақыл-ойы мен ішкі сезім мүшелері қабылдай алмайтын тылсым күшке сенім және оның бар екендігін мойындауда жатқандығын ұмытпалық.
Діннің пайда болуы туралы болжамдарды саралаған ғылыми әдебиеттерде талдағанда ұғынғанымыз, оның шығуы шамамен 40-50 мың жыл бұрынғы палеолит дәуіріне (тас дәуіріне), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейіндегі даму кезеңіне жатқызылады. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдар мен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді. Діннің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де (діннің гносеологиялық негізі) байланысты. Яғни жалпылама ұғым өзі белгілейтін нәрседен бөлініп, өзінше дербес өмір сүре бастайды, сондықтан нақтылы бар нәрселердің адам санасында бейнелеуінің негізінде абстрактілі түсініктер де пайда болады. Бұл мүмкіндіктер адамның тек қана нақтылы іс-әрекеттерінің тұтас жиынтығымен, қоғамдық қатынастармен (діннің әлеуметтік негізі) байланысты ғана іске асады.
Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болды. Бірінші жағдайға қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, политеизм (көп тәңірлі), монотеизм (бір тәңірлі), дейзм (әлемді жаратқан соң, оның одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім), т.б. түрлері пайда болды.
Соның ішіндегі тарихи тұрғыдан діннің неғұрлым ертедегі, ең алғашқы көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.
Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық діндерге тән емес. Ол қазіргі діндерден, мәселен, ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы иудаизм) және ұлтаралық, немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шиитік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де, көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Бағзы замандағы наным-сенімдер барлық діндердің пайда болуының қайнар бастауы. Себебі кез келген діннің өзегінде барлық тіршілік атаулының Жаратушысы бар екендігіне деген наным-сенім және оның алдындағы қорқыныш жатыр.