1 Шығыс ренессансы.
2 Ғылым, білімнің дамуы.
- Мәдениеттің даму ерекшелктері.
4.Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.
Захиреддин Мұхаммед Бабыр атақты Ахмет Яссауи, Лұтфи, Әлішер Науаи тәрізді шығыс әдебиетінің құзар биік көгінде тұрған таланттардың бірі.
Бабыр өзбектің классикалық әдебиетін, әсіресе Әлішер Науаидың бай әдеби мұрасын ілгері дамытқан ақын. Бұған Бабырдың лирикалық өлеңдері (жинағы) «Бабырнамасы», «Мұфассалы», «Бабыр жазбалары», «Ғаріптер ісі» тағы да басқа толып жатқан шығармалары дәлел. Бұл шығармалар өзбек халқы әдеби тілінің негізін салуға, сондай-ақ классикалық шығыс әдебиетін бұрынғыдан да әрі дамытуға қосылған үлкен үлес болды.
Бабырдың әдеби мұрасы әлі де болса өзінің тарихи-эстетикалық бағасын жоғалтқан жоқ. Қайта жылдар жылжып, ғасырдан-ғасырға жеткен сайын Бабыр қалдырған әдеби қазына қалың оқушы қауымның көңілінен шығары анық. Оның «Бабырнамасы» — әлем мәдениетінің ең үздік шығармаларының қатарына жатады. «Бабырнаманың» ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда көшірілген нұсқалары қазірдің өзінде Ленинград, Калькутта, Гагра, Хайдарабад, Манчестр, Лондон, Эдинбург секілді дүние жүзінің бірнеше қалаларында сақтаулы. Бабыр лирикаларының қолжазба нұсқалары Париж бен Үндістан кітапханаларынан табылуы да — ақын поэзиясына деген халықтар сүйіспеншілігінің айқын белгісі. Ал, оның музыка туралы, поэтикалық өнер, жаңа әліппе туралы, соғыс техникасы жайында жазған ғылыми еңбектері Орта Азия, Ауғанстан, Үндістан, Иран халықтарының тарихында баға жетпес ескерткіш есепті.