Монғолдардың Қытайды жаулап алуы. Юань империясы

Монғолдардың Қытайды жаулап алуы. Юань империясы Монғолдардың Қытайды жаулап алу процесі 70 жылға созылды. 1215 жылы Пекин алынып, 1280 жылы Қытай толықтай монғолдардың қол астында болады. Таққа Кұбылай отыра салысымен хан ордасы Пекинге көшіріледі. Сонымен қатар Қарақорым мен Шандун астана дәрежесінде болады. 1271 жылы Ұлы хан билік еткен бүкіл территория Юань деген атқа ие болады»

Монғол билігі Қытай территориясында I ғасырда таяу уақытқа созылады да, Қытайлықтар үшін қиын кезең болады. Әскери күштілігіне қарамастан,  Юань империясы өзінің тұрақтылығы, беріктілігімен көзге түспеді, әр уақыт халықта ереуілдер болып тұратын, кұпия буддалық «Ақ лотос» ұйымы кұрылды.

Әлеуметтік кұрылшыстың бір ерекшілігі, ол тең емес төрт категорияларға бөлінген. Солтүстік қытайлар мен оңтүстік тұрғындары 3 және 4 категорияға жатқызылатын, ал I — II категорияларда орталық Азиядан келген өкілдер мен монғолдардың өздері болған. Юань империясының билігі әскери күштілігінің арқасында ғана іске асатын. Әр қалады 1000-ға жуық монғол әскерлері, ал Хан ордасында 12 000 әскери адамдар болған. Юаньнің Вассалы болып Тибет пен Корё (Корея) табылатын. XIII г. 70 — 80 ж. Монголдардын Жапония, Бирма, Вьетнам, Ява аралып жаулап алу жарықтары сәтсіздікпен аякталған болатын. Юаньдік Қытайға Европа көпестері мен миссионерлері келген және Марко Поло, Арнольд сияқтылары сол кезеңдегі Қытай жайлы жазба деректерін қалдырған. ХІІг. салықтың әр-түрлі типтері еңгізіледі, олар: ер адамға төленетін салық, жер салығы болды, олар жібекпен, күміспен төленетін. Жер жеке және қазыналық болып екіге бөлінетін. XIV ғ. жеке меншік салығы көбейе, өсе түседі. Бұл жерлерде кұлдар еңбек ететін. Жер иеліктері көбіне әскери биліктілігі үшін қолбасшыларғасыйға берілетін. Қалалық өмір тек XIII ғ. пайда бола бастады.

Реестрлік тізімдерде 1279 жылы 420 мың мастер тіркелген. Монғолдар билік етуде қытай жүйесіне сүйенетін. ХШ г. қағаз ақшаның инфляциясымен, сауда; I орында нақтылы айырбас болды. XIII ғ. ортасынан бастай, монгоордасының ресми діні болып, Ламаизм — тибет буддизмнің бір ілімі есептеледі. Құпия діни секталар пайда болды. Юань империясының билі күру уакыты өте кысқа болды. Монғолдардың билік етуі Қытай мәдениетін өзгерте алмады. Бірақ монғолдардың қатыгездігі кей сәттері кытай халқы мен мәдениетін жойып жіберетіндей көрінетін. Соғыс кимылдарын жүргізу үшін Шыңғыс ханға қаражат керек еді. Монғолдардың билік кезегінде, соның ішінде Құбылай ханның кезіңде Қытайдың билік ету жүйесі толықтай жойылды. Билік басында шет елдерде келгендер болды. Солардың бірі Марко Поло еді. Бұл билеушілер шенеуліктер Қытай тілін мүлдем білмейтін, олар ресми тіл яғни монғол тілін жаттауға тырысатын. Көптеген Юань ескерткіштері мен жазбалары шала қытай немесе аударылған монғол тілінде жазылған. Егер де монғол үстемдігі Қытай жерінде бірнеше ғасыр соқталса, қытай тілімен не болары белгісіз, мүмкін жоғалып та кетер еді. Конфуниилік билеу мен білім бер жүйесінен бас тартып, қытайлыктарға жат буддизмді қабылдаған Юаң династиясының билік ету кезеңі қытайлықгардың жадында шетелдіктердің билік кұру кезеңі ретінде сакталған. Монғол езгісіне қарсы кытай халқының көтерілістері 1368 жылы Мин династиясының тақты орнығуымен дәлме – дәл келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *