1.Коре мемлекеті. Ван Гон.
2.Коренің әлеуметтік – экономикалық дамуы.
3.Қидандар, Чжурчжендер,Монғолдармен күрес.
4.Чоон мемлекеті.
Силламемлекеті І мыңжылдықтың ортасында кореядағы үш мемлекеттің ішіндегі ең әлсізі болған. Бірақта УІ ғасырдың ортасына таман өз күшіне ене бастады және Корей жартылай аралында үстемдік жүргізу мақсатында күреске бел буа кіріседі. 654 жылы Силла мемлекетінің тағын ван Тхэджон-Мурёль иеленді. Ван Тхэджон Мурёль сыртқы саясатты жүргізу барысында асыра белсенділік танытып, мемлекеттің Тан империясымен одақтасуына бар күшін салды. 660 жылы силландықтар мен қытай әскерлері Пэкче мемлекетінің астанасы Сабиді басып алып, мемлекеттің толықтай күйреуіне әсерін тигізді. 668 жылы Когурё мелекеті күйретіліп, оынң иелігі Тан имперясының қол астына өтті. Пэкче мен Когурё мемлекеттерінің тарих сахынасынан кетуі мұнымен тамамдалмады. Силла мемлекеті бүкіл аралдағы иеліктерін кеңейту мақсатында Тан империясымен келіспеушілікке тап болды.
Силла мемлекеті бұл уақытта өзіне күшті де, қуатты әскер жасақтап алған және әскерді мықты қолбасшылардың бірі Ким Юсин басқарды. 661жылы әкесі дүние салғаннан соң, оның орнына ұлы Ван Мунму билікке келеді. Ван Мунмудың алға қойған мақсаты қытайлықтарға дес бермей өз позицияларын толықтай қорғап шығу. 670 жылы Қытай мен Силла мемлекеттері арасында соғыс басталды. Силла қытай шапқыншыларына қарсы белсене күрес жүргізгені үшін Когурёнің ақсүйектерінің бірі Ансынаны Когурёнің ваны деген атақпен марапаттады. Бұл кезде Силла Пэкчеде Тан империясының құрған қуыршақ мемлекетіне қарсы қарулы әскерін жасақтап, бір жылдан соң толықтай өзінің қоластына бағынышты етті. Бірақта қытай әскерімен болған қақатығыс жеті жыл аралығына созылып кетті(670-676 ж.ж.). Бұл соғыс үздіксіз жүргізіліп отырды. Қытайлықтар силландықтардың жеңісін толықтай мойын дады, бірақта 60 жылдан соң ғана(735жыл) үстемдіктен босатқан. Ансын 683 жылы ресми түрде силландықтарға қызметке ауысып, оған Ким деген титул берілді және Ван Мунмудың апайын әйелдікке берілді. Сөйтіп Силлада бірігу кезеңі басталды. Мемлкеттің құрамына Корей жартылай аралындағы барлық оңтүстік бөліктерінің барлығы енгізілді. УІІІ ғасырда Қытаймен диполатиялық қарым-қатынас орнатыла бастады. Елшілермен өзара тәжірибе алмасты. Ал Жапон мемлекетімен қатынас әліде дұрыс жолға қойылмады. 698-703 ж.ж. жапондықтар Силла мемлекетіне елшілік сапармен бірнене мәрте келіп, мемле кет аралық байланысты тұрақтандыруға белсене араласты. Соған қарамастан жапондықтар силландықтарға бірнеше мәрте шабуылдар жасап отырған. 733 жылы Бохай мемлекетіне қарсы тұтқиылдан шабуыл жасап, 819 жылы Ли Шидао Юньчжоу мохэских тайпаларының бүліктерін толықтай тойтарып тасты.
Силла мемлекетінің ішкі саяси тарихы мемлекеттік құрылыстың саяси билігінің сипаттамасын аристократтардың мәртебесімен есептеді. УІ ғасырда аристократия мемлекетте шешуші роль атқарғандықтан; мұралық мәселесінің де шаруасын қадағалап отырған. Кейіннен УІІ ғасырдың бірінші жартысында мемлекеттік аппарат пен тұрақты әскер құрылғаннан соң аристократияның беделі төмендеп кетті. 654- 681 жылдары ван Тхэджон-Муёль мен Мунмудың вандық автократиялары орнаған кезеңге айналды. Ким Юсин сияқты вандардың қолдауымен екі ван өздерінің қолдарына барлық үстемдікті иеленуге тырысып бақты. Саясат жүргізу барысында вандар пэкче мен когерё ауқаттылары тарапынан қолдау тапты. Әрине бұл әрекет, мұндай өзгерістер жергілікті аристократтар тарапынан наразылық туғызды. Наразылықтар біртіндеп бүлікке, қастандықтарға ұласып жатты.
Ван Синмун (Ван Мунмудың ұлы) билік еткен дәуірінде (681-780) мелекет гүлдену мен даму кезеңдерін басынан өткерд және мемлекет орталықтанған мемлекеттердің қатарына қосылды. 780 жылғы ел ішінде бүліктің нәтижесінде ван Хегон өлтірілген соң, үстемдік ету құзыры Ким ұрпақтарына берілді. 861 жылы екі ұрпақ арасында ван Вонсон аралықтарында билікке деген толассыз күрес аяқталмай жалғасын таба берді. Екі ұрпақтар арасындағы дамылсыз, билікке деген өзара талас мемлекетті әлсіретіп жіберді.
ІХ ғасырдың екінші жартысы мемлекет үшін нағыз тоқырау кезеңі болып табылды. Мемлекеттің ішкі құрылысындағы тұрақсыздық көптеген террито рияның ыдырап кетуіне мүмкіндік туғызды. 861 жылы Силла мемлекетінің ваны болып Кёнмун тағайындалды. Кёнмун өзінің ұрпақтарымен бірге билікте 912 жылға дейін үстемдіктерін жүргізді. 887-897 жылдар аралығында мемлекет үшін тағы да бір күрделі кезең әйел-ван Чинсонның билікке келуі еді. Мемлекеттік биліктегі міндеттердің барлығы оның фавориттерінің құзырлар ында болды. Салық мемле кеттік қазына келіп түспеді, соның кесірінен мемлекеттік қазынадағы қор біртіндеп құрдымға кетті. 889 жылы Саболь аймағында сановниктер бүлік ұйымдастырды. Бүлікті басып- жаншуға мемлекеттің еш мүмкіндігі болмады. Сөйтіп мемлекет құрдымға кетті деп айтуға әбден болады.
Силла мемлекетінің ішкі тұрақсыздығы мемлекетті түбегейлі әлсіретті. Жат жерліктердің мемлекетті билеп төстеуі жергілікті халық арасында наразылық туғызды. Тан империясына жаулап алған Пэкче мен Когурё мемлекеттерінің иеліктерінде өктемдіктерін орнату мүмкін болмай қалды. Халық толқулары Силла мемлекетінің билеушілері арасынан қолдау тапты. Сонда бір түсініксіз жайт пайда болады, егерде Силла мемлекетінің билеу шілері халық наразылығын қолдаса, неліктен олар қытай мемлекетінен көмек сұрап, одақтас мемлекеттерді күйзеліске ұшыратады. Ал енді қытай феодалдарына иеліктерінде үстемдік орнатуға қарсылықтарын ашықтан ашық көрсетіп отыр. Силла билеушілерінің мұндай позициясы Тан империясымен өзара түсініспеушілікке әкеліп соқты. 670-676 жылдары аралығындатан империясы мен силландықтардың арасында соғыс оты бұрқ етті. Нәтижесінде Кореяның барлық аймағы Силла мемлекетінің құрамына толықтай енді.
Силла мемлекетінің қуатты күшке ие болып, мемлекеттерді біріктіруі Кореяда феодалдық өндіріс тәсілдерінің толықтай бекінуіне мүмкіндік ашты. Мемлекет аралық тартыстың тоқтатылуы, көршілес елді мекендермен бейбіт қарым- қатынастардың орнауы дамудың жаңа кезеңіне жол ашты. Құрылыс істерінің жетілуі ауыл шаруашылығының да өніп- өсуіне септігін тигізді.
Феодалдық қатынастардың дамуы жерге деген мемлекеттік меншіктің тірегі негізінде қалыптасты. Жер қойнауының басым бөлігі ұсақ бөліктерден тұрды (бөліктердің қожалары мемлекетке жері үшін салық- рента төлейтін, әскери міндет атқаратын, мемлекеттің барлық шаруасын мойнына жүктеп алған шаруалар болды).
УІІІ ғасырда мемлекеттік меншік әлі де болса күшейе түсті және осы мәселені бақылап, қадағалап отыратын әскери-әкімшілік басқару аппараты өзінің жұмысын мемлкет пен шенеуліктердің үлесіне қарай ба,ыттап отырды. УІІІ ғасырдың орта сында әкімшілік территориялық бөліс жүргізілді, тоғыз аймақтық бөліс( оның үшеуі силландық жерде, үшеуі когурё жерінде, үшеуі пэкче жерінде құрылыды) және бес өкілетті (немесе кіші астана), сонымен қатар аймақтар мен уездерге бөлу толықтай жоспарланды. Жергілікті әкімшілік қызметке астаналық басқарушылар тағайын далады. Шенеуліктерді мемлекеттік қызметтерге арнаулы дайындықтан өткізетін мемлекеттік жоғары оқу орындары ашылды. Аранулы мектептерден өткен қызмет кер адамдар дәріс барысында мемлекеттік емтихандар тапсыруы міндетті болды.
Мемлекеттің астанасы ретінде қызметкер аристократтар шоғырланған 170 мың ауылы бар аймақ таңдап алынды. Астаналық байлардың үйлері салынуы мен көр кемдігімен ерекшеленді. Астанада шебер қолөнершілер міндетті түрде қызмет атқарды, себебі олар билеуші таптың мүдделеріне тиесілі қызмет етті. Колөнер мен егіншіліктің дамуы сауда қарым-қатынасының дамуына әкелді. Силлан қолөнерші лерінің өнер туындылары тек өз аймақтарымен шектеліп қалған жоқ, тауарлар шет аймақтарда да кеңінен танымал болды. Әсіресе силландық көпестері Қытай және Жапон көпестерімен тығыз сауда байла нысын жүргізіп отырды. Силла мемлекетінің билеуші топ өкілдері Қытаймен аралықтағы байланыстарды қайтадан жаңғыртуға тырысып бақты. ІХ ғасырдың 80 жылдарында Қытай мен силла мемлекеті арасындағы диполматиялық байланыс өз күшін жойды. 790 жылы және 812 жылдар аралығында Қытайға елшілер екі рет дипломатиялық сапармен барды, өкінішке орай іс сапар сәтсіздікпен аяқталды.
ІХ ғасырда Жапония мен Силла арасындағы байланыс жиілей түсті. Кенеттен 803 жылдары Силла мемлекеті мен Жапон мемлекеті арасында достық қарым- қатынас орнап, елшілермен тәжірибе алмасу қимылдары жүзеге асты. ІХ ғасырдың барлық кзеңдерінде Жаподықтар Силла мемлекетіне елшілерін үнемі жіберіп отырған. Ал силландытар болса, өз кезектерінде жаподықтардың территориясына бірде- бір рет аяқ баспаған. 891 жылы Янгиль атты біреу тоғыз аймақ пен елді- мекендерді Ёнджу өңірінде толықтай бағындырған деген дерек бар.
892 жылы Вансанда орныққан Кёнхвон Хубэкче (Кейінгі Пэкче) мемлекетін құрды. Кёнхвон Аджагэ дейтін аты белгісіз қарапайым шаруа баласы. Кейіннен қолбасшылық өнерімен көзге түсіп, әскерде мәртебеге ие болды. Кёнхвонның құрған мықты әскери құрамы Силла мемлекетіне қауіп төндірді. 90 жылдардың ортасында силла вандарының бірінің баласы, монарх Кунье халық арасында танымал бола бастады. 891 жылы ол Янгильдің қоластында қызметтілікте жүріп, орталық бөлікте орналасқан аймақтарды бағындырып, өзін тәуелсіз билеуші деп жариялаған. 899 жылы Янгиль Куньеден қауіптьеніп оны құртуға тырысады, бірақта сәтсіздікке тап болады. 901 жылы Кунье өзін Ван деп жариялайды. 904 жылы Куньенің құрған мемлекеті Маджин(911жылдан – Тхэбон) деген атауды иеленді. Мемлекетте өзіндік бюрократиялық билік орнады.
918 жылы Кунье сатқындықтың зардабын шегеді, оны өз араларындағы қолбасшылардың бірі Ван Гон өлтіреді. Ван Гон Корё атты жаңа мемлекет құрады. Ван Гон Силла мемлекетімен достық қарым –қатынасты сақ тауға тырысты. Ал Кёнхвон бұл достықты еш қолдамады. 927 жылы тосыннан шабуыл жасау арқылы силла мемлекетінің астанасы Кымсон қаласын басып алады. Силла мемлекетін бүтіндей тарих сахансынан жойып жіберуге дәті бармаған Кёнхвон билікке Ким Пу руынан шыққан өз адамдарының бірін тағайындады. Бұл уақытта Силла мемле кетінің территориясы тарылып, басқаратын иелік болмағандықтан соңғы вандардың бірі Кёнсун биліктен бас тартып, Ван Гонның қоластына өтуді дұрыс деп шешеді. Сөйтіп, үздіксіз билікке таластың арқасында, мемлекетте саяси тұрақтылықтың болмауы нәтижесінде Силла мемлекеті өзінің өмір сүруін толықтай тоқтатты.
Біріккен Силла мемлекетінің даму кезеңінде Кореяда жер мемлекеттік меншіктің пайда табу көзіне айналды. Жер қорының басым бөлігі ұсақ шаруалардың иелігінде болды. Силла мемлекетінің бір орталықтан басқару жүйесінің кейбір жақтарын талдай кетсек оның өзіне тән ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Силла мемлекеттін басқарудың жоғарғы органы- чипсасон деп аталды. Құзыры мемлекеттік маңызы бар сұрақтарды талқылау, нақты шешім қабылдау. Басшысы- чунси (суджун)- мемлекеттік әкімшілктегі басты тұлға болған. Келесі маңызды қызметтердің бірі сандэдына- ван қарамағындағы кеңес басшысы. Жеке басқару орындары (бу) әскери істерді жүргізуші, фи нанс, мемлекет қаржысын қадағалаушы, құрылыс, транспорт. Флот, бақылау, ішкі байланыс, шенеуліктер кадрлары, әділет тілік органдары, жазалау ұйым дары, қоғамдық жұмыстарды жүргізу мемлекеттік маңызы бар шаралардың бірі болып табылады. Маңызды емес, ұсақ мәселелермен (со) басқару орталығы жүргізіп отырған. Барлығы орталық басқару аппаратында 160-ға жуық бөлімдері болған. УІІІ ғасырда ван Кёндоко мемлекетті басқару жүйесінде қытайлық жүйеге ұқсас реформалар жүргізді. Нәтижесінде көптеген қызметтер мен құзырлардың барлық атаулары өзгеріске ұшырады. Бірақта 20 жылдан соң бұрынғы жүйе қайтадан қалпына келтіріледі.
Мемлекеттік қызметте жүрген шенеуліктер 17 рангтарға бөлінді. әр рангқа тиесілі шен белгіленді, яғни астаналық және провинциялық. Әкімшілік қатынаста ел 9 аймаққа бөлінді. Аймақтар чу деп аталды. 5 кіші астана согёнге және 116 округ пен 293 уезге бөлінді. Әкімшілік бірлік ретінде шенеуліктерге 16 провинциялық дәреже берілді. Мемлекеттің негізгі тірегіі болатын әскер құрамы қарапайы халықтан құралды. Еркек атаулының барлығы әскер құрамында міндетті болуы керек.
Біріккен Силла мемлекетінде сүйеніп отырған деректерге қарағанда 5.7 шенеуліктер, оның 1350 орталық аппаратта қызмет еткен, 3,8 әскери адамдар болған. Шенеуліктерге жалақы әртүрлі деңгейде төленді; бірде жер түрінде өтелсе, бірде материалдық құныдылықтар есебінде беріліп отырған. 687 жылы шенеуліктерге жер таратылып берілді. Кейіннен 689 жылы жер айлығы (ногып) алып тасталынып, оның орнана ақыны өтеу бидай түрінде енгізілді. 757 жылы айлық ақы қайтадан ногып түрінде төленді. Яғни ақыны өтеу қайтадан бұрынғы жүйеге түсірілді.
Силла мемлекетінің идеологиялық бағытта жүргізілген халық арасынан ешбір наразылық туғызбады. Себебі, конфуциандық пен буддизмді жергілікті халық шын көңілімен қабылдап оның кеңінен таралуына әбден мүмкіндіктер тудырып отырған.
Біріккен Силла мемлекеті Корей тарихында маңызды орын алады. Бұл кезең тұңғыш рет орталықтанған мемлекет құрылды. Мемлекетте жүргізілген әкімшілік және саяси өзгертулер мен толықтырулар кейінгі қалыптасқан мемле кеттердің тарихи процестеріне әсер етті. Қаншалықты мықты болуға тырысқан Силла мемлекетінің шайқалуына, күйзелуіне әср еткен мемлекеттер Силла мемлекетінің тарих сахнасынан кетуіне ықпалын тигізді. Силла мемлекетінің басына түскен тағдыр тауқыметі одан кейін де келген мемлекеттердің ары қарай дамып, гүлденуіне кесірін тигізеді. Іштен шыққан жау жаман демекші мемлекеттің қарқынды дамуына кедргі жасаған ішкі саяси тұрақсыздық мемлекеттің тағдырын әп сәтте шешеді.
Корё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Х ғасырдың басында Корей жартылай аралында жекеленген шағын мемлекеттер қалыптаса бастағанын алдында келтірілген ақпараттардан білеміз. 901 жылы Кунье Хубэкче мемлекетінің негізін салды. 904 жылы бұл мемлекет Маджин деп аталып кетті. 911жылы, яғни кейіннен Тхэбон деген атауға ие болды. Куньеның жақтастарының ішінен ерекше көзге түскен, ауқатты ортадан шыққан Ван Гон Силла мемлекетінің иеліктерін меншіктеген негізгі тұлғалардың бірі болды. Ван Гон есімі тарихта Х ғасырда пайда болған келесі мемлекеттің пайда болуына ықпал еткен. Сондықтан жаңадан қалыптасқан Ван Гонның құрған Корё мемлекетінің астанасы Сонака деп белгіленді. Бірақта кейіннен астананың аты Кэгён(қазіргі кездегі атауы Кэсон) деп өзгертілді. Корё мемлекетінде сепаратистермен күрес жүргізу қырық жылға жуық уақытқа созылып, мемлекеттің әкімшілік жүйесін дұрыс жолға қоюға тек осы уақытта мүмкіндік болды. 946 жылы кидандық Ляо империясы Солтүстік Қытайды жаулап алып, Корё мемлекетінің шекарасына қауіп төндіреді. Корё мемлекетінің билеушілері, қолбасшылары қорғану саясатын жүзеге асыру мақсатында жаңадан қамалдар мен горнизондар тұрғызуға кірісті. Корё мемлекеті қидандар мен қытайлықтар арасында болып жатқан қақтығысқа араласпай, бейтарап саясат сақтауға тырысып бақты. Бірақта 993 жылы Корё мемлекетінің территориясына қидандықтар баса көктеп кіріп келді. Корё әскерлерінің қақтығысна кездескен қидандықтар мемлекеттің оңтүстігіндегі аймақтарда келісім шарттар жасасуға бел буды. 1009 жылы ван Мокчон қолбасшылардың сатқындығы салдарынан өлтірілді.
Мемлекет ішіндегі өзара тартыс пайдаланбақ болған қидандықтар 1010 жылы тағыда Корё мемлекетіне шабуыл жасады. 1011 жылы қидандықтар корёнің астанасы Кэгёнды талқандады. Жаулап алынған территорияларда қидандықтар жергілікті халықтың қақтығыстарына тап болды. Үстемдікке иойын ұсынбаған корё халқының қарсылығын баса алмаған қидандықтарға шегінуге тура келді. 1014 жылы Корё мемлекетін тағы да қолбасшылардан құралған топ басып алды. 1018 жылы қидандықтар үшінші рет мемлекетке тарпа бас салады. Хынхванджина аралығында болған қақтығыстан кейін Кэгёге қарай бет алады. Онда сәтсіздікке ұшырайды. Шегіністен кейін Куджу түбінде толықтай жеңіліске ұшырайды. Үнемі сәтсіздіктен жалғаса бергендіктен қидандықтар шарасыздан Корё мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатуға мәжбүр болады.
ХІ ғасыр Корё мемлекетінің гүлдену кезеңі болып табылады. Мемлекет билеуші ван Мунджоне 1047-1082 ж.ж. аралығында билік етіп, екі ғасырлық тарихы бар мемлекетті басқарудың әкімщілік жүйесін қалыптастырады. Мемлекет үшін бұл кезең жерге деген жеке меншіктің орталықтанған мемлекеттік меншік түріне айналуына принципиальды түрде жағдай туғызған кезең болды. Әр мемлекеттің гүлдену және күйреу кезеңі болады деген сиқты, ХІІ ғасырдың бас кезінде мемлекеттің ішкі бытыраңқылығы , жер қорының азаюы елдің прогрессивті дамуына кедергеі туғызды. Жерді үлестіру саясатындағы әлеуметтік теңсіздік үстем етуші таптар арасындағы өзара түсініспеушіліктің қалыптасуына әкеп соқты. Сонымен қатар әскери және жергілікті азаматтар арасында да өзара келіспеушілік пайда болды. Салықтың шектен тыс енгізілуі, шаруалардың шектен тыс қанауға түсуі мемлекет ішіндегі жағдайды шиеленісе түсірді. Мемлекет ішінде қарапайым халық арасынан шыққан ауқатты адамдардың қатары көбейе бастады және олар саяси дәрежеге көтеріле бастады. Көптеген жерлер монастырлардың иелігінде болды. ХІ-ХІІ ғ.ғ. аралығында ірі жереге деген жеке меншігі бар топтар қалыптаса бастады. Ірі жериеленушілердің қатарын әскери адамдар құрды.
ХІІ ғасырдың басында Корё мемлекеті чжурчжэндықтармен қақтығысады. 1104 жылы Чонпхён қамалының түбінде болған шайқаста корёлық әскер жеңіліске ұшырайды. 1107 жылы чжурчжэндықтар екінші мәрте шабуыл жасайды, бірақта сәтсіздікке ұшырайды. Корё мемлекетінің әскерлері қарсылас жаулардың территориясын баса көктеп кіреді, шамасы тек екі жыл ғана созылады. Кейіннен Қытайда чжэндық Цзинь империясы құрылғаннан соң Корё мемлекеті вассалдықты қабылдады. Мемлкеттегі үстемдік ету құзыры Ли Джагемудың қолына шоғырланды. Ли ван Инджонды өзінің екі қызына үйлендіріп, мемлекетті екі жақты билеудің жеңіл жолын шешіп алды. Әскери министр иен шенеуліктер министрі таза өз құзырында болды. 1126 жылы Ван Инджон оны биліктен аластатуға тырысып бақты, бірақта ақыр соңында өзі бостандығынан айырылып қала жаздады. Тек қана бір жылдан соң Согён сановниктері мен буддистік монах Мёчхонның қолдауымен Инджон Лиді мемлекеттегі биліктен толықтай аластатады. Мемлекеттің астанасын Согён қаласына алмастыру қажет деген шешім қабылдады. 1135 жылы Согён қаласында бүлікшілер бас көтере бастады. Оның ұйымдастырушысы Мёчхон болды. 1136 жылы мемлекеттік қайраткер Ким Бусиктің арқасында Согёндегі бүлік толықтай басып— жаншылды.
ХІІ ғасырда қарама-қарсы топтар арасында қақтығыс үдей түсті. 1170 жылы вн Ыйджон әскери төңкеріс нәтижесінде тақтан құлатылады. Чон Джунбу бастаған қолбасшылардың көмегімен билікке Мёнджон келеді. Мемлекетте басқару жұмысын қадағалап отыратын Чунбан атты әскери орган жүргізіп отырды.
ХІІ ғасырдың ортасынан 1162 жылы және 1166 жылдар аралығында шаруалар көтерілісі үдей түсті. 1176 жылы Мани атты шаруаның басқаруымен шаруалар соғысы кеңінен етек алды. Көтеріліске қатысушылардың құрамы ноби атты мемлекеттің шаруалардан және өзге де шаруалардан тұрды. Шаруалар елуге жуық қалалы аймақтарды жаулап алды. Тек қана 1178 жылы шаруалар соғысы жеңіліске ұшырап, оның жетекшісі Мани қатаң жазаға тартылды. 1193-1194 ж.ж. Кёнсан провинциясында Ким сами, Хё Сима және т.б. өкілдердің жетекшілігімен ірі шаруалар көтеріліс болды.
1196 жылы мемлекеттің билігі қолбасшы Чхве Чхунхонның қолына өтеді. 1258 жылғы монғол шапқыншылығына дейінгі аралықта мемлекет осы қолбасшының өзі және оның ұрпақтары билігін жүргізді. Чхве Чхунхон мемлекеттің дамуы мүддесінде ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген еңбектер атқарды. 1198 жылы мемлекеттің солтүстік— шығысында шаруалар көтеріліс тағы да бас көтереді. 1200 жылы Кёнсан провинциясында мемлекеттік шаруалар ноби мен шаруалар көтеріліс бұрқ етті. 1201 жылы көтеріліс басып жаншылды. 1203 жылғы аруалар көтеріліс ұзақ уақытқа созылып кетті.
ХІІІ ғасырдың басында Корё мемлекетіне қидандықтармен келесі кезекте қақтығысуға тура келді. 1216—1218 жылдары болған бірнеше соқтығысулар мемлекетті тағы да күйзелтті. Ендігі кезекте Корё мемлекетіне қауіп төндіруші монғолдар болды. Қай уақытта болсын азаптан құтылмаған халыққа тағы бір рет ең мықты бақаталстарымен күш сынастыруға тура келді.
Корё мемлекетінің әкімшілік жүйесі екі жақты жүйе бойынша, біріншісі- тхэбондық, ал екіншісі – силлалық дәстүр негізінде қалыптасты.Корёмемле кетіндегі шенеулік жүйесінің принципиальды жаңалығы болмады. Тіпті шенеулік дәрежелері болмады деп айтуға да болады. Қытайдағы тоғыз рангктық жүйе енгізілді. Қоғамда белгілі бір дәрежеге ие болу мансапқа айналды. Әр мансапқа тиесілі дәреже тағайындалды. Хун— ерекше үлестері үшін берілетін атақ, чак–құрметке ие тұлғалар, мунсанге — қызметке аралас пайтын азаматтық шенеуліктер, мусанге-қызметке араласпайтын әскери шенеуліктер.
Орталық басқару аппараты әртүрлі бөлімдерден құралған; жоғары өкіметтік бөлім, жекеленген министрліктер, негізгі ғылыми—оқужәне басқа да басқару бөлімдері —си, кеңсе бөлімі- со, қоймалар- чхан,ко, сарайлық бөлім меңгеру шілері тогамдар деп аталды. Корё мемлекетінің тарихындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар жылдар өте өз алдына маңызды мәселерді мақсат етіп қойған.
ХІ ғасырдың ортасында 1047-1082 жылдары аралығында әкімшілік жүйеде түбегейлі өзгерістер жасаланды. Шенеулік аппарат құрылыды, жекеленген штататр бір жүйеге келтірілді. Ммелекеттегі барлық шенеуліктердің дәрежелері күні бұрын белгіленіп қойылған. Ванның кезіндегі кеңесетін органның атауы Тобёнмаса деп белгіленді. Корё орталық аппаратында 150-170 астам бөлімше лерден құралған. 500 ден аса қызметте 2.5 мыңнана аса шенеуліктер қызмет еткен.
Корё мемлекетінің әкімшілік – территориялық бөлігі провинциялардан тұрған, оны то деп атаған. То ұсақ әкімшілік бөліктерден құралған. Провинциялардың саны тұрақсыз болған. ХІ—ХІІ ғ.ғ. Солтүстік және Оңтүстік шекаралық аймқтардан, ал олардың әрқайсысы екі провинциядан құралған. Ірі провинциялардың қатарына жататындар; Пхеньян (Когурёның бұрынғы астанасы), Кёнджу (Силланың бұрынғы астанасы) және Янджу (Пэкченің бұрынғы астанасы), олардың атауы Согён, Тонгён және Намгён («солтүстік», «шығыс», «оңтүстік» астаналары). Провинцияларды басқаратын арнаулы органдар бар.
Корё армиясын басқаратын және штатты ұйымдастырушы чангун болды. Мемлекетті жалпылама басқаратын коллегиалды орган – Чунбан, олірі командирлер мен оның орынбасрларынан құралды.Әскери шенеуліктердің қатары 4 мыңнан аса болды. Корёде шенеуліктердің саны жалпы 10 мың адамнан тұрды. 1076 жылы еңбегң ақы төлеу бидай ретінде жүзеге асырылды.
Корёдегі шенеуліктер, яғни янбандар билеуші тап болып есептелді. Мемлекеттік шенеулік қызметке адамдарды мемлекеттік маңызы бар емтихан дарды тапсырған уақытта ғана берілді. Тіпті 958 жылдары емтихандарға қарапайым шаруалар да қатысу құқығына ие болған. Корёде Силла мемлекетіндегі сияқты пайда табудың негізгі көзі шаруалардың еңбегін қанау. Еңбеке жарамды барлық шаруалар әскери қызметке тартылған. Көпестік әрекеттілік мемлекеттің қазына толтыру мақсатында жұмыс жасады. Негізгі көзі бай, ауқатты шаруалар. Деректер сүйенсек көпестердің мансабы шаруа лардың жағдайына қарағанда төмен дәрежеде тұрды. Керісінше шаруалардың кәсібі жоғары мәртебеде болды. Тұрмысына деген қажеттілікті қанағаттан дыруға тырысқан ауқатты шаруалар өз көрсеткіштерін одан ары жоғарылатуға тырысып бақты.
Корё мемлекетіндегі жағдайдың тұрақтануы жерге деген жеке меншікті қалпына келтіріп, оны жоғары дәрежеде ұстап қалуды ұстанды. Чонсиква бөліктері мемлекеттік салық жинаумен айналысты. Кон, ху, пэк, нам және ча титулын ұстанған тұлғалар үшін сигып тағайндалды. Сыйға тартылатын жер – саджон, мұрагерлік жолмен ұрпақтан- ұрпаққа берілді. Мараптталған жерлер- конымджонси. Шаруалардың жері – минджон, шаруаның құзырында болғанымен, мемлекеттік меншікте болды. Шаруалардың қанаудың көзі жер салығы болды. Ван Гонның кезінде жер салығы астықтың 1/10 бөлігін құрады. Х ғасырда салықтың көлемі төрт еселенді. Корё мемлекетінде жерге деген меншікке салынған салықтан басқа, кіріптарлық болды. Оның құны еңбекпен және әскери міндетпен алынып отырды.
ХІІІ ғасыр тарихта талй шайқастар мен шапқыншылықтар толастаған ғасыр болып табылады. Бұл шапқыншылықтардың Қиыр Шығыс пен Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне де тиген кесірі де бар. 1218 жылы моңғолдар қидандықтарды талқандаймыз деп Корё мемлекетінің территориясына баса көктеп кіреді. Корё мемлекетінің ваны моңғолдармен достық байланыс жасауға мәжбүр болады. Достық байланыс жасау моңғолдардың вассалына айналды деген мағынаны білдірді. 1225 жылы моңғол елшілерінің біреуі өлтрілген соң вассалдықтан құтылдық деп үміт артқан корёлықтардың қуанышы ұзаққа бармады. 1231 жылы моңғолдар қытай мемлекетіне қарсы шапқыншылыққа шығады. Ал біз аталып өткен деректерден білеміз, қытай мемлекеті корё мемлекетінің территорясын өзіне кепілдікке алғаннын, бұл дегеніміз қытайға төнген қауіп, корё мемлекетіне төнген қауіппен бірдей болды. Моңғол қолбасшыларының бірі Сарытай моңғол әскерлерімен Амноккан өзенінен қарай бойлай Хамчинсонды басып алады. Куджуды қоршау бір айға жуық уақытқа созылды.
1231 жылыдың жазында Корёге моңғолдар кезекті шабуылға шықты. Корё мемлекетінің Сохэ провинциясы моңғолдарға тойтара қарсылық көрсетті. 1231 жылдың соңғы кезеңдерңнде моңғолдар Корё мемлекетінің астанасын басып алады. Сөйтіп мемлекеттер арасында келісім шарт жасасу туралы мәселе қозғала бастайды. Корейдің «Корёса» атты деректерінің бірінде былай деп айтылған; «Талқандалмаған ешбір жер қалмады, моңғолдар жолында кезедескеннің барлығын күл- талқан етті.»
1232 жылы Корё мемлекеті мен моңғолдар арасында келісімге қол қойылады. Келісім шартының мәні бойынша корёлықтар моңғолдарға көп мөлшерде салық төледі. Бірнеше айдан соң Корё мемлекетінің шенеуліктер екі ел арасында жасалынған келісім шартты бұзуға бел байлайды. Моңғол өкілдері территориядан қуылды. 1232 жылдың жазында моңғолдар екінші мәрте жорыққа шығады. Өкінішке орай сәтсіздікпен аяқталады. Моңғолдардың шегінуіне тура келді.
1235 жылы моңғолдардың құрылтай жиналысында қабылданған шешім; Батысқа, Орталық Азияға, Қытайды және Корё мемлекетін бағындыруға байланысты әскери қимылдардың жоспарын жасақтау. 1236 жылы Корё мемлекетіне моңғолдар тағы да шабуыл жасады. 1239 жылы моңғолдар мен корёлықтар арасында тағы да бір келісім шар жасалынды. Келісім бойынша жасалынған шартты корёлықтьар орындауға мойын ұсынбады. 1247 жылы моңғолдар Корё мемлекетіне төртінші рет шабуыл жасайды. 1254 жылдарға дейін моңңолдар корёлықтарға тыныштық бермеді. 1257 жылы моңғолдар өздерінің барлық күшін Корё территориясына кезекті қауіп төндірумен жалғастырды. 1258 жылы Корё мемлекеті моңғолдардың билігін толықтай мойындауға мәжбүр болды. Жаңа ван Вонджно моңғолдардың үстемдігіне бас иеді. 1260 жылы Хубилай өзін ұлы ван деп жариялайды. Астанасы Пекин қаласы болды. Әскери жорықтардың негізгі көзі – қытай армиясы мен теңіз флоты.
Моңғол императорларының бірі Хубилай Кореяны Жапонияны жаулап алу базасына айналдырмақ болды. Көптеген кемелер құрылысын салумен, азық – түлікті жабықтаумен, солдаттарды мобилизациялау әбден күйзелген Корея үшін өте ауыр болды. 1274 жылғы жорыққа 8000 корей жаяу әскері және 6700 теңізшілер қатынасты. 1281жылғы жасалынған екінші жорықта моңғолдар 900 кеме мен көп мөлшерде азық – түлік талап етті.
Моңғол феодалдары «шығыс жорығын бақару» тәсілін сақтап қалуға тырысты. Корей король тек негізіг органның басныда болғанымен, барлық шешімді оның орынбасарлары ретінде тағайындалған моңғол наместниктері басқарып отырды. Мемлекеттің әкімшілік басқару жүйесін толықтай бақылауға лаып отырған да осы адамдар болды.
Моңғолдардың езгісі феодалдық қатынастарды одан әрі күшнйте түсті. Корей халқына көрсетілген қорлық ұшан теңіз болды. Мәселен, моңғолдар жергілікті халықтан 150 мың мөшек астық талап етті. Өз екркімен келісіп бермеген, талап еткен сұраныстар өтелмеген жағдайда күштеу саясаты қолданылды. Моңғол шенеуліктерінің бірінің күнделігінде былай көрсетілген; «Тұтқындыққа, құлдыққа тартып алынып кеткен әйелдердің ата- аналары қатты мұңға салынды. Тіпті есінен танып құлап жатқандарда болды».
Моңғолдар Корей мемлекетінен екі аймақты, яғни біріншісі, солтүстік- батыста Тоннёнбу, ал екіншісі — солтүстік- шығыста Ссансон чхвонгванбу өз үстемдіктерінде ұстап отырды. Егерде корейліктер моңғолдардың билігіне қарсылық білдірген жағдайда моңғолдар жекеленген феодалдардың арасында от салып, бүлік шығаруға дейін дайын тұрды. Корейдің феодалдық өкілдері моңғолдарға күн өткен сайын тәуелді бола бастады. Оның дәлелі моңғол феодалдары мен корей феодалдары арасында неке байланысы жүзеге асырылып, ұзақ уақытқа Юань империясының астанасы Пекин қаласында тіршілік етті. Қарап отырғанымыздай Силла мемлекетінен кейін Корей түбекында саяси тұрақтылық орнатпақ болған Коре мемлекетінің(бүгінгі атауы Корей мемлекеті) тағдыры да аянышты халде болды. Корей мемлекетінің ішкі саясатындағы тұрақсыздық мемлекетті шет елдік басқыншылардың талан- таражға салуына әбден мүмкіндік туғызып отырды.
Әдебиеттер:
Бутин Ю.В. От древнего Чосона к Трем государствам. Новосибирск, 1984.-458
Ванин Ю.В. Феодальная Корея в Х11-Х1У вв. Москва, 1962. -520 б.
Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи ХУ-ХУ1 вв. М,1981.-346 б.
Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний, Средний, Дальний Восток и Юго- Восточная Азия). М., 1987.-480 б.
Волков С.В. Раняя история буддизма в Корее. М., 1985.-460 б.
Волков С.В. Чиновничество и аристократия в ранней истории Кореи. М., 1987.-376 б.
Гордон А.В. Крестьянство Востока: Исторический субъект, культурная традиция, социальная общность. М., 1989.-380 б.
История Кореи. Москва.1978.- 356 б.
История Кореи( с древнейших времен до наших дней). Т.1. М.,1974.-469б.
Ланьков А.Н. Политическая борьба в Корее ХУ1-ХУ111 вв. М., 1995.-397 б.
Пак М.Н. Очерки ранней истории Кореи. М., 1979.-580 б