- Х-ХҮ ғасырлардағы Иранның саяси өмірі.
2.Сефевилер мелекетінің құрылуы.
3.І Аббастың соғыстары.
4.Еуропалықтардың ене бастауы.
Селжуктер билігіндегі Иран. Түрікмен ұрпақтары оғыздар тайпасы орталық Азияның оңтүстік көшпелі ел еді. Олар X ғасырда феодалдардың қоғамда алғашқы қауымдық құрылыспен қалыптасу процесін бастан кешірді. Олар көшіп жүріп өздерден басқа елді эксплутациялау мақсатымен тұратын орынларын тартып лаып, әскери кірістер жасап жүрді.
XI ғасырдың 20 жылдары түркіменнің 4000 отбасы Хорасанға келіп қоныстанды. Махмуд сұлтан олар солтүстік Хорасанда тұрып, әскери қызмет істеуге рұқсат етті. Түркімендердің Хорасанда орналасуы Махмудтың өлімінен кейін келе түсті. 1038 жылы олар Нишапурға келді. Олардың басшысы Тоғрұл-бек Селжук Газневидтерден бөлініп түркімендердің егемендігін жариялады. 1040 жылы Дандекан – Газневид әскерлері түрік көшпенділерінен жеңілді. Сөйтіп газневидтер Хорасанда айырылды. Бірақ та Ауғаныстанның бір бөлігі мен Пенджабадағы билікті ұстап қалды.
1040-1050 жылдары Селжуктар Иранды жаулап алды. Олардың тайпалары Завказье мен Месопатамияға қарай жылжыды. 1050 жылы олар Бағдатты алды. Халиф басшысы Тоғұрл бек сұлтанға арыздануға мәжбүр болды. Тоғрұл бектің ұрпақтары жаулап жалғастыра берді. Селжуктер Кіші Азияның араб жарты аралын, Месопатамияны, Закавказье бөлігін, Иранды және Орталық Азияның ірі аумағын басып алды. Олардың мемлекетін селжук тұқымының мүшелері басқарып отырды.
Бұл ірі мемлекет көшпенділердің мықты қару-жарағымен қаруланды. Икта салығының иелері өз мақсаты үшін белгілі, арнайы қаулыда көрсетілген хараджа мен басқа салық түрлерін жүйелі түрде жинауға құқылы болды. ОНың мөлшері бұрынғыдан аспады. Ткталықтар мүлік пен шаруалардың жеке нәрсесінпайдалануға құқылы болды. Икталықтар көрсетіп бергендей түскен түсім әскердің бір бөлігіне тиесілі болды.селжуктар өздерінің туыстары мен әскери басшыларға сыйлық ретінде бүтін бір қаланы және аймақты кеңінен тартып беріп отырды, сондықтан олар аббасидтағы халифтар сияқты мемлекетті бір орталық жүйеге бағындыру қолдарынан келмеді. Соның нәтижесінде XI ғасырда «әйгілі селжуктар» мемлекеті толық жойылды. Осы әлсіздікті пайдаланып орталық билік әскери дүниені өзінің мирастық жеке меншікке айналдырды. Шаруаларды құлдыратудың әлеуметтік пайдасын, мұндай эвалюцияны феодалдар иктадан көре алмады. XI ғасырдағы деректерде көрсетілмегендіктен шариғаттың құқықтық мүдделерін заңды қарастырылып, бекітілуіне жол бермеді.
Соғыс кезінде ауыл шаруашылығы үлкен зардап шекті. Селжуктардың билікке бекуінен кейін үкімет әлеуметтік қорғауға көңіл бөле бастады. Азербайжанның солтүстік батысында және Иранның шекаралас аудандары Хорасанның солтүстік шығыс Иран арқылы көптеген түрік тайпалары өтті. Селжуктер жаулап алғанға дейінгі уақытта фарси-дари әдеби тіл пайда болды. Ол парсы халықтарының тілі болып сақталды. Түрік бағындырушылары бығындырып алған халықтың мәдениетінің ықпалымен жүрді.
Селжуктер түрік феодалдарының салығына ғана арызданбады, сонымен қоса жергілікті Иран биліктеріне арызданды. Иран шенеуліктері мен ірі мұсылман діндарлары, бағындарылғандармен тез тіл табысып кетті. Өйткені көшпенді түріктердің білімділері орталық билікке бағынбауға тырысты. Селжуктар Ирандық бюрократтардың феодалдық мемлекетті басқарудағы тәжербилерін пайдаланып, оларға арқа сүйеді. Орталықтанған мемлекетті басқарушының біреуі көрнекті Иран шенеунігі Низам-аль-Мульк болды. Оның қызмет ету кезінде Бағдатты оқу орындары қалпына келтірілді. Низамдық академия пайда болды.Иранның басты қалаларында мектептер ашылды. 1079 жылы 15 наурызда атақты ақын, ғалым Омар Хайамның жаңа күнтізбесі қабылданды. Бұл күнтізбе Еуропадағы VIII Григорий папаның айтуымен 1582 жылы ғана жүогізілді. Низам-аль Мульк «Сийасет-наме» деген саяси трактат жазды. Онда Сасанид, Аббасид және Газневид мемлекетінің тарихынан мысалдар келтіре отырып оны ерекшелік ретінде көрсетті. Бірақ бұл саясаттың өзі сәтсіздікке ұшырады. Себебі әскери жүйенің жұмысын таратқаны үшін алауыздық туды. Мелік шахтың (1082-1092 жж.) кезінде жер салығынан түскен қор өсті. Бірақ мелік шахтың өлімінен кейін бұл держава тарап кетті.
Иранның саясаты туралы тарихта екі феодалдық топтың күресімен сипатталады.Оның біреуі түрік тайпаларының феодалдары және Иранның аристократтық феодалдарының арасы. Ол екеу арасындағы соғыс негізі сепаратизм және таққа таласу. XI-XII ғасырларда қалаларда класстық күрестер күшейе түсті. Бұл суидтер мен шииттердің арасындағы діни күрес болды. Хорасанда әйгілі селжуктар сұлтанаты, ирақтық (1113-1194), кермандық (1041-1087) деген сұлтанаттар пайда болды. Сонымен бірге Хорезмде саси мағынадағы өзін-өзі басқару өсті. Хорезмде әскери қозғалыс өтетін жерлерден басқа ауыл шаруашылығы қолөнер шаруашылығымен қолөнер жолдары пайда болды.
Хорезм әскерлері 1186 жылы Селжуктардан жеңілісін пайдаланып мерв оазисін басып алды. Одан кейін олар Хорасанда (1187-1193) және селжуктардан басқа да бірнеше иеленген жерлерін басып плды. 1194 жылы Хорезм шахы Текеш бүкіл Хузистан, Ирандық Азербайжаннан басқа, барлық батыс Иранды жаулап алды. Бірақ 1219 жылы монғолдардың Орта Азияға жорығы басталды.
Монғол билігіндегі Иран. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан 1220 ыжылы Иранға бет алды.Оның Жебе мен Сүбетейдің басқаруындағы атты әскер Хорасан арқылы өтіп. Мазадеран, гильян және Рейді алды. Монғолдар күштерін таулы аудандардағы, каспийдегі провинцияға және оңтүстік Иранға күштерін жұмсамады. Солтүстік Иранна кейін Закавказьеге бет алды, оны жеңіп каспий арқылы Орта Азиядағы Шыңғысханның негізгі қолына қосылды. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Толуй Хорасан қаласын басып алды. Мұндай қалалардың көбі қирап өртеніп кетті. Ең ірі Нишапур қаласындағы бүкіл бекініс үйлер және тұрғындар түгі қалмай жойылды. Нишапур қаласы тұрған жер жыртылып оған арпа себілді. 1220-1224 жж. Шыңғыс ханның әскери саяхаты кезінде монғолдар Гильян, Казвин және Хашадан қалаларында мықты қарсыластарға тап болды. 1131 жылы могғолдар Тербизді 1237 жылы Исфаханды жаулап алды. 1253-1256 жылдары ғана Шыңғыс ханның немересі Хулагу ханның жорығында ғана Иранды толық басып алды. Хулагу атақты Мөңке ханның жіберуімен болды. Осы жорықты 1256 жылы монғолдар Аламұтты, Асссасиндер мемлекетін алды. 1258 жылы Бағдатты және Аббасид Халифатын басып алды. Ал 1261 жылы Хулагу ильхан тайпа ханы атағын алды. Оның мемлекетіның жер көлемі кеңейе түсті. Кіші Азиядағы Рүм сұлтаны Иран арабы, Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Ауғаныстанға кірді. Монғол көшпенділерінің Ирандағы биліктің тұрақтандыруы ежелгі жергілікті мәдениеттің, қолөнердің дамуын және кәсіби күшін төмендетті. Соның арқасында әлеуметтік базасы ретінде көшпелі мал шаруашылығына айналды және жердің бәрін жайылым ретінде пайдаланды. Көшпелі тұрғындар саны бірден өсті. Мыңдаған шаруалар мен қолөнершілер монғолдардың бағындыруымен күңге айналды. Оңтүстік Ирандағы қолөнермен айналысатын еркін корпорациялар өте ауыр салықтар төлеп отырды. Ондаған қалалар ұсақ ауылдарға айналып кетті. Иранда материалдық бағалы кәсіпорындарды монғол басқыншылары жойды. Көп адамдар эпидемиялық аурулармен аштықтын қырылды. Иен қалған даланы біртіндеп құлдар баса бастады. Иран тарихшысы Рашид ад-Дин (1247-1318 жж.) XVIII ғасырдың аяғында Иранның өнделген жерінің 10 пайызы ғана жарамды болды. Иранда XVIII ғасырдың аяғында өте ауыр жағдай болды. Өз пайызынна құтыла ламаған жанұялар күңдікке сатылу жағдайлары көптеп байқалды. Монғолдародың бағындырушылары өз заңдарын кіргізе бастады. Ол Шыңғыс ханның атақты Ясадан алынды. Олар заңда көшпенді әскердің қатарындағы әскери адамдардың өмірі сол қолбасшының қолында болды. Олар Иран шаруалары тікелей монғолодардың жер иеленуші феодалдың қолына қарап қалды. Монғол басшыларының арқасында Тархан деген феодалдың бір түрі пайда болды. Олар ерекше жеңілдікті пайдаланды, Олар он рет қателер жасағанға дейін сот пен жазадан босатылатын болды. Жорықтан түскен түсімді әскери басшымен бөліспейді. Өз иелігіндегі салықтар ешкіммен бөләспейді. Оларға түрік және күрт көшпенділерінің білгірлеріде қосылды. Өйткені олар монғолдарға көмек көрсетті. Оларға ең негізгі кіріс көзі болды. Сондықтан олар шексіз осғыса беруге қызығушылығы болды. Хулагу мемлекетінде феодалдық жер иеленудің бірнеше түрі болды. Олар: дивани (мемлекеттік жер), иджу( хон тегінің атында), мульк, икта, вакф. Монғолдар басып алған кезде феодалдардың және вакфтардың жер бөлігін алды.Кейін осының нәтижесінде Хулагуттар мұсылман діндарларының беделін және Иран азаматтық бюрократияға арқа сүйеп отырып ильхан билігінің бекуіне және ислам дінін қабылдауға қол жеткізуге тырысты. Осы екі негізгі феодалдың арасындағы күрес Хулагит мемлекетінің бүкіл тарихында жүрді. XVIII ғасырдың аяғында бұл елде талқандалған шаруалар өз жер үлестерін жинап тауға қашты. Елде антифеодалдық көзқарас пайда болды. Мемлекеттік қазына азайды. XVIII ғасырдың аяғында ильхан тобының Гейхату (1291-1295) алтын мен күмісті қағаз ақшаға айналдыруға тырысты. Осының арқасында қағаз ақша шығаратын кәсіпорындардың шексіздігін қағаз ақша кәсіпкерлерді тонаудың бір түрі болып көрінді.
Газан-хан реформасы. Шаруашылықтың күйреуі арасында наразылық тудырды, осы жағдайға байланысты билеушілер ильхандардың өздері реформа шығару керектігін түсінді. Бұл реформаға итермелеген күш 7 хан Газан – ханның атымен (1295-1304) және оған көмектесіп, реформаны талдап талқылауға көмектескен ғалым-энциклопедияшы Рашид ад-Дин болды. Газан-хан мен оның везирінің саяси идеалы – ортилаықтанған мемлекеттік ортақ тәртіппен келе жатқан салық жүйесі еді.
Газан-хан шаманшыл ильханның діни жүйесін бұзып, шіркеу мен синагогтарды қиратып өзі исламдықты тағы мұсылмандар дінімен жүоді. Газан-ханның мұсылмандықты қабылдауы жергілікті феодалдардың әлеуметтік қолдауына ие болды. 1304 ж. Қазынаға біртіндеп түсім келе бастағаннан кейін жаңа бұйрық шықты. Ол берат деп аталды. Бератта облыстық пен ауылдық деп айтылды. Онда еңбекақы мен зейнетақы алуға арнайы құжат енгізді. Әрбір облыс, ауыл, қала бойынша ақша мен шикізаттың мөлшері көрсетілді. Шаруалар әскерилерді, азаматтық шенеуніктерді, феодалдық беделді адамдарды асыраудан босатылды, шығынды мемлекет өз мрйнына алды. Газан-ханның реформасында ең маңызды алға басу-ол қаңырап бос қалған жерді салықтық жнңілдіктер беру арқылы өңдеу болды. Қолөнершілер мен саудагерлер салықтың көлемін азайып немесе уақытша салықтан босатылды.
1303 жылы ханның бұйрығымен барлық монғол әскерлеріне иктаны мирастық жолмен тарату жүрді. Мың адамнан тұратын әскери топтарға жер үлестері де берілді. Ол жүз адамның тіпті жеребе арқылы да бөлінді. Олар сол жерден жинап алған тұқымдарының аздаған бөлігін мемлекетке сыйға тарту ретінде беретін болды. Ол әскери қызметті тастап кетпеуге, өз жерін шаруалармен бөлісуге міндетті болды.
1303 жылы жаңа бұйрық шықты. Онда жер шаруаларға заңды түрде бекітіліп беруі айтылды. Олар басқа иелікке кетіге немесе ауысуға тыйым салында. Егер тастап кетсе, онда отыз бойы қашқын шаруаны іздеуге немесе қайтып келуіне мүмкіндік юерілді. Бірақта шаруа жердің иесіне емес, жерге бекітілді. Сол жергілікті жерде тізімде тұрды. Икта беруші шаруаға құл ретінде қарауға тыйым салынды.
Газан-хан тұсында шеберханаларда да құлдарды ұстауға тыйым салынды. Қолөнершілер еңбегі жо,ары бағаланып кеңінен таралды. Газан-хан ақша реформасын жүргізді. Құрып кеткен шаруашылықты кейбір бөлігіне ғана жүрді. Ал кейбіреулері керісінше халықты қысып, реформаны орындамады.
XIV ғасырдың 30 жылдары ірі беделділер арасында соғыс жүрді де ол мемлекеттің құлауына әкеп соқты. Оның орнына бірнеше ұсақ мемлекет пайда болды. Фарста Мозаферидтер (1333-1393), Оңтүстік Иранда джеларириттер, (1336-1411) Бағдатта шебанидтер (1344-1358), Тебризде Хорасанның шығыс бөлігінде ильхан билігін 1353 жылға дейін ұстап тұрды.
Хорасан батыс бөлігінде 1337 жылы монғолдарға қарсы көтеріліске мұсылмандық идеологиямен, лозунгмен шықты. Ол Сабзевардағы монғол атты әскерлерінің біреуі шаруаға күштеп жәбір көрестекені үшін блоған көтеріліс еді. Осыдан барып жасырын қару-жарақтар жасалып, ұйымдасқан түрде қолөнершілермен қала кедейлері біріге басатды. Көтеріліс басышлары Сербедалар жергілікті жердің ұсақ феодалдары болды. Ол көптеген халықтың көзқарасын қолдады. Хараджы 1/3 бөлікке азайды. (Газан-хан тұсында 60 пайыз болған), бератты таратуды алып тастады. Шариғатта көрсетілмеген садақалардың бәрін лап тастады. Сербедарлар мемлекетті 1331 жылға дейін басқарды.
Осындай халық көтерілістері XIV ғасырдың ортасында Каспий маңындағы облыстада, Керманда да болды. Мұндай көтерілістің бірі Мазен дернда Сейд (1350-1393) мемлекеттің құрылуымен аяқталды.
XIV ғасырда Иран феодалдар Орта азиялық басшысы Тимурдың (1360-1405) жаулар алу үшін барлық жағдайды қарастырды. 13080-1393 жж. Иранда Тимурдың барлық әскері мемелкетті бірінен осң бірін басып алды.
1383 жылы Тимурдың мұндай әрекетіне қарыс оның горнизоны Исфахан ның халқы көтеріліске шықты. Алайда тағы да Тимур жеңіп, қаланы тұтастай жоюға бұйрық берді. Енді жөндеу жұмыстарына 70000 адамның кесілген бастарын пайдаланды. Тимурдың басып алуы мен билік жүргізуі Иран халқына көптеген қиын сынақтар әкелді. Ол феодалдық эксплуатицияны күшейтті, әлеуметтік құлдырауға ұшырады.
XV ғасырдың басында Иран өзінің мемлекеттік жеке құрылымын жасай алмады. Ол Тимур державасынабір провинциясы ғана болды. Тимудың өлімі нен кейін оның ұрпақтары Ирандағы және Орта Азиядағы билікке таласып күресе бастады. (1405-1409). Антифеодалдық халықтық көтеріліс Иранда белсенді түрде жүрде. Онда түрлі діни ағымдарға бөлініп, секта басшылары күресті. Олар Фазуллаха Хуруфи, Мухаммед Муша-ша, Махди, Хуфейза тағы басқалар.
1502 жылы Тебризді Исмайл басып алды да өзін Иранның шахан шахы етіп жариялады. Ал Тебризді астана етті. Ал мемлекеттің діні – шиизмдік мемлекет болды. Сөйтіп Сефевидтер мемлкетінің іргетасы қаланып, Сеферид мемлекеті жарияланды (1502-1536).
XVI ғ басында сефевидтік билеушілер иран жерін біріктіру үшін және жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыс жүргізді. Шах Исмаиле (1502-1524 ж.ж) кезінде бүкіл Батыс Иран мен Муша’ша мемлекеті бағындырылды. Парсы жауынгерлері Иракты және шииттердің қожылық ететін жерлердің (Кербала және Неджеф) басып алды, ол жерді маңызды сауда жолдары қиылысқан. Бұл кезде Солтүстік шығыста өзбек шаруашыларының басып кіру қаупі төніп тұрды, олар 1507-жылы Тимуридтердің хорасындық жерлерін жаулап алды. 1910-жылы Өзбек ханы Шайбанидтің әскери Мервам түбегінде қызылбасшы ларға соққы беріп, Хорасанда тұрақтанды. Одан кейін 1514-жылы Сефевид тер мен Осман Түркілері мемлекеттердің арасында Закавказье, Күрдістан және Месопатамия жерлерін билеу үшін 40-жылға созылған соғыс басталды.
1514-1555-жылдары иран шахтары мен Осман сұлтандары арасындағы соғыс бай жерлерді иемдену мақсатында туды. Түрік және Иран феодал дары Закавказье мен Бағдатты басып өтетін Европа мен Азия арасындағы сауда жолын бағындыруды көздеді.
1514-жылы Селим 1 сұлтанның әскері кіші Азияда 40 мың шиитті қырып тастады, ал түрік әскері Чалдыран жазығында қызылбасшыларды қиратып Тебризді алды. Янычарлар арасындағы көтерілістер және Азербай жан халқының қарсылығы түріктерді бұл жерлерді тастап кетуге мәжбүрле ді. Бұл соғыс ұзаққа созылып ең ақырында Амасьидада достастық шартына қол қоюмен аяқтады. Шарт бойынша Сефевидтер Түріктерге Иракты, Батыс Грузияны, Арменияның жартысын және Васпуракана тауларын берді.
Бір уақыт ішінде түріктермен Сефевидтер өзбек хандарына қарсы Хоросане мен Астрабаде қалаларында соғыс жүргізілді. Бұл соғыс негізінен тонаушылық, қалалар мен ауылдардың қирату мақсатында жүрді.
XVI ғ 60-70 жылдары салық өсіп жергілікті тұрғындардың қалі ауырлады. Онымен қоса соғыстарға байланысты ауылшаруашылығы әлсіре ді. Мемлекет бойынша чума эпидемиясымен аштық басталды. Антисефевид тік күреске 1969-жылы болған Гиляндық көтеріліс себеп болды. Сефевид тіктерге бағынбай тұрып Гиляндықтардың екі хандығында өз династиялары билік жүргізді. Сефевидтіктер хандықты басып алғаннан кейін Гилянда өз тәуелсіздігін қайтару үшін күрес жүрді. Гиляндықтар 18 мың көтерілісші жинап өздерінің өкілін тағайындады. Шах жарлығы бойынша Гилянға қызылбасшылар әскері жіберілді.
Гиляндық көтеріліспен бірге 1571-1573 жылдары Тевризде де көтеріліс болды. Тевриз қаласы үлкен сауда орталығы болды. Онда 30 мыңдай адам тұрды. Бірақта ол қала түріктердің үш рет соққы беруінен қираңқырап қал ды. Көтерілістең басты себебі болып жергілікті билеуші таптың халық қозғалысында қаза тапқан жергілікті тұрғынның жерлеуіне қарсылық көрсе туінен туды.
Көтерілістердің басталуына пехлевандар цехы маңызды роль атқарды. Басқарушы пехлеван Яри болды. Тахмаспа 1 Тевриз қаласына жаңа билеушіні тағайындауға жәжбүр болды. Ол кварталдардың үлкендерімен сөйлесіп, көтерілісті тоқтатуын сұрады. Жаңа тағайындалған билеушінің жауынгерлеріне көмекке билеуші Қарадаганның әскері келді. Олар көтеріліске шыққан кварталдырды қоршап алып, қиратты. Көтерілістің басшылары олардың ішінде Техлевандар Яри, Аваз және Гекча, сукновал Шунджи, етікші Хасан және тағыда 150 кісіні өлтірді. Тағы да көтеріліске жол бермеу үшін Шах Тевриз қаласына барлық салықтан басты. Сөйтіп тевриздіктер көтерілістің арқасында барлық салықтардын құтылып, қаланың ары қарай гүлденуне мүмкіндік алды.
XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында Иранның экономикасы гүлденді, соның негізінде сефелидтер мемлекеті күшейді. Абасс 1 Шах (1587-1629) билік еткен кезде билікті орталықтандыру үшін реформалар қолданылды.
Аббас 17 жасында қызылбасшы таипаларының ішінен Шах болып сайланды, бірақ ал өзін қолдайтын кісілерге Сүйінбай өз билігін жүргізе бастады. Бірақ бұл уақытта түрік-османдары Сефевидтер мемлекетіндегі таққа таласты. (1576-1587) қолайлы пайдаланылды. Азербайжан мен Иракты басып алды. Шығыста өзбек феодалдары харасанды тағы да басып алды. Онымен қоса Мешосед пен Герад қалаларында басып алды. 1590-жылы түріктермен Станбулдық бибітшілдік шартын жасады, ал шарт бойынша Осман империясына Шығыс Грузияны, Шығыс Арменияны, Күрдістанды, бүкіл БАзербайжанды және Луристанның жартысын берді. Содан соң шах Аббас өз елінде өз билігін нығайтып алып әскермен бірге шығысқа қарай жылжып ол жақта өзбек хандарын қырып Нишапур, Мешосед, Герад және Мерв қаларын басып алды. Ішкі және сыртқы саясаттағы алғашқы жетістік текрінен кейін шах Аббас билікті орталықандыру саясатына белсене кірісті.
Әскери реформаның орынддалғанынан кейін шах Аббас 1 тұрақты әскер құрды. Ол әскер құрамына 12 мың атқыштар Кавказдықтардан құралған 10 мыңдық атты Гуляндар 12 мыңдық артилеритар корпусы кірді. Әсіресе 500 пушкадан тұратын артеллеристар паркы мен артеллеристар дайындығына көп көңіл бөлді.
Шах қызбасшы тайпалардың көтерілісін басып тастап отырды. Сөйтіп, 1596 шах Аббастың бұйрығы бойынша қызбасшылар текелі тайпасын қырып тастады, бірақта шахқа беріліп қызмет еткен тайпаларда болды, ол «шахсевен» деген атақ алды. Әскери реформаны жүгізгеннен кейін шах Аббас 1 1602-жылы Түріктерге қарсы соғыс ашты. 10 жыл ішін ол түріктерден Азербайжанды, Луристанды, Күрдістанның жартысын армения ның шығысына және Грузияның шығысын қайтарып алды. Бұл соғыс Закавказия халықтарына өте ауыр тиді. Сефевидтар өздерінің ішкі саяса тында да өте қатаң болды. Сөйтіп, Аббас 1 жарамсыз әскер басшыларын өлтіріп отырды. Өзінің бір ұлын өлтіріп қалған екеуінің көзін ойып алды.
Орталықтандырылған саясат орнағаннан кейін жер бөлу мәселесі де өзгерді. Мемлекет иелігіне жататын жерлер кеңейді, сонымен қатар шахтың иелігіне жататын жерлер де кеңейді.
Әдебиеттер:
- История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
- Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
- Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
- Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
- История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
- История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
- С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
- История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
- История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
- История Иранского государство и культуры. М.,1971.
11.Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
12.Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.