Индонезия

           

  1. ХІ- ХVІІғғ Индонезия.
  2. Маджапахит империясы

3.Бантам және Матаран мемлекеттері

Кейбір тарихшылардың пікірінше Индонезия архипелагының аралдарына көшіп қону жүрістері Азия метеригінің оңтүстік бөлігінен біздің заманымыздан бұрынғы XXV ғасырда басталған. Бірінші мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздағы II — V ғасырлар аралығында теңіз жағалау аудандарында пайда болған. Индонезияның теңізшілері мен саудагерлері сол кездегі Шығыста сауда бітістірушілердің басты топтарына кіретін. VII ғасырдың ортасында Шривиджая деген құатты Суматриялық империя пайда болды. VIII ғасырдың бірінші жартысында Ява аралының орталығында шиваист династиясы басқарған Матарам мемлекеті құрылды. XI ғасырдың ортасында Матарам мемлекеті Ява аралындадағы сауда қалаларын өз қол астына біріктірді. XI ғасырдан бастап Ява аралы Индонезияның экономикалық, мәдени және саяси орталығына айналды. Индонезияны Ява аралығының аясында біріктіру процессы барысында Маджапахит мемлекетінің 1328-1364 жж. басшысы болып Гаджа Мади басқарған. XIV ғасырда Индонезияға ислам дінінің енуі күшейе түсті (Үндістан мен Малаккадан). XVI ғасырда Маджапахит империясы бірнеше мұсылман мемлекеттеріне бөлініп кетті. XVII ғасырдың басында Нидерландияның Ост-Инд компаниясы Молук аралдарынан португалдықтарды ығыстырды. Компания Индонезия тауарларын, оның ішінде көбінесе татымды заттардың тасымалдауын қамтамасыз етіп отырды. XVIII ғасырда компанияның құлдырауы басталды

Әдебиеттер:

  1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
  2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
  3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
  4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

  1. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *