Африкалық мемлекеттер

  Моси тайпасы құрған мемлекет

Б.з.б. І мың жылдықтың аяғында ауыл шаруашылықтың дамумен қатар, моси тайпасының шаруасы мен сауданың қатар, ХІ ғ Вагадугу, Ятенге, Фада және Гурма мемлекеті құрылды. Моси халқы ХІХғ дейін өмір сүрді. Франция жаулап алғанға дейін. Вагадугудың пайда болуы көршілеселдерді жаулап алумен байланысты. Мемлекет 16 ауылға бөлінді. Мемлекетке 5 «негізгі» ауыл бағынды, қалған 11 ауылды жергілікті адамдар басқарды.

Мемлекетті 16 санновниктен құрылған адамдар биледі. Бұл санновниктер басқа билеушілер сияқты құлдар ұстады, жер иеліктері болды. Вагадугу және Ятенге, т.б. мемлекеттерде құлдарды сататын базарлар болған.

Екінші ірі мемлекет-  ХІІ ғ. пайда болған Ятенге, астанасы- Гурси. ХІІ-ХІУ ғғ. территориясын Сонгай мемлекеті мен Мали билікті атадан мирасқа қалған адмдар билікті жүргізді. Олар әдейі бастыққа моси тайпасынан шыққандар болды. Жаулап алынған жерлер «жер бастықтары» жергілікті тұрғындар басқарды.  «Жер бастықтары» ауылшаруашылығы туралы шешімдер қабылдап отырды.

Ятенгеде жиі салық төлеп тұрған, салықты- нионьсе, само, диула, фульбе тайпалары төлеп тұрды. Мосилер салық төлеп тұрған жоқ, салық, кеден жинағы және сауда керуені шөппен, тұзбен, малмен жиналып тұрған.

                      Б)   Хаусандық мемлекеттер

Сонгайдың кең территориясының шығыс бөлігінде Чад көліне дейінгі жерде Хауса тайпасы қоныстанды. ХІІІ ғ. Суданның тарихи деректерінде Орталық Суданда деген дерек бар. Арабтың саяхатшысы Лев Африканский  Хауса тайпасының мәдениеті, әлеуметтік жағдайы туралы мінездеме берген.

Хаусада құлдар рөлі өте маңызды болды. Олардың еңбектері кеңінен таралған. Нақты хаусандық мелекеттің тарихы туралы деректер жоқ. Хаусанның УІІІ-Х ғғ. жылнамаларында қалаларына жататыны туралы мәлім ғана бар. Экономика жағынан Хаусанның негізгі қаласы- Кано. Кано көптеген қалалармен сауда-саттық қатынаста болды. Әсіресе кола жаңғағымен Гонджа мемлекетімне байланыста болды. ХІУ ғ. Хаусандық мемлекеттерде ислам діні пайда болды. Бірақ, ислам дінін негізінен үкімет басшылары мен қала тұрғындарының біраз бөлігі қабылдады Дегенмен, ауыл аймақтарда африкандық анимистика дініне сыйынды.

ХІУ ғ. І жартысында Каноның  гүлденген кезі еді. Каноның жаңа астанасы салынды, мешіттер мен құрылыстар тұрғызыла бастады. Хаусанның қалаларына көз тігкен –Сонгай   мемлекетінің жау патшасы Барну болды. Бұл екі елді бір-біріне сауда –саттыққа қарсыластыққа әкеп соқты. ХУІ ғ. Сонгай халқы, құлдыраған кезде Хаусан мемлекеті гүлденіп, өз тәуелсіздігін алып, жандана түсті. Жетістікке қол жеткізген  Хаусанның халқының арқасында болды. 

 

                           В)   Йоруба мемлекеті

Нигерия және Дагомеяның оңтүстіктегі Африканы ежелгі мәдени орталығы болды. Осы аймақта жататын ХУ ғ. халықтар туралы нақты деректер жоқ. Сөйтсе де, қолда табылған археологиялық  қазбалардан бұл халықтардың мәдениеті жоғары дамығанын көрсетеді. Күміс және қоладан жасалған мүсіндер Бенина, Нупе, Иле, Ифе терракоталық  статуеткалар дәлел. Йоруба қаласында санаулы жүз мың ғана халық тұрған, және үлкен ғимараттары болған.

ІХ ғ. Йорубада феодалды қатынас орнады және тайпа қатары мен құлдық ұстау болды. Йорубаның экономикасы ретінде жер шаруашылығы мен егіншілік кенінен орын алды. Қолөнері де жоғары дәрежеде дамыды. Шаруашылықпен айналысты, көп тауарлар Гвиней жағалауына дейін жеткен. Көбіне тері өнімі мен әйнек бұйымдары дамыды, металл өңдеу мен керамика бөлімін жасады. Йоруба мемлекетіне ірі қаланың бірі Ойо болды. Оның құрылуы ІХ ғ және  Хғ.  жатады. Ойоны басқарған патша Алафина болды. Ойо қаласы мемлекеттің  астанасы болды. Діни Ифе қаласы тек Йоруба халқының орталығы болып қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Нигерияда діни сенімдер таралды. Өкімет  билігі атадан мұра ретінде беріліп отырған. Бұл мемлекетте өлім жазасы болған, тіпті мемлекет билеушілеріне бірдей заң жүрген Мемлекет  ауылды жерлерге 2 жылға басқарушыларды тағайындаған. Ауылдарда ақсүйектер  кеңес администраторы құралған. Маңызды рөлді әскери қолбасшылар атқарды. Ойо қаласында салық жзүргізілді. Негізгі мемлекеттің пайдасына қарапайым шаруалардың салығы, саудагерлердің тауарларынан кішігірім аймақтағы базарларынан пайда тигізген.

                                            Г)  Эфиопия 

Жаңа замандық ұзақ тарихы бар Эфиопия Африка еліне жатады. Эфиопияның солтүстік жағында Аксум деген мелекет құрылды. Солтүстік-шығысыта Африканың сауда орталығы болған. Негізгі айналысқан  шаруашылықтары- егіншілік және мал шаруашылығы болды. Шаруалар арпа, бидай, күріш, қант таяқшаларын өсірді. Кең көлемді бау-бақшаны жақсы меңгерген. Көп территорияларын жасыл ормандар алып жатты. Қолөнершілер әртүрлі мата түрлерін өңдеумен, тері өнімдерінен неше түрлі заттар, үй бұйымдарын тоқумен шұғылданған. Африканың ең үлкен сауда орталығы Аксум барлық жерлерге аты жайылған. Аксум жерінде грек саудагерлерінің саны көп болды. Аксум мен рим – грек қарым-қатынасы грек мәдениетіне әсер етті.

Аксумның гүлденуі ІУғ жатады. Аксумның патшасы тек қана Эфиопияның облыстарына билік жүргізіп қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Африка аймағында биледі. Аксум Суданның мемлекетінің Мероэ деген қаласын тартып алды. Шамамаен 353 жылы Аксум Византия патшалығымен сауда-саттықпен тығыз байланыста болған кезде, Аксум християн дінін жариялаумен байланысты болды.

УІІ ғғ. Арабтар саудагерлерінің қатысуымен Аксум құлдырай түсті. Саяси және әлеуметтік жағдайы да өзгерді. 630-640 жж. Арабтар Аксумның ішкі жағдайын құлатты. Армахан ислам дінін таратып, оңтүстік  Эфиопияға әсерін тигізді. УІІ-Х ғғ. аксумдықтар ақырында Абиссин аймағына тарала бастады. Бұл процессс бірнеше 100 жылға созылды.  Аксумдық  патшалар орталығы биліктері әлсірей бастады. Аксум бірнеше бөліктерге бөлінді.

Хғ. Эфиопияның ескі астанасы құлады. Аксумдық патшалығы өмір сүруді тоқтатты. Эфиопия жаңа патшалықтың қолына түсті.(Фалаша-иудей тайпасы болуы мүмкін). Себебі Эфиопия жылнамаларында Хғ-дан ХІІ ғ-ға дейін Аксум туралы хабар бермейді. ХІІ ғ. билік християндық династия Загвей биледі. Бұлар Ласта ақсүйектерден шыққан. Осы династия 100 жыл өмір сүрді. Династины билеген Лалибала, тауларда християн шіркеуін қашап салдырған.  Осы тамаша ескерткіштер орта ғасырлық Эфиопия архектурасының бірі.

ХІІІ ғ билік басына Соломондар династиясы келді. Өзін жаңа Эфиопияның билеушісімін деген Хайле Селассие болды. бұл династияның бірінші билеушісі Йекуне-Амлаке (1270-1285жж). Эфиопияның астанасы- Шао ауылының Анкобер қаласына ауыстырылды. Бұл бұрыңғы Эфиопияның оңтүстік аймағы болған. Орта ғасырдағы  Эфиопияны билеген әрбір билеуші өз пайдасына мемлекетті басқарған, өз қалтасына кедейлердің ақшаларына, салықтарына күн көріп отырған. Феодалдардың жерлерін өңдеумен шаруалар мен құлдар айналысқан. Орта ғасырда Эфиопияда салық ісі асты. Ерекше  салық  «дерго» болды. оның анықтамасы- басшылар мен ақсүйектер салық төлеген жоқ.

Орта ғасырларда үй құлдары болды. құлдардың еңбегінің сауда орталығында қолданылған. Құл ұстау Эфиопияның заңымен тіркелген. Егер құл ұстаушы өзінің құлын өлтірсе, басқа адамдар сияқты жазаланған. Ал құл өзінің қожайыны туралы заңға шағымдануына құқылы болды. Шаруа болған құл  сатылуға тыйым салынды.

Мемлекеттің феодалдардық жағдайы, ішкі саяси жағдайы, кеден ісі, сауда –саттық ісі нашарлай, әлсірей түсті. Кеңінен таралған сауда керуені болды. Билікте мұсылмандар болғандықтан саудагерлер феодалдық және мемлекеттік іске қатысқан жоқ.

Д)Конго 

ХУІ ғ Батыс тропикалық Африканың халықтары әр түрлі сатыда тұрды, тек біраз бөлігі ғана өз мемлекеттерін құрды.

ХІІІ ғ басы ХІУ ғ баконго тайпасынан шыққан Конго мемлекеті пайда болды. астанасы- Мбанза-Конго (Англияның территориясында). Соғысқа шығудың арқасында Конго территориясы кеңейе түсті. Мемлекет 6 ауылға бөлінді. Орта ауылда Конгоға қарап тәуелді болып, салық төлеуге тиіс болды.  Конгоның көп бөлігі жер шаруашылығымен айналысатындар құрады. Жер жалпы қоғамның иелігінде болды, бірақ оларды бақылап отырған ауыл басшысы –Нкулунту болды. Ал кең көлемді мемлекет ішінде Мали Конго болды. Өз жерлерлерінен басқа, Нкулунтудың жерлерін өңдеп, жарты бау-бақшасын беріп отырған.

Жалпы қоғамның адамдары әртүрлі жазаға ұшырап отырған. Аң аулау мен балық аулау екінші сатыдағы жұмыстар болды. Ағаш бұйымдарын, піл сүйектерінен түрлі бұйымдар жасаумен шұғылданған. Барлық жерлерде сауда дамыған кез еді. Базарларда  тұз сататын керуендер терілер, тоқылған заттар астылды. Бұл жерлерде құлдар да жүрді. Құлдардың қожайындары ақсүйектері болған. Құлдарды басқа елдерге сатып жіберуге , өлімге қиюға құқылы болған. Қарыз құлдар, құлдардан туған балалар «үй құлы» немесе «ошақ құлы» деп есептелді, олардың жағдайлары оңай болды. Еуропаның құл саудагерлері құлдармен өте қатыгез болды. Бұл құлдар қашып кетуіне әкеп соқты (бұл Сан- Томе теңіз жағалауында 4 жылға созылған).

Ел басшысы- патша Конгон, толығымен биледі. Лата әр жерге ақсүйектер отбасынан шыққан адамдарды билік басына қойды, және туыстары билеген. Конго жерінің Нзинга-а-Нкуве қаласы християн дінін қабылдап Жоао да Сильва атымен аталды. Астананың аты Сан Сальвадорға ауысты. Бұлар партугалдар мен римдіктермен қарым-қатынаста болды.  Ішкі саяси жағдайдағы құл сату айналысуы, және соғыстар   Конго мемлекетін әлсіретті.

Ж) Луба

ХУІ ғасырдың І жартысында Катанги территориясында Луба мемлекеті негізін салды. 1959 жылғы Кисале өзенің жағалауындағы қазба жұмыстары ХІІ-ХІІІ  ғ мәдениеттің дамуына көз жеткізеді.

Луба өзінің гүлденуі Танганьики көлінен шығыстағы Бушимани көліне дейін,  Маньемнен солтүстіктің Замбидің шекарасына дейін созылып жатты. Болуба өзінің жаулап алынған жерлеріне де қоныстанып отырды. Талқандалып, таралған халықтар Конго жеріне аттанып қоныс тапқан. Катанги және балуба жерінің  халықтары мыс пен тұзға бай болғандығы соншалықты, бүкіл Орталық Африкаға дейін жайған.

  Билік басында жер иеліктің қожайынымын деп есептегендер отырды. Оның қолында саяси және діни билік болды. Билеушілердің қатарына ақсүйектер де кірген, оның көбі әскер басшылары болған. Әрбір билеушілер әр аймақты, округтерді басқарып отырған. Көпшілікті құраған жер иеленушілер еді. Әрбір отбасы жерлерді өңдеп, өз жерлеріне қожайын болған. Жиған тергендерінен жоғарғыларға төлем төлеп отырды. Катангидің жер иеленушілері, саудагерлері, балықшылары, аңшылары өздерінің еңбектерімен айырбас жасаған. Ақша ретінде мыстың әртүрлі формалары жүрді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *