Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі қойылды. Пленум бр-жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа мерзім ішінде аса мағызды мәселелердің бірі –республиканы ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі шешілді.Д.А.Қонаевтың орнына бұған дейін республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс, КОКП-ның Ульяновск обкомының бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.
1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды., кейінірек ол басқа қалаларға да таралды. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер де әсер етті.
Желтоқсан қозғалысы-ұлт-азаттық тарихында ерекше орын алды. Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түле кезеңінің басы болды.Ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. Ол бүкіл халықтың рухани өміріне ісер етіп, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды.