Қазақтардың ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы Ортазиялық хандықтармен қарым-қатынасы

  1. Сыр өңiрi қазақтарының Орта Азия мемлекет- терiне қарсы күреске шығу себептерi. Арал теңiзi маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түс- кен мемлекеттердiң бiрi Қоқан хандығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкенттi, 1814 жылы Түркiс- танды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың Ақ- мешiт бекiнiсi Сырдарияның оң жағалауына көшiрiлдi.

Ақмешiт бiрте-бiрте сауда керуен жолдары үстiндегi аса iрi әскери бекiнiстердiң бiрiне айналды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан Троицк, Атбасарға, Батыс Сiбiр қалаларына өтетiн көпестердiң керуендерiн бақылап отырды. Қоқандықтар Ақмешiт пен басқа да бекiнiстер аймағында көшiп-қонып жүрген қазақтардан жи- налатын алым-салық түрлерiн ауырлатып жiбердi. Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретiнде Қоқан үкiметiне 6 қой, 4 арба сексеуiл, 1000 бау қамыс төлеп тұруға тиiс болды. Мұның өзi жергiлiктi тұрғындардың материалдық жағдайын нашарлата түстi. Бұл мәселенi қоқан- дықтармен бейбiт жолмен келiсiм жасасу арқылы шешу әрекеттерiнiң реті келмеді. Халық Қоқан хандығының езгісіне қарсы 1821 жылы көтеріліске шықты. Көтеріліс Шымкент, Әулиеата, Түркістан қалаларының аумағын қамтып, оған Тентек төре атанған Рүстем төре жетекшілік етті. Күштің тең болмауы салдарынан көтеріліс жеңілді. Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерiн Хиуа хандығы да жасады.

Шегара шебiне таяу тұратын қазақтардан зекет, ұшыр және басқа да алым-салық түрлерiн жинап алу үшiн Хиуа хандығы оларға үнемі әскери жасақтар жiберiп отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда жа- залаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырып-жойып, тонады. Қазақтардың әйелдерiн күң, балаларын құл ету үшiн айдап әкеттi. Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтардың   бiр бөлiгi Қарақұм мен Ырғыз өзенi жаққа көшуге мәжбүр болды. Хиуалықтар мен қоқандықтардың езгiсiне төзгiсi келмеген Сыр бойы қазақтары өздерiнiң бостандығы үшін күреске шықты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейiнiрек Ресейдiң әскери күштерiнiң орналаса бастауына қарсы ұлт- азаттық күресiн халық арасынан шыққан белгiлi батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды.

  1. Жанқожа батырдың Хиуа мен Қоқанға қарсы күресi. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзiнiң бүкiл өмi- рiн Арал маңы қазақтарының тәуелсiздiгi жолын- дағы күреске арнады. Жанқожа шектi руының басшысы едi. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлiгi және қаһармандығы үшiн құрмет тұтты. Оның ерекше қара күшi де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар едi. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрi әдiлеттi би ретiнде таныды. Батырдың өзгелерден бiр ерекшелiгi ол дiнге берiл- ген иманды кiсi едi. Белгiлi ғалым әрi қоғам қайраткерi М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрi би, қазақтардың бостанды- ғы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».

Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бiрiнде ол өзiнiң соңына түсiп, қуып келе жатқан Хиуа жасақтарын тас- талқан етiп жеңiп шығады. Сол жолы өзi де 8 жерiнен жаралы болады. Осы бiр жүрек жұтқан ерлiгi үшiн халық оны қадiр тұтып, сый-құрметке бөледi. Жанқожа қол астындағы адамдарға әдiл басшылық еттi,  оларға  қатаң  талаптар  қоя  бiлдi.  Парақорлар мен ұрыларды өлiм жазасына кестi. Ол қарапайым дене еңбегiнен ешқа- шан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егiн даласында, тоған құрылысында, арық-атыз, канал қазуда да өз руластарымен бiрге аян- бай еңбек еттi. Оның атақ-даңқы бүкiл қазақ даласына жайылды. Жан- қожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарым-қатынас орнатты. Хан оның қызына үйлендi. Атақты батыр ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Хиуаның қатаң тепкiсiне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбiлғазыұлының iсiн жалғастырушы болды.

1836 жылы Жанқожа жауынгерлерiмен бiрге Хиуа әскерлерiне қар- сы күреске шығып, олардың iрi бекiнiс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етiп қиратты. 1845 жылы Хиуаның құрамында екi мың сарбазы бар iрi жасағын ойсырата жеңдi. Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгi ағысы бойын- дағы әскери бекiнiстерiне де шабуыл жасады. 1847 жылы көтерiлiсшiлер Сырдарияның сол жақ бетiне өтiп, Хиуа бекiнiсi – Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серiктерi хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйенi, 500 жылқыны, 2 мың     iрi қараны және 52 мың қойды қайтарып алды. Кейiнiрек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен ұзақ жылға со- зылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кеттi. Жанқожа батыр Ақмешiтке дейiн жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады. Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресiп жүрген кезде Ресей импе- риясының әскери жасақтары Орынбор жақтан Маңғыстауды басып өтiп, Сырдарияны бойлап iлгерi жылжып келе жатты.

  1. Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар). Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы кү- ресте Жанқожа батыр ресейлiктермен уақыт- ша одақ құруға мәжбүр болған едi. Жанқожа батырдың Хиуаға қарсы күресiн пайдаланып қалуға тырысқан патша үкiметi оны өз жа- ғына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шегара комиссиясының есебiнен жыл сайын 200 сом мөлшерiнде жалақы төлеп тұру белгiлендi. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкiмет билiгiнiң атынан батырға жасауыл деген атақ та берiлдi. Бiрақ Жанқожа батыр патша үкiметi ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да бiржолата үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Патша үкiметi Жанқожа батырды Кiшi жүздiң билеушi-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрдi. Бұл құйтұрқы әрекеттер батырдың патша үкiметiнен iргенi аулақ салуына себеп болды.

Көтерiлiсшiлер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекiнiсiне таяу жер- лерге орналастырылды. 1856 жылы Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жергiлiктi тұрғындар барлық бәленiң басы осы қамалда жатыр деп ой- лайтын. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды шабуылға шықты. 300 ка- зак, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбiректермен қаруланған болатын.

Жазалаушы әскер мен көтерiлiсшiлер арасындағы шешушi шайқас 1857 жылы Арықбалық шатқалында өттi. Көтерiлiсшiлердi жiгерлендi- ру үшiн олардың алдында желбiрете ақ ту ұстаған Жанқожа батыр келе жатты. Бiрақ батырдың на- шар қаруланған жасағы от шашқан зеңбiректiң снарядына және мылтықтың қалың оғына төтеп бере алмады. Көтерiлiсшiлер қосыны басып алынды, мал-мүлкi талан-таражға түстi. 20 мың бастан астам малы айдап әке- тiлдi. Көтерiлiсшiлердiң бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегiнiп кеттi, одан әрi Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.

    1. Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiс. Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басқарған батырлардың бiрi Есет Көтiбарұлы болды. Ол өзiнiң батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, тiлге шешендiгiмен, сондай-ақ атКөтерiлiстiң жеңiлуi. Көтерiлiстiң негiзгi күштерi жеңiлгеннен кейiн Жанқожа батыр Хиуа ханына өтiнiш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрiкмендерден әскери жасақ құрап берудi сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау едi. Бiрақ Хиуа ханы оның өтiнiшiн қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейiп кетуiнен қорықты. Патша үкiметiнiң әскери әкiмшiлiгi Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзiн жою үшiн арнаулы жазалаушы әскер жiбердi. 1860 жылы жаза- лаушы әскер Қызылқұмның iшiндегi Жанқара көлiнiң басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың бары- сында Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мейер былай деп суреттейдi: «Қарт батыр оқ өтпейтiн сауытын киiп, қару-жарағын асынып, үйiнен шығып үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жерi осы екен деп, ол бiр төмпешiктiң үстiне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп, дұға оқи бастады… зулаған оқтар… көпке дейiн оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл тиiп, қарт батырдың өмiрiн қиып кеттi».

      Жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң ауылдарын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлердi өртеп, малдың бәрiн айдап әкеттi. Көтерiлiске белсене қатысқандар жазалау шаралары кезiнде қаза тапты. Мал-мүлкi түгел тоналған шектiлер ашаршылыққа ұшырады. Олардың бiр бөлiгi Хиуа хандығы жағына өтiп кеттi, ендi бiр бөлiгi әскери бекiнiстерге қайта оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады.

      Жанқожа батырды оның парасаттылығы мен ержүрек батырлығы үшiн орыс әскерилерiнiң өздерi де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиеттi адам деп санайтын. Халықтың сүйiктi ұлы болған оны зор құрметпен жерледi. құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған едi. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлiгi, бiр орыннан екiншi орынға же- дел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күшi басым орыс әскерлерiн қапыда қалдырып, талай рет жеңiске жеткiздi.

    Есет Көтiбарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тыңдаушыларын үйiрiп әкетiп, ерлiк күреске жiгерлендiре бiлетiн. Ағылшын зерттеушiсi Бульжер Демитриус Чарлз Есет батырдың өз руластарын патша үкiметiне қарсы күреске жiгерлендiре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Ат пен қару бiзде жоқ деп кiм айта алады? Бiздiң мұхит түбiндегi құмның қиыршығы сияқты көп екенiмiз өтiрiк пе? Өздерiң мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстiк пен оңтүстiкте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты. – авт.) көре- тiндерiң анық. Сөйте тұра неге бiз ат төбелiндей азғана жатжерлiктерге бағынуға тиiспiз?!»

    1838 жылы Есет батыр Ресейдiң Елек бекiнiсiне шабуыл жасауға қатысты. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бiрге Хиуа және Қоқан бас- қыншыларына қарсы белсене күрестi.

    1847 жылдың жазында Жем өзенiнiң бойында Есет батыр патша үкi- метiнiң жазалаушы әскерiне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ре- сей әскерiне шабуылдары кейiн де жалғаса түстi. Патша әкiмшiлiгi Есет батырға қарсы бiрнеше рет жазалаушы әскер жiбердi. Алайда туып-өскен елiнiң жер жағдайын жақсы бiлетiн ол жазалаушы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетiп жүрдi. Оның үстiне, өз жiгiттерiн екi топқа бөлiп, дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жiгiттерi Ресейдiң сауда керуендерi мен жазалаушы әскерлерiне батыл да сәттi шабуылдар жасап отырды.

    Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргiзген Есет батыр 1858 жылы өз еркiмен Ресей империясының бейбiт келiсiм жасасу жөнiндегi шартын қабылдады. Өйткенi ол Ресейдiң аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрi күрес жүргiзудiң пайдасы жоқ бос әурешiлiк бо- лып шығатынын түсiндi. Патша үкiметi оның бұған дейiн Ресей империясына қарсы жүргiзген күресiне кешiрiм  жасады.  Батыр  үй  басынан  алынатын түтiн салығынан босатылды. Кейiнiрек ол тiптi Торғай облысындағы Ырғыз уездiк бастығының көмекшiсi қызметiне тағайындалды.

    1. Халық көтерiлiстерiнiң жеңiлу себептерi мен салдары және тарихи маңызы. Көтерiлiсшiлердiң жеңiлiс табуының басты себебi – олардың қару- жарағы нашар, күрес әдісі ескi болатын. Арал маңындағы қазақтардың көтерiлiсi жергiлiктi сипат алды. Патша үкiметi бұл кезге дейiн көптеген әскери бекiнiстер салып үлгердi, сондай-ақ Қоқан хандығының бекiнiстерiн де жаулап алған болатын. Бұл аймаққа патша үкiметi қыруар қару-жарақ, соның iшiнде зеңбiректерді де жеткiзген едi. Аймақтағы Ресей әскерлерiнiң саны жыл сайын арта түстi. Көтерiлiсшiлердiң бiр мезгiлде Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы күрес жүргiзуi олардың күшiн әлсiреттi. Оның үстiне, Ресей әскерi Жетiсу жағына да келiп, патша үкiметiнiң бұл аймақтағы күш-қуатын арттыра түстi.

    Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiстер- дiң тарихи маңызы зор болды. Ол көтерiлiстер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгiсiне қарсы бағытталды. Халық көтерiлiстерi қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенiн, тәуелсiздiк пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенiн көрсетiп бердi. Қазақ батырлары өз бастарын қатерге тiге отырып, ХIХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкiмшiлiк реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерiн жүзеге асырды. Бұл көтерiлiстер патша үкiметiнiң Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағын жаулап алу үрдiсiн бiраз уақытқа тоқтатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *