«Сырым батыр – ХVIII ғасырдың екiншi жартысында Кiшi жүзде болған оқиғаларға белсене қатысқан ерекше тұлға. Табиғатынан алып күш иесі, ақылға бай, ерiк-жiгерi зор, ержүрек, тапқыр, айлакерлiгi жеткiлiктi, өз қадiрiн жете бағалай бiлетiн оған жалпы жұрт табынған десе де болады. Кiшi жүз қазақтары оны өздерiнiң даңқын асыратын ерекше адам деп таныды. Қарапайым қазақтардың арасынан шығуы да Сырымды халыққа жақындастыратын. Өзiнiң орасан зор ықпалын пайдаланған батыр өзiн құрметтейтiн топты небiр батыл да қауiптi iстерге бастай бiлдi».
Бульжер (Боулджер) Демитриус Чарлз. Англия мен Ресей Орталық Азия- да (ағылшын тiлiнде). Лондон, 1879, I том//Қазақтар. Көпшiлiкке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Қазақстан мен қазақтар туралы. А., 1998, 7-том, 167–168-беттер.