«Сарай кеңесшiсi Осмоловскийдiң хабарлауына қарағанда, Ташкенттiң билеушi- сi Мырзахмет осы наурыз айында қоқандықтардан, сондай-ақ қырғыздардан (қазақтардан. – авт.) жинап алған 3000 жауынгер сарбазымен бiрге Әулиеата бекiнiсiне келген. Мұнда ол билердi жинап алып, осында көшiп-қонып жүрген қырғыздардан (қазақтардан) бұрынғыдай тек қой басынан ғана емес, сонымен қатар түйе, жылқы, iрi қара басынан алым-салық жинауды тапсырған.
Билер өз ауылдарына барып, Ташкент билеушiсiнiң бұйрығын хабарлағанда қазақтар оған бағынудан бас тартқан. Ал Мырзахмет әр руға, оның әр тармағына 100-ден, 200-ден адам жiберiп, оларға елден зекет жинауды бұйырған. Зекет жинаушылардың озбырлығы, … олардың әдепсiз қылықтары елдiң намысына тиген. Шектен шыққан озбырлыққа төзе алмай, ашу-ызаға булыққан қырғыздар (қазақтар. – авт.) … бiрнеше адамды өлтiрген. Бұған iле-шала бүкiл Алатауды мекендейтiн қырғыздар (қазақтар. – авт.), қаңлылар, дулаттар, бестаңбалылар, сондай-ақ Қырғыз рулары да көтерiлдi. Олар Әулиеатаны, оған таяу маңдағы Шолақ, Ақсақата, Тоқпақ, Шелек сияқты басқа да бiрқатар бекiнiстердi қоршап алды. Ташкент билеушiсiн бекiнiс-қамалға жасырынып, бас сауғалауға мәжбүр еттi».
ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары. Алматы, 1964, 440-бет.