Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар

«Кенесары жас кезiнен батылдығымен және ержүректiгiмен ерекше- ленген. Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеушi бола бiлдi. Оның жасағы рухының жоғарылығына еуропалық әскердiң қай қолбасшысы да қызғана қарайтындай едi. Шабуылдары кезiнде сондай жылдам, бейне бiр жолындағының бәрiн күйрететiн дала дауылы сияқты. Алдында қандай кедергi болса да өршелене түсетін, ойлаған мақсатына жету жолында кездескен барлық тосқауылдарды топан судай жайпап түспейінше тоқтамайтын, қиындық күшейген сайын екпіні де артатын. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерiн көшпелiлер жоғары санайтын және оның серiктерiнiң жүректерi өз қолбасшыларына шексiз, жанқиярлық сенiммен соғатын».

 

Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы, 1993, 304-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *