Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы

 

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Тарихың атасы Геродот сақтар туралы: «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.» деп жазған Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар кйізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне аттар жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін. Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақатср құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан сурау каналдарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *