«… Кенесары бүкiл ауыл-аймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдаймендi Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сайдаққожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiп-қонып жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi қытай шенеунiгiмен және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала алмайтынын айтты, оның келген жағына қайта барып, ақ патшадан кешiрiм сұрауына кеңес бердi. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы келмейтiнiн мәлiмдедi…»
Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 30 қазандағы құжат.