Орта тас ғасырының ерекшелігі

 

Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 2.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірін зерттеген орыс ғалымдары және олардың еңбектеріне талдау жасаңыз.

Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің көрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді.

1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі туралы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.

ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдік деңгейдегі ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шаньды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды.

Қазақстанның географиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зерттегендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырларын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор академиясының академигі В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қалдырды. Оның «Түрік тайпаларының халыктық әдебиетінің үлгілерінде» қазақ-тың ертегілері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *