«Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысының губернаторы қызметiн атқарушы Жоғары мәртебелi мырзаға. Сiбiр қырғыздары аға сұлтандарына бағынышты халықтың атынан өтiнiш. 1866 жылғы 7 қыргүйек
Қырғыздар тұрақты қонысы болмағандықтан қатты қиыншылықтарға душар болуда. Мұның өзi оларға өте ауыр тиюде. Олар сөйте тұра жасақ (алым-салық), жол жөндеу жұмыстарына жұмсалатын үш есе артық мөлшердегi баж салығын төлейдi. Қандай ауыртпалық болса да қырғыздар өздерiнiң туып-өскен жерлерiн қиып кете алмайды. Өйткенi ол жерлерде ата-бабаларының сүйегi жатыр. Ал қысымға шыдай алмай, өздерiнiң ежелгi атамекендерiнен кең далаға кетiп қалған кейбiр адамдар ол жақтан да бос жатқан жер таба алмай, азап шегуде. Ақырында сол баяғы енi 10 шақырым келетiн жер алқабына амалсыздан қайтып оралуда. Жоғары мәртебелi мырза, Сiзден мынаны өтiнiп сұраймыз: сол енi 10 шақырымдық жер алқабын бұрынғысынша қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) иелiгiне тегiн беру жөнiнде жоғары жаққа өтiнiш бiлдiрсеңiз екен…»
Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 8-қ, 66-iс, 117–118-парақтар.