Місrosoft word бағдарламасында жұмыс істеу



Місrosoft word — мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі болып табылады. Қазіргі таңда компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция word бағдарламасында орындала береді.  Мысалы, басқа бағдарлама да жасалған мәтіндерді word бағдарламасында өңдей беруге болады.  Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және тағы басқа функциялар жетіп артылады.

Word бағдарламасында жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
  Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

  • Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) мәзірінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
  • Бағдарламалардың Microsoft Office тобындағы  word шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы іске асырамыз;

Ал, word бағдарламасында жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
— Файл → Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
—   Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

Microsoft Wоrd-та құжатты құру мен ашу түрлері.  Бағыттауышта құрастыратын құжаттарыңызды салғыларыңыз келетін папканы ашу керек; Контекс мәзір шақырып, «Құру / Құжат Microsoft Wоrd» пунктін таңдаймыз; Жаңа құжатты құрғанда міндетті түрде оған «Новый документ Microsoft Wоrd» орнына жаңа ат беру керек, ол үшін тышқанның сол кнопкасын басамыз;

Құжатты Пуск көмегімен де ашуға болады. Ол үшін маустың сол жақ батырмасын басып, «Құжат ашу Microsoft Office» командасын таңдаймыз. Бұл команда үлгілерді пайдалануға мүмкіндік береді.  Үлгі – типтік құжаттар жинағы, олардың көмегімен стандартты факс, түйіндеме, диаграмма  және тағы басқа құжаттар  құруға болады. Wоrd үлгілері «W» белгісімен белгіленген. Microsoft Wоrd редакторын жіберіп, керекті мәтінді тереміз. Содан соң «Сақтау» батырмасын басып, керекті папканы таңдап, файлға ат беріп, сақтауды бекітеміз.

Microsoft Wоrd жіберіп, Аспаптар панеліндегі (панели инструментов) «Ашу» батырмасын басамыз, немесе  «Құжат»  мәзіріне кіріп, «Ашу» тетігін таңдаймыз.

Құжат мәтінін теруді бастар алдында қаріпті (шрифт), оның өлшемін (размет) таңдап, Міндеттер тақтасында тақтаның индикаторын орнату керек. Мәтінді енгізгенде жолдың соңында Enter пернесін басудың қажеті жоқ. Enter пернесін абзац соңында басу керек, сонда көрінбейтін абзац соңының маркері орнатылады. Құжат бетімен орын ауыстыру үшін басқару пернелері мен пернелер үйлесімі қолданылады. Сонымен қатар көлденең және тік айналдыру жолақтарын пайдалануға болады. Айналдыру жолағында (полоса прокрутки) сырғытпа деп аталатын кішкене шаршылар пайда болады. Маус батырмасын сырғытпада шертіп, оны босатпай, қажетті бағытта орын ауыстыру үшін сырғытпаны жоғары не төмен (солға, оңға) жылжыту керек. Терілген мәтінді сақтау үшін Файл / Сохранить как… командасын орындап, мәтінге ат береміз (Мысалы: Сабақ жоспары).

 Құжаттардағы әріптік безендіруді өзгерту немесе әріп таңдау түрлері. Мәтін бөлігінде қаріп ауыстыру пішімдеу панеліндегі «Шрифты» мәзірі арқылы жүзеге асырылады. Мәзірдің оң жақ бөлігіндегі сызықшаны тышқанмен басамыз. Сонда әріптер жүйесінде тағайындалған толық тізімнен керектісі таңдалады. Әріптер алфавиттік ретте орналасады, жоғарыда сызық үстінде жұмыс істеп отырған әріптер көрініп тұрады. Әріпті қосу мен өшіру Басқару панеліндегі «Шрифты» батырмасының көмегімен жасалады. Осылайша өздеріңізге керекті гарнитураны таңдайсыздар. Стандартты және оқуға ыңғайлы қаріп ретінде  New Times Roman және Arial саналады. Әр қаріп төрт негізгі тұрпатқа (начертание) ие: нормальное, полужирное, курсивное, подчеркнутое және осы тұрпаттардың түрлі комбинацияларына ие. Тұрпатты өзгерту үшін мәтінді белгілеп, Пішімдеу панеліндегі керекті батырмаларды басамыз. Керек болса қаріптің түсін де өзгерте аламыз. Ол үшін сөзді немесе мәтін керекті жерін белгілеп, Пішімдеу панеліндегі «Цвет шрифта» (Font Color) батырмасын басамыз. Қаріптік безендірудің соңғы элементі – қаріп размері немесе кегль. Оны Пішімдеу панеліндегі «Размер» мәзірінің көмегімен жүзеге асырамыз. Әдетте қарапайым мәтін үшін 10-12 диапазонындағы кегль пайдаланылады, ал тақырыптар үшін 14 кегль қолданамыз.

Жұмыс туралы қорытынды ақпаратты Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын ақпараттар мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде ақпарат енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадірін түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз – ақ өздері автоматты түрде толтырылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. 
  2. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ, 1999 ж. «Білім» баспасы.
  3. Б. Бөрібаев Информатика және компьютер. «Білім» баспасы. 1995 ж .
  4. Ю. Шафрин «Оновы компьютерной технологии» , Москва, АБФ-1995г.
  5. Информатика. Н.В Макарова. 1997 г.

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты

№22 Орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Әпсеметова Жанат Серікқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *