Добромыслов А. И. Торғай облысы. Тарихи очерк

«Кенесары Қасымов қайтыс болғаннан бері сұлтандар хан билiгiн қай- тадан қалпына келтiруге тырысқан әрекеттерiн қойды және олардың халыққа ықпалы да қалмай бара жатыр. Бiрақ бұрынғыдай бостандық жөнiндегi мәселе әлi ұмыт болған жоқ. Бұрынғы сұлтандардың орнын соңғы кезде қырғыз (қазақ. – авт.) батырлары басып, олардың iсiн жалғастыруда. Бiздiң бұл еңбегiмiзде сондай екi батырдың – Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлын атап айтудың маңызы зор. Бұл екi батыр да Арал теңiзiнiң төңiрегiндегi орасан зор кеңiстiкте көшiп-қонып жүретiн үлкен ру – шектiден шыққан… Жанқожа мен Есеттiң екеуi де қарапайым қырғыздардың (қазақ- тардың. – авт.) қалың бұқарасының арасынан ерекше көзге түскен тұлғалар. Екеуi ақыл-ойға, дене күшiне бай, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздар, оның үстiне, Жанқожа қара қылды қақ жарған әдiл би ретiнде де кеңiнен танымал. Бұл екi батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан кете салысымен-ақ шектi руын өздерiнiң қалаулары бойынша басқара бастады. Олар ешқандай да сыртқы билiкке бағынбағанымен қоймай, өздерiнiң ықпалын көршi руларға да күшейтуге, кеңiнен таратуға тырысуда».

Добромыслов А. И. Торғай облысы. Тарихи очерк // Императорлық Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлiмшесiнiң хабаршысы. Тверь, 1902,

№17, 405-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *