Бөкей Ордасы қазақтарының 1836–1838 жылдардағы көтерілісі

  1. Көтерiлiстiң шығу себептерi. 1836–1838 жылдары Бөкей хандығында, Кіші жүздің батыс бөлігінде аса iрi ұлт-азаттық көтерiлiстердiң бiрi өттi. Ол көтерiлiстiң басты себебi отаршылдық қысымнан туындаған жердiң жетiспеушiлiгi едi. Мәселен, Iшкi Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы жер тапшылығынан зардап шектi. Ең жақын шұрайлы жерлердiң бәрiн де iрi помещиктер мен байлар өзара бөлiсiп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жердi со- лардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйек- терi орыс помещиктерiнен жалға алған жерлердi өздерiнiң жеке қалауы бойынша қазақ ауылда- рына көтерiңкi қымбат бағаға тағы да қайыра жалға берiп отырды. Сөйтiп, қазақтардан әртүр- лi айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктерi Юсупов пен Безбород- коның  Каспий  теңiзi  жағасында  көлемi  орасан  зор жер телiмдерi болды. Жайық әскери кеңесi Үлкен және Кiшi Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көл- дерiнiң төңiрегiндегi жерлердi өз пайдасына басып алған еді. Ал Жайық бойындағы жерлердi Жайық казак әскерлерi иемдендi.

Қазақтардың өзеннен өтiп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Ішкi Орда қазақтары қарсы жағалауға өте алмады. Жәң- гiр хан тарапынан салынатын алым-салық  түрлерi де еңсенi езiп жiбердi. Ол жеке басының пайдасына жинап алынатын бiрыңғай салық түрiн енгiздi. Патша үкiметi ханның өзi жасап алған алым-салықтық қаржы жүйесiне араласпады.

  1. Көтерiлiстiң барысы. 1836 жылы халық көтерiлiсi басталды. Оның қозғаушы күшi қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтерiлiс туының астына бiрқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар тобы мұның ақыры не болар екен деп, әлiптiң артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерiлiсшiлерге қарсы шықты.

Халық көтерiлiсiн елге белгiлi батырлар Исатай Тайманұлы (1791–1838) мен Махамбет Өтемiсұлы (1803–1846) басқарды.

Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайық- тың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы қолайлы жағдай iздеп, Iшкi Ордаға өтiп кетуге мәжбүр болған едi. Исатай 21 жа- сында өз руына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөлендi. Исатай Тайманұлының ең жақын серiгi ақын Махамбет Өтемiсұлы болды. Ол араб, татар және орыс тiлдерiн жақсы бiлетiн. Бiраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемiсұлы белгiлi орыс жазушысы әрi этнографы В.И. Дальмен жақсы таныс еді. В.и. даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөнiндегi шенеунiк қызметiн атқаратын. Махамбет саяхатшы  ғалым  Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин  әр кездерi Iшкi Ордада және Орынборда қызмет iстеген болатын.

1836 жылғы ақпанда көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханға қарсы ашықтан- ашық шабуылға шықты. Мұның басты себебi Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуi болды. Ол ханның шақыруына барудан үзiлдi- кесiлдi бас тартты. Оның үстiне, өзiне қарасты ауылдарды қыстаудан көшiрiп алып, көтерiлiсшiлердiң үлкен жасағын топтастырды.

1836 және 1837 жылдары шағым мен өтініш беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгiр хан және оның төңiрегiндегi жандайшаптарды қалың көпшiлiктiң көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-өтініш жолдау жаппай наразылыққа ұласты. Бұған 1836 жылы өте көп адам қатысты.

Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтi- нiшiн табыс еттi. Халық қаһарынан сескенген Жәңгiр хан оның айтқан талаптарын түгел тыңдап шығып, қордаланып қалған мәселелерді шешуге уәде бердi.

1836 жылдың күзiнде Исатай Тайманұлы әртүрлi рулардың ауылдарын аралап жүрiп, Жайық казак әскерлерiнiң иемденiп отырған жерлерiн өз беттерiнше тартып алуға шақырды. Көтерiлiс көсемiнiң халық арасындағы беделi мен абыройы күн санап арта бердi.

Көтерiлiсшiлер хан жасағына есеңгiрете тойтарыс бердi. Ханның төңi- регiндегi жандайшаптардың бiрi би Балқы Құдайбергенұлы көтерілісті бастаған қазақтарға шабуыл жасады.

Исатай шабуыл жасағандарды жазалау үшiн құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгi бидiң ауылын шауып, толық күйзелтiп кеттi. Ендi көтерiлiс аумағының шегарасы кеңейе түстi. Көтерілiсшiлердiң қатары да ұдайы арта бердi. Көтерiлiс ауқымынан қауiптенген Орынбор шегара комиссиясы Исатай Тайманұлын ұстап алып, iсiн сотта қарауға тапсырма бередi. Бұған қарсы генерал-губернатор В.А. Перовскийге көтерiлiсшiлердiң басшысы шағым жасады. Исатай батыр оған жолданған өтiнiш-шағымында былай деп жазды: «Бiздiң өтiнiштерiмiз бен шағымдарымызға ешкiм де құлақ аспайды. Бiздiң мал-мүлкiмiздi талан-таражға салып, тонап кетедi. Сөйтiп, бiз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берiлгендiгiмiз жөнiнде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешемiз». 1837 жылдың жазы мен күзiнде көтерiлiсшiлер iрi байлардың ауылдарына шабуылды күшейттi. Сол жылы күзде құрамында 200 сар- базы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, күл- талқан етiп кеттi. Елу адам, соның iшiнде екі сұлтан тұтқынға алынды. Көтерiлiсшiлердiң елеулi күшi бiрте-бiрте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханды жақтаушылардың мал-мүлкi мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды. Көтерiлiсшiлер Астрахан губерниясы Чернояр уезiнiң аумағын да ба- сып өттi. Олар қалмақтар және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кеттi.

  1. Көтерiлiсшiлердiң Хан ордасын қамауға алуы. Исатай Тайманұлы бастаған көтерiлiсшiлер 1837 жылғы қазан айының аяқ кезiнде Хан орда- сына он шақырымдай жақын келдi. Жәңгiр хан да, оның төңiрегiндегiлер де қоршауда қалды. Көтерiлiсшiлердiң жалпы саны екi мың адамнан аса- тын едi. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханнан Балқы және Қарауылқожа билердi өз төңiрегiнен қуып жiберудi, билiктi ру старшындарының қолына берудi талап еттi. Ол көтерiлiсшiлермен келiссөз жүргiзуге көштi. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етiлдi. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орын- далмайтын болса, көтерiлiсшiлердiң бүкiл ауыл- аймағымен Iшкi Орданы тастап, көтерiле көшiп кететiнi ескертiлдi. Оған халық арасында ықпалды үш жүз рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi де қатты алаңдады. Көтерiлiсшiлер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетiндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кiрiстi. Шегара бекiнiсi күшейтiле бастады.

    Исатай Тайманұлы ханмен екi арадағы шиеленiстi жағдайды бейбiт келiссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкiмшiлiгiн сендiруге ты- рысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсiп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетiне көшiп кетпек болды.

    Ал бұл екi арада Орынбор әкiмшiлiгi мен Жәңгiр хан казактардың әскери күштерiн шұғыл түрде топтастырып үлгердi. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгiр хан жасақтары да әзiр болды. Сөйтiп, қысқа мерзiмнiң iшiнде көтерiлiсшiлерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.

    1. Тастөбе түбiндегi шайқас. Шиеленiстiң қан майданда шешiлетiн уақыты таяп келдi. 1837 жылдың 15 қарашасында Тастөбе деген жер- де көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отрядтар арасында кескiлескен қанды шайқас болды. Көк сүңгiнi шебер пайдалана бiлудiң, жарамды жақсы ат- тарды таңдап мiнудiң, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесiнде көтерiлiсшiлер ұрыстың алғашқы жарты- сында басымдық танытып, едәуiр жеңiске жеттi. Алайда көтерiлiсшiлердi жазалаушылар зеңбiрекпен толассыз атқылай бастады. Көтерiлiсшiлер бұған шыдай алмай, кейiн шегiнуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бiрнеше шақырымға дейiн қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезiнде көтерiлiсшiлердiң бiраз малы жау қолында қалды.

    Тастөбе түбiндегi жеңiлiстен кейiн көтерiлiсшiлер шағын топтарға бөлiнiп, Iшкi Орда аумағына тарап кеттi. Көтерiлiсшiлердiң күшi әлсiреп, рухы төмен түстi. Жазалаушы әскер барлық күштi көтерiлiстiң басшысын қолға түсiруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күмiс ақша, оны қолға түсiргенге 1000 сом тiгiлдi.

    1837 жылдың желтоқсанында көтерiлiсшiлер Жайық өзенiн кесiп өттi. Сарайшық бекiнiсiнен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 казак және өзiнiң адамдарымен көтерiлiсшiлердiң соңына түстi. Қуғын кезiнде бiрнеше көтерiлiсшi тұтқынға алынды. Сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтерiлiс басшысын қолына түсiре алмады. Көтеріліс Кіші жүздің негізгі аумағын түгелдей дерлік қамтыды.

    1. Көтерiлiсшiлердiң күшiн бiрiктiру әрекетi. Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түстi. Мәселен, Елек өзенiнiң бойында Жоламан Тiленшiұлының жасағы iс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсiп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлiкшiл сұлтан» атанған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтерiлiс кеңiнен құлаш жайды.

    Мiне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бө- лiнiп шыққан сұлтан Қайыпқали Есiмұлымен күш бiрiктiруге шешiм қабылдады. Сұлтан өзiн хан деп жариялады. Оның жасағында 3000-ға жуық сарбаз бар едi. Бұл екi жасақ бiр-бiрiмен Ойыл өзенiнiң сағасындағы шектi руының ауылдарында қосылды.

    Патша үкiметi үшiн өте күрделi қауiптi жағдай қалыптасты. Оның үстiне бүкiл Кiшi жүздiң көтерiлiске шыққан күштерiн бiрiктiру ниетi де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесiнiң генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшiн iрi әскер құрамын аттандырды.

    1838 жылы Қиыл және Ақбұлақ өзендерiнiң бойында көтерiлiсшi- лер мен жазалаушылар арасында шешушi шайқас өттi. Осы шайқаста көтерiлiстiң басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты.

    Көтерiлiсшiлердiң қалған тобы кейiн шегiнiп, дала қойнауына сiңiп кеттi. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерiлiсшiлерден 80-ге жуық адам қаза тапты.

    1. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының себептерi мен салдары. Исатай Тайманұлының қазасынан кейiн көтерiлiс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгi Жайық шегара шебiне таяу жерлерде, Ойыл өзенiнiң бойында ғана iс-қимыл көрсетiп жүрдi.

    Махамбет Өтемiсұлы бiраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Көтерiлiс басып-жаншылғаннан кейiн оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлiмшi етiп дүре соғылды. Көтерiлiсшiлердiң бiрқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкi тәркiлендi. Көтерiлiске неғұрлым белсене қатысқандар Сiбiрге бiржолата жер аударылды.

    Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының негiзгi се- бептерi: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтерiлiс жергiлiктi шашыраңқы сипат алды. Көтерiлiстiң басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тiленшiұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкiметiнiң әскерлерi мылтық, зеңбiректермен жарақтандырылған едi. Кейде зеңбiректен үстi-үстiне бiрнеше оқ атудың өзi көтерiлiсшiлердi кейiн шегiнуге мәжбүр еттi.

    Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерiлiстiң жеңiлiп қалуының басты себептерiнiң бiрi бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екi бағытта – әрi патша үкiметiне, әрi хан билiгiне қарсы күрес жүргiзiлдi.

    Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлы бас- қарған көтерiлiстiң зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкiметi құрған жаңа әкiмшiлiк аумақтағы қа- зақтардың отаршылдыққа қарсы iрi баскөтеруi едi. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтерiлiс аяу- сыздықпен басылғаннан кейiн де жалғаса бердi.

    Жәңгiр хан көтерiлiсшiлердiң кейбiр талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық төлемiн едәуiр жеңiлдеттi. Патша үкiметiне наразылық бiлдiрген старшындардың пiкiрiмен санасу керектiгiн түсiндi. Көтеріліс басшыларының ұрпақтары өз батырларының ерліктерін мәңгі есте қалдыру мақсатымен олардың есімдерін бірқатар қала, көшелерге қойды. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *