«Тевкелевтiң Ордаға келуi Әбiлқайырдың ойын түгелдей ашып бердi. Ресейдiң қол астына жаңадан өтетiндерден ант алу үшiн келген шенеу- нiктердiң өздерiне жүктелген қызметiне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тiптi келген бойда-ақ өз өмiрлерiнен айырылып қала жаздады. Қырғыздар (қазақтар) өздерiнiң тағылық табиғи бостандығын жоғалтып ала- тыны жөнiнде ойланған кезде ашу-ызаға булықты, орталарына келген орыс- тарды көрiп, кенеттен қатты толқыды. Тевкелевтi тiптi сол жерде-ақ құр- бандыққа шалып жiбере жаздады. Оны ханның өзi қорғап қалды. Бiрақ ол өзгелердiң ашу-ызаға толы толқуын баса алмады. Оның қол астындағы ержүрек жандар ешқайсысының келiсiмiнсiз шетелдiк мемлекетпен неге келiсiм жасасқаны, оған бас иiп, бағынуға өз атынан ғана емес, бүкiл орданың атынан уәде еткенi туралы ханнан есеп берудi талап еттi. Сол бiр қулыққа толы
батылдық оның өз өмiрiне қауiп төндiрген болатын…»
Левшин А. И. Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы. Алматы, 1996, 181-бет.