Қазақ хандығының ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайы

  1. Қазақ хандығының ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайы. Тәуке хан билік еткен жылда- ры Қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында саяси тұрақтылық орнады, ішкі алауыздық азайды. Ішкі ауызбіршіліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды.

Тәуке ханнан кейін оның мұрагері Қайып хан қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра ал- мады. Сұлтандардың тарапынан наразылық күшейіп, елде бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Мұның өзі дәстүрлі Қазақ хандығын дағдарыс пен күйзеліске ұшыратты. Рулар, тай- палар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. . Орталық хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде – Әбілқайырдың, Орта жүзде – Болаттың, Сәмекенің, Күшіктің, Ұлы жүзде – Жолбарыстың жағда- йын нығайта түсті. ХVІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақ мемлекеті іштей ыдырай бастады. Ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің жіті назарында болды. Ресей Қазақстан мен Орта Азияға назарын күшейтті. Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемле- кеттердің әлсіреуіне мүдделі болды. Жалпы алғанда, бұл кезде шегаралық аймақта өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *