- ұлт-азаттық күрестің жетекшiлерi және оған қатысушылар. Басқыншы жауға қарсы күреске бүкiл қазақ халқы көтерiлдi. Iрi-iрi әскери жасақтарды Әбiлмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбiлқайыр сияқты хандар мен сұлтандар, Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды. Жас сұлтан Абылайдың беделi тап осы кезеңде көтерiлдi. Ол кейiн қазақтың аса құрметтi, беделдi де айбынды ханына айналды. Азаттық күресiне идеялық басшылық жасауды қазақтың үш жүзiнiң аса көрнектi үш биi өз мiндеттерiне алды. Басқыншыларға қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың әртүрлi ру-тайпалары мен жүздерiнен шыққан Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Жәнiбек, батыр Баян, Олжабай, Қожаберген, Тайлақ, Бөлек, Саңырақ, Жабай, Бердiқожа, Жарылғап сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және қанды шайқасқа, ерен ерлiк көрсете отырып, өздерi бастап кiрдi. Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың қайсар қыз-келіншектері де белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батыр- дың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһар- мандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелi Гауһар барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық iрi шайқастарға да қатысты. Жоңғар шапқыншылығына, ортақ жауға қарсы қазақтармен бiрге қарақалпақтар мен қырғыздар да аянбай соғысты. Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңiндегi жеңiлiс қазақ халқының ұнжырғасын түсiрген жоқ. Олар «жеңiске жетемiз» деген рухы мен ерiк-жiгерiн сақтай бiлдi. Халықтың жаппай ерлiк көрсетiп, қаһармандық танытуы, ар-намыс жолында құрбан етуге дейiн баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттерiне төтеп берiп, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етiп жеңiп шықты. Айрықша атап айтуға тұрарлық оқиға – қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ қазақ жерінің барлық аумағында бiрдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөлiну дегендi ұмытты. Жауға қарсы жұды- рықтай жұмылған ауызбiршiлiк танытты. Батырлардың ерен ерлiгiн бiздiң заманымызға дейiн өз шығармалары арқылы жеткiзген ақын-жыраулар Үмбетей, Ақтамбердi, Тәтiғара, Қожаберген, Бұқар және басқалары болды. Олардың көпшiлiгi сұрапыл соғысты өз көздерiмен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлiкпен шайқасқан жаужүрек жауынгерлер де болды.
- Бұланты шайқасы. Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенiнiң бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары iрi жеңiске жеттi. Қарулы күштердiң құрамындағы жауынгерлердiң жалпы саны 60 мың адамға жеткен едi. Қанды шайқас болған жердiң аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есiнде тарихи атау ретiнде мәңгi сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгерлерi қаза тапты. Бұланты өзенiнiң бойындағы жеңiс жауынгерлердi рухтандырып, жігерлендіре түсті. Жоңғарлар- дың жер қайысқан қалың қолы жеңiлiстiң не екенiн бiлмейдi деген жалған аңызды жоққа шығарды. Бұл жеңіс Аңырақай шайқасында жауды есiнен тандыра, ойсырата соққы берудiң сенiмдi кепiлiне айналды.
- Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресi барысында- ғы өте елеулi оқиға – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлiнiң оңтүстiк-батыс жағындағы Итiшпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр тiкелей басшылық еттi. Оған қазақтың үш жүзiнiң жасақтары қатысты. Аңырақай шайқасында қазақтар жауға естерiнен тандыра күштi соққы бердi. Шай- қас даласында жоңғарлардың есеңгiреген, жеңiлiске ұшырап, аңырап қалған жерi Аңы- рақай деп аталып кеткен көрiнедi. Үш жүздiң хандары мен сұлтандары бұрынғы ала- уыздықты қойып, күш бiрiктiрудiң арқасында жауға қарсы жұмыла күресiп, тамаша жеңiске жеттi. Бұл жеңiс үш жүздiң күш-жiгер бiрiктiруiнiң қисынды әрi заңды нәтижесi болды. Ұзақ жылдарға созылған қазақ-жоңғар соғысында түбегейлi өзгерiс жасалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерiн тастай қашты.
- Билiк үшiн бақталас күрес және бiртұтас халық майданының ыдырай бастауы. Аңырақай шайқасынан кейiн жау түбегейлi жеңілген жоқ едi. Бiрақ тап осы кезде сұлтандар мен хандар арасында тақ таласы Бүкiл қазақтың ұлы ханы болуға Әбiлқайыр мен Сәмеке дәмелi болатын. Алай- да қазақ ақсүйектерiнiң тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға iс жүзiнде ешқандай айту- лы қызметiмен көзге түспеген Әбiлмәмбеттi сайлауды лайық деп тапты. Өйткенi аймақтық билеушiлерге билiк басында күштi тұлғаның отыруы керек емес еді. Қазақтың бiрiккен әскери күштерiнiң бас қолбасшысы, Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр мен Орта жүздiң ықпалды ханы Сәмеке әл- гi шешiмге келіспейді. Сондықтан олар со- ғыс қимылдары жүрiп жатқан аумақтан өз әскерлерiн алып кетеді. Өкiнiшке қарай, зор қиыншылықпен құ- рылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқас- тынан ыдырап шыға келдi. Қалыптасқан қи- ын жағдайдан шығудың ендiгi жолын әр жүз өздерiнше жеке-жеке iздестiруге көштi. Мә- селен, Ұлы жүз жоңғарларға әлi де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат берiп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бә- рiнен де көп тартқан Орта жүздiң жауға қарсы күрестi одан әрi жалғастыра беруiне тура келдi. Ал Кiшi жүз үшiн мүлде басқаша жағдай қа- лыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрiкмендер, Едiл қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар едi. Өйткенi бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым-қатынас нашарлап, шиеленiсiп тұрған болатын.