Ресей империясының қазақ хандығын қосып ала бастауы

  1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақ- тары тамаша жеңiске жеткенiмен, ол табыс баянды бола қоймады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына бай- ланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей им- периясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзiне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңдi күтумен болды. Әбiлқайыр қазақ хандығында жеке өз билiгiн нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз iздестiре бастады. Кiшi жүздiң ханы Ресей мемлекетiнiң қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының ерекшеліктері де шешушi рөл атқарды. 1730 жылы Кiшi жүздiң билерi ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Ресеймен келiссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдiң өкiмет билiгiмен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыргүйек айында Әбiлқайырдың елшiлiгi Петербургке келдi. Елшiлiк Кiшi жүздi Ресейдiң қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтiнiштi табыс еттi.
    1. А. Тевкелев бастаған елшiлiктiң Кiшi жүзде болуы. Қазақтардан ант алу үшiн патша үкiметi Әбiлқайырға 1731 жылғы көктемде Петербургтен А. и. Тевкелев бастаған елшiлiктi жiбердi. Оған Кiшi жүздiң билеушiлерiн Ресейдiң қол астына қалай өткiзуi керектiгi жө-

      Әбiлқайырдың елшiлiгiне зор құрмет көрсетiлiп, оны үлкен ықыласпен қарсы алды. Ресей үшiн Кiшi жүздi империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәтi туды. Бұған дейiн Ресейдiң құрамына Едiл қалмақтары, Қабарда князьдығы қосылған болатын. 1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кiшi жүздiң қазақтарын Ресейдiң қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Империяға өтудің сипаты үстірт, жасанды болды. Дегенмен бұл Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басы едi. Жөнiнде жан-жақты нұсқау берiлдi. Кiшi жүздiң ат төбелiндей билеушi тобына қалағанынша сый-сияпат берiп, тiкелей сатып алу жағын да қарастырып көрудi тапсырды. Ол үшiн 1 миллион орыс рублiне дейiн жұмсауға рұқсат етiлдi. Әбiлқайырға импе- ратрица Анна Иоанновнаның атынан қымбат бағалы – болат қылыш, бұлғын iшiк, екi түлкi тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделдi. Бiрақ оларды Құран ұстап, ант берiлгеннен және құжатқа қол қойылғаннан кейiн ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердiң құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрi батыры Таймас Шайымов та болды. Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлiк, сонымен қатар барлау мәлiметтерiн де жинауға – жер бедерiн суреттеуге, қазақтардың тiлi, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлерi туралы мәлiметтер жинақтауға тиiс болды. Елшiлiк сондай-ақ тұрғындардың империя қол астына өтуi қабыл алынған кездегi көңiл күйiнiң қандай болғанын да бiлуi тиiс едi. А. Тевкелевке қазақтарға ең жақын көршi халықтар туралы да деректер жинау тапсырылды.


      1. Қазақтардың ресейдiң қол астына өтуiнiң салдары. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтуiне байланысты жағымсыз салдар орын алды. Қазақ халқы бiрте-бiртеӘбiлқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы. Кiшi жүздегi ақсүйектердiң едәуiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтуге үзiлдi-кесiлдi қарсы бол- ды. Жергiлiктi жерде айқындалғанындай, Ресейдiң қол астына өту туралы шешiм Әбiлқайыр ханның жеке өзiнiң бастамасы бойынша қабылданған болып шықты. Оппозициялық көңiл күйдегi көптеген қазақ билеушiлерi Ресеймен екi арадағы келiссөздердi болдырмай, ашықтан-ашық үзiп тастауға тырысып бақты. Ресей елшiлерiн өлтiрiп жiберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлердi қорғау iсi Әбiлқайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға тапсырылды. Қазақ билеушiлерi сенiмдi де тиiмдi одақтас табу мүддесiн басшылыққа алды, одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үмiттендi. Ал Ресей империясы «бодандықты» көрші елдердің жерін өзіне қосып алу деп түсінді.
        1. Әбiлқайыр ханның және оның төңiрегiндегiлердiң ресейдiң қол астына өтуін қабылдауы. А. Тевкелев Ресей империясының сенiмдi өкiлi екендiгiн алға тартып, дүние-мүлiкке қызықтыру, пара беру, уәделi келiсiмге көндiру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы келiссөздердi ақыры өз пайдасына шештi. Ресей елшiсi Әбiлқайырдың төңiрегiндегiлердi Ресейдiң қол астына өтуге көндiрдi.

        1731 жылдың 10 қазан күнi Әбiлқайыр хан, бiрқатар сұлтандар және iрi билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерiнiң арасындағы Майтөбе деген шатқалда өттi. Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алдымен «хан  партиясы» деп атала- тын топтың мүшелерi болатын. Бiрiншi болып Әбiлқайыр хан, одан соң оның төңiрегiндегiлер ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерiнiң едәуiр тобы өз мүдделерiн көздеп, келiссөздер жүрiп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге қолдау бiлдiрдi. Қазақтардың Ресейдiң қол астына өтуi, мiне, осылай басталды. Әбiлқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепiлi ретiнде өзiнiң ұлдарының бірін Ресейге аманат жiберуге уәде еттi. Ресейдiң дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлерi Қазақстан аумағында бiр жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлi жан-жақты зерттедi, қаншалықты мол мүмкiндiктер бар екенiн байқап қарады. А. Тевкелев Кiшi жүзде атқарған сәттi дипломатиялық қызметi үшiн әуелi полковник, одан сәл кейiнiрек орыс армиясының генералы әскери шенiн алды. Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесiндегi iрi-iрi помещиктерге айналды. Олардың мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берiлдi. Әбiлқайыр хан Ресейдiң қол астына өтудi қабыл- дағаннан кейiн Кiшi жүз қазақтарының арасындағы беделi мен ықпалынан айырыла бастады. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үмiтi ақталмады. Ол тек Кiшi жүздiң ханы болып бекiтiлдi. Сондықтан ол өз ғұмырының соңғы күнiне дейiн патша әкiмшiлiгiне бағынбауға тырысты. Оның үстiне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрт- тармен және Орал казактарымен шегара аймағындағы шиеленiстi қақтығыстары тоқтатылмады. Әбiлқайырдың патша үкiметiне қарсы белсендi iс-әрекеттерi оның саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқанынан кейiн ғана тоқтады. Ресейдiң қол астына өткен Кiшi жүз қазақтарына патша үкiметi тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетiлмедi. Сондықтан жоңғарлардың билеушiсi Қалдан Серен Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.
        5. Ресей империясының Қазақстандағы ХVІІІ ғасырдың 30–50-жылдарындағы саясаты. Әбілқайыр ханнан кейін бірқатар билеушілер Ресейдің қол астына өте бас- тады. Бұл қазақтарға қысқы уақытта ше- гара шебінің ішкі жағына еніп, уақытша тұрақтауына мүмкіндік беретін еді. Ресейдің
        иелігіне, негізінен, шегара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
        Ресей империясы қазақ өлкесінде жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін бекіністер салуды одан әрі жалғастырды. Кіші жүздің аумағын жан- жақты зерттеу мақсатымен 1734 жылы Қырғыз-қайсақ (Орынбор) экспе- дициясы құрылды. ХVІІІ ғасырдың 30–40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шегара шебі салынды. Ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды. Патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.

        Ресей империясы қазақ-жоңғар соғыстарын пай- даланып, қазақ жерін одан әрі жаулап алу әрекетіне кірісті. 1752–1755 жылдары Орта жүз қазақтары же- рінің солтүстік аймағында Жаңа Есіл шегара шебін- дегі әскери бекіністер мен шағын дала бекіністері тұрғызылды. Ол Үй өзенінен басталатын шегара шебін Ертіс шегара шебімен жалғастырды. Оның жалпы ұзындығы шамамен 540 шақырым болды. Бойында көптеген ащы сулы көлдер бар бұл шепті халық «Қасірет белдеуі» (Горькая линия) деп атады. өз тәуелсiздiгiнен айырыла бастады. Патша үкiметi хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзiнiң айтқанын екi етпейтiн бағынышты шенеунiктеріне айналдырып алды. Патша  үкiметi  жалпықазақ  хандығы  болуын мойындамау арқылы Қазақ мемлекетiнiң аумақтық тұтастығын бұзып, бiрлiгiн ыдырата бастады. Iс жүзiнде қазақтардың билеушiлерiмен ешқандай келiсiмсіз-ақ,  қазақ-орыс  шегарасының  бүкiл  өн бойына әскери бекiнiстер, қамалдар, далалық шағын бекiнiстер салуды үстi-үстiне үдете бердi. Жайылымдық жерлердiң тарыла түсуi мал өсiрумен айналысатын көшпелi және жартылай көшпелi қазақтардың шаруашылық негiзiн қатты шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшiн шегара шебiндегi аймақтарға көшiп баруына рұқсат етiлмедi. Қазақстанның Ресей ықпалына көнуi кейiнгi жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерiмен қарым-қатынасының едәуiр нашарлап кетуiне әкеліп соқты. Хиуа мен Бұхардың әскерлерi Оңтүстiк Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлеттi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *