Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілері және айырмашылықтары

 

Екеуіне де ортақ белгілер: Екеуі де Жетісу жерінен табылған.

Сақтар мен үйсіндердің түсінігінше, өлген адам қайта тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек

 

болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса көмген.

Екеуінде де «Аң стилі» мәдениетіне жатады. Яғни сақтар мен үйсіндердің бас киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпарлар, құстар бейнеленген. Онда қанатты тұлпарлар күннің белгісі ретінде салынған.

Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.

Екеуінде де ою-өрнектер үш бөліктен тұрады.

Айырмашылықтары:

Есік обасынан табылған алтын киімді адам б.з.б. V – ІV ғасырларда, ал Қарғалы шатқалынан табылған үйсін адамы б.з.б. ІІ – І ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *