Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық оңтүстік
– шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.