Адам баласының биологиялық эволюциясы: австралопитек (б.з.б.2,6 млн жыл), питекантроп(б.з.б.1 млн жыл), синантроп (б.з.б.500- 200мың жыл), неандерталь(б.з.б. 200-35мыңжыл), кроманьон (б.з.б. 40- 30мың жыл). Адам баласының биологиялық эволюциясы ең соңғы деректер бойынша мынадай жолмен іске асқан. Біздің арғы тегіміз гоминидтер – адам тектес маймылдар. Солардың ең бір жақсы зерттелген өкілі –австралопитектер.
Олар тек Африкадан табылған, бұдан 6-1 млн жылдар бұрын өмір сүрген. Осы австралопитектердің кейініректегі (2,8- 2,4млн жыл бұрын) түріне хомо хабилис деген атау берілген. Бұл «қабілетті адам» дегенді білдіреді. Хомо хабилистер Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған. Адамның осы түрімен бірге ең алғашқы кездегі тас құралдар табылған. Мөлшермен бұдан 2 млн жыл бұрын хомо хабилистен хомо ергастер (әрекетшіл адам) және хомо еректус (тік жүретін адам) дамып шықты. Бұл адамдар бұдан 500 мың жыл бұрынғы заманға дейін өмір сүрді. Соңғы кезеңде бұлар Еуропаның оңтүстігі, Азияның көпшілік аумағына қоныстанды. Көне адам эволюциясындағы бұдан кейінгі түр гейдельберг адамы. Олар б.з.д. 600-150 мың жылдықтар мөлшерінде өмір сүрген. Соңғы көзқарастар бойынша неадертальдықтардың (б.з.д.130-30мыңжылдықтар) бүгінгі адамдардың дамуына тікелей қатысы жоқ. Бұрын бүгінгі адамға ең жақыны деп есептелетін. Мөлшермен бұдан 40-30 мың жыл бұрын Еуропа жеріне келген гейдельберг адамдары бәсекелестік күрес нәтижесінде олардың тұқымын мүлде құртып жіберген.
Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы. Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы – алғашқы адамдардың тобыры. Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді. Тобыр- өзара қандас туыстас жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды. Эндогамия дегеніміз- ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы. Адамдар тобыры ұжым ретінде бірлікте ұзақ өмір сүре алмады, жиі тарап кетіп отырды. Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп қандас туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды. Адамзат баласының ішкі қатынастарында экзогамия ғұрпы пайда болды. Экзогамия дегеніміз- туыстас адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті. Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы болды. Ру саналы адамға (кроманьон) сәйкес келеді.