- Абылай – Қазақ хандығының аса көрнектi сая- си және мемлекет қайраткерi. ХVIII ғасырдағы Қазақ хандығы билеушiлерiнiң бiрi Абылай өзiн аса көрнектi мемлекет қайраткерiне тән қасиеттерiмен көрсете бiлдi. Абылай хан өзiнiң бүкiл ғұмырын қазақ мемлекет- тiлiгiн нығайту мен халықтың бiрлiгiн қамтамасыз ету iсiне арнады.
Абылай ханның өткен өмiр жолы оңай болған жоқ. Ол 1711 (кейбір деректерде 1713) жылы Түркiстан қаласында дүниеге келдi. Оның азан шақырып қойылған аты Әбiлмансұр болатын. Шыққан тегін жасырып, Сабалақ
атанған. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы бiлiм алды. Ол Шығыстың жетi тiлiн бiлдi. Домбыраны жақсы тартты. Өзара бақталастық, алауыздық салдарынан болған соғыстар кезiнде жастайынан жетiм қалған едi. Он бес жасқа толған кезiнен бастап жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқа белсене қатысты.
Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпақтай, дене күшi зор едi. Замандастары оны батылдығы мен ержүректiгi үшiн қатты құрметтейтiн. Ол өз ғұмырының ең соңғы күндерiне дейiн жауынгер- лерiмен бiрге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлiстi. Жау- мен шайқастар кезiнде бiрнеше рет жаралы да болды.
Сөзге шебер әрi тапқыр едi. Өз замандастары арасында сөзiне берiк, алғыр ойлы, барынша адал әрi әдiлдiгiмен көзге түсетiн. Керемет шешендiгiмен, қазақтардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежiресiн өте жақсы бiлетiндiгiмен ерекшеленетiн. Ол өз төңiрегiне халықтың құрметiне бөленген ең беделдi әрi адал адамдарды топтастырды.
-
- Абылайдың сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты өзiнiң икемдiлiгiмен әрi алыстан болжайтын көрегендiгiмен ерекшелендi. Абы-Абылайдың iшкi саясаты. Абылайдың бүкiл iшкi саяси қызметi бiр орталықтан басқарылатын тәуелсiз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексiз билiкке ие болды, оны халық қолдады. Ш. Уәлиханов былай деп жазды: «Қазақтардың аңыз әңгiмелерiнде Абылай айрықша қасиетi бар киелi, керемет құдiрет иесi болып саналады. Ешбiр ханның Абылайдай шексiз билiкке қолы жеткен жоқ». Ресейдiң қол астына өтудi қабыл алғанына қарамастан, ол iс жүзiнде Ресейге мүлде тәуелсiз iшкi және сыртқы саясат жүргiздi. 1759 жылы патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi Әбiлмәмбеттi тағынан тайдырып, оның орнына Абылайдың отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде еттi. Алайда ел арасында беделi зор әрi алыстан болжайтын көреген сұлтан бұл ұсынысты қабыл алмады. Өйткенi ол ұсыныс елдiң өз iшiнде қазақтардың бiрлiгiн ыдыратуға соқтыратын едi. Патша үкiметi Абылайды бiр ғана Орта жүздiң ханы деп таныды. Бiрақ хан ант қабылдаудың және патшаның сенiм грамотасы мен тарту-таралғыларын тапсырудың салтанатты рәсiмiне барудан бас тарт- ты. Өйткені: «Мені хан етіп сайлаған халқым, олай болса, орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге міндетті емеспін», – деп білді. Абылай ханға бiр орталықтан басқарылатын мем- лекет құрудың сәтi түстi. 1771 жылы Түркiстан қала- сында қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы болып жария- ланды. Бұған жоңғарлар мен Едiл бойы қалмақтарын талқандаудағы үлесi игi ықпал еттi. Өзiнiң қол астындағы халықты неғұрлым жақсы басқару үшiн Абылай үш жүздiң әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеушi етiп тағайындады. Ол сот билiгiн күшейте түстi. Сонымен қатар белгiлi қазақ билерiнiң, сондай-ақ атақты қазақ батырларының беделiне арқа сүйедi. Сондай күштi, ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшiсi Бұқар жырау болды. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты. Ол қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысу- ына қолдау көрсеттi. Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көңiл бөлдi. Ол қазақ даласында темiр ұстаханаларын салудың бастамашысы болды. Абылай хан ақын-жырау, әншi-күйшiлер мен дiни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды. Абылайдың сыртқы саяси қызметi Қазақстан аумағының ешкiм қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәттi көр- шiлiк саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемле- кетiмен дипломатиялық және сауда байланыста- рын орнатты. Өз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерiнiң орынсыз талаптары мен әрекеттерiнен батыл қорғай бiлдi. Абылай күш-жiгерiн жоңғар шапқыншылығын әлсiретуге бағыттады. Бұл ретте Ресейдiң ықпалды әскери көмегi бола ма деген үмiтi ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбiт келiсiм жасағаннан кейiн барлық күшiн батысқа қарай бұрды. Сөйтiп, 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бiр iрi жорыққа шықты. Жоңғарлардың тұтқиылдан баса-көктеп кіруi салда- рынан Абылай олардың қолдарына тұтқынға түсiп қалды. Абылайды тұт- қыннан босатып алудың сәтi Жоңғар мемлекетiмен бейбiт келiсiм жасал- ғаннан кейiн ғана түстi. Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейiн, оның мұрагерлерi арасында кес- кiлескен тақ таласы басталды. Мұны қазақ сұлтандары оңтайлы пайдалана білді. Жоңғар билеушiлерiнiң билiк үшiн қырқыстарына араласып кеттi. Бұл қазақтардың өз жауын әлсiретуiне және Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс аудандарын жоңғар- лардан қайтарып алуына мүмкiндiк туғызды. Абылай жоңғарлардың тақ- тан үмiткер мұрагерлерiне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерiн қайтарып алды. 1761 жылы Қытай өзiнiң Жоңғариядағы жағдайын бiржолата ны- ғайту үшiн онда империяның Синьцзянь немесе Шыңжаң (Жаңашеп) атты аймағын құрды. 1771 жылы жалпы саны 180 мың адам болатын Еділ қалмақтары Қытай шебіне көшуге әрекет жасады. Кіші жүз бен Орта жүздің жерлерін басып өткен әрі жорыққа қапысыз дайындалған қалмақтар қазақтардың әскери жасақтарынан күйрей жеңілді. Қазақ- тардың қалмақтармен ең ірі шайқасы Жем өзені бойында, Балқаш көлінің жағасында өтті. Мойынты өзенінің бойында Абылай бастаған 50 мың жасақ қалмақтарға ойсырата соққы берді. Бұл Абылай хан билігі тұсындағы орасан зор оқиға қазақ тарихында «Шаңды жорық» деген атпен қалды.
-
- Абылайдың қазақ тарихында алатын орны. Абылай хан 1781 жы- лы дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесiне жерлендi. Абылай ханның қайтыс болғанын естiген Қытай өкiметi көңiл айтып, елшiлерін жіберді. Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жiгерi ең алдымен мықты және тәуелсiз Қазақ мемлекетiн құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзiмен айтқанда, «Ол (Абылай. – авт.) қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бiрде Ресейге, бiрде Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi,Абылайдың қазақ жерлерiн бiрiктiру жолындағы күресi. Абылай хан Қазақ хандығының қауiп- сiздiгi мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшiн сыртқы саясатты асқан көрегендiкпен жүргiздi. Ресейдiң қол астына сырт көзге ғана формалды түрде қарап, 1756 жылы Қытай үкiметiмен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оған Ресейдiң Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерiн тоқтатуына, сонымен қатар Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуiне зор мүмкiндiк берді. Осы кезеңде қазақ билеушiлерi мен Қытай үкiмет билiгi арасында жер қатынастарына байланысты едәуiр шиеленiстi дау туды. Қытай шегара мәселелерiн реттеп қайту үшiн Қазақ- станға, Абылай сұлтанға хат жазып, арнайы елшiлiк жiбердi. Алайда Абылай Қытайдың Жоңғарияны басып алғанын мойындағысы келмедi. Онымен де қоймай, жоңғарлардың циньдерге қарсы көтерiлiсiн бастаған Әмiр- санаға белсендi түрде көмек көрсете баста- ды. Қазақ басшылары Жоңғария жерiнiң бiр бөлiгi оның байырғы қожайыны болып табылатын қазақтарға қайтарып берiлуiн заң- ды деп санады. Бiрақ Қытай жоңғарлардың көзiн жойған негiзгi жеңiмпаздың құқығы өзiнде екенiн пайдаланып, ол жерлердi қайтарып беруден үзiлдi-кесiлдi бас тартты. 1756 жылдың көктемiнде қазақ жасақтары Қытай әскерлерiне қарсы Жоңғарияның iшкi бөлiгiне жорық жасап, терең бойлап кірді. Бұған жа- уап ретiнде Қытай императоры ендi Қазақстанға шабуыл жасауға бұйрық бердi. Қазақтар өз жеріне баса-көктеп кірген Цинь әскерiмен бiрнеше рет шайқасты, олардың даланың iшкi жағына терең бойлап өтуiне жол бер- мей, бөгеп тұрып алды. Бұл шара қазақ ауылдарының соғыс қимылдары аймағынан аулаққа көшiп кетуiне жағдай туғызды. Қазақ жасақтары Қытай әскерiне күтпеген жерден үстi-үстiне шабуылдар жасады. Қытай әскерi келген iзiмен керi қайтуға мәжбүр болды. Жеңiс қазақтар жағында болса да, алып империямен ұзақ соғысу өте тиiмсiз едi. Екi ел арасында келiссөздер басталып кеттi. Қытайлар Iле өзенiнiң аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекiнiстер сала бастады. Ондағы мақсаты – босап қалған Жоңғар жерiне қазақтардың қайта ора- луына жол бермеу едi. Алайда қазақтар Тарбағатайдағы жайылымдарды қытайлардың рұқсатынсыз өз беттерiмен қоныстануын тоқтатпады. Қытай әскерлерi қазақтарды қайтадан керi қуып шығу үшiн жаза- лау операцияларын бiрнеше рет жүргiздi. Бiрақ қыс түсiп, қытайлар кеткен кезде қазақтар ол аймақтарға қайтадан көшiп баруын қоймады. Көшiп барушылардың саны ол аймақта бiрте-бiрте арта түстi. Абылай қытайлықтармен келiссөз жүргiзудi күшейттi. Соның нәтижесiнде 1767 жылы Қытай жағы Тарбағатай аймағындағы және Iле өзенi бойындағы қазақтардың ежелгі қоныстарын пайдалану- ына рұқсат етуге мәжбүр болды. Оның есесiне қытайлықтар жайылымды жалға алып пайда- лануды талап еттi. Сөйтiп, ХVIII ғасырдың аяқ кезiнде Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi шөбi шүйгiн жайылымдарға жайғасты. Абылай хан қазақ пен қырғыз шегара- сында тыныштық орнатуға арналған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Абылай 1779 жылы қазақтардың мазасын ала берген қырғыздарға жорық жасауға мәжбүр болды. Жорық бейбiт келiсiм жасаумен аяқталды. Абылай ең атақты деген манаптардың балаларын аманатқа алып қайтты. Қыруар көп қыр- ғыздарды тұтқынға алды. Олардан Жаңақырғыз және Байқырғыз деген екi болыс ел құрастырып, Қазақстан аумағына қоныстандырды. Абылай хан- ның бұл шаралары туысқан екі халықтың қарым-қатынасын жақсартуға үлкен себеп болды. ал шын мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ». Абылай хан қазақтардың басын қосып бiрiктiру үрдiсiне басшылық еттi және ұлан-байтақ далада бiр орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Едiл қалмақтарын тас-талқан етiп, жеңiп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерiнiң Қазақстан аумағымен iлгерi қарай iшкi аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Iле өзенi өңiрiндегi байырғы дәстүрлi мал жайылымдарын қайтарып алуына қол жеткiздi. Алатау қырғыздарының қа- зақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты. Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, сонымен қатар көршi халықтардың арасында да зор бедел мен сый-құрметке бөлендi. Қазақтар жауға аттанғанда «Абылай! Абылай!» деп ұрандатты. Ә. Бө- кейхан өзiнiң «Қырғыздар» (қазақтар. – авт.) деген еңбегiнде Абылайдың атын тiптi Сiбiр казактарының ұран ретiнде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай!» деп ұран тастау тiптi Сiбiр казак-орыстарында да бар. Олардың бiреуi өзiнiң ұлын 1904–1905 жылдардағы орыс-жапон соғысына аттандырып тұрып, оған бата ретiнде: «Абылай! Абылай!» деп атой сал… «Абылай деп шабуыл жаса!» дегенiн көрдiм». Қазақстан қалаларының басты көшелерi Абылай ханның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және дүниежүзi тiлдерi университетiне Абылай ханның есiмi берiлген. Көкше- таудың етегiнде Абылай ханның құрметiне алып ескерткiш стела орна- тылған. Қазақтар аса көрнектi қазақ ханының есiмiн бүгiнде өздерiнiң перзенттерiне зор ықыласпен қояды.