Мақсаты: Студенттерге ұжым арқылы тәрбиелеудің маңызы туралы түсініктерін
толықтыру
Жоспары:
1. Көрнекті кеңес педагогтарының тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу
туралы идеялары
2. Ұжымның негізгі белгілері және түрлері
3. Ұжымдық шығармашылық істер, олардың ұйымдастырылуы.
4. Ұжымдық сипаттағы халықтық тәрбие қағидалары.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Глоссарий:
Ұжым ол – ортақ мақсатпен, іс-әрекетпен, гуманистік қарым-қатынаспен және жоғары
жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.
Оқушылар ұжымы –тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала
өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы
Қарым-қатынас – бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық
ұжымның міндеті – жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты
көңіл күйге бөлейтіндей етіп орнату.
Блиц тест:
1. Ұжым дегеніміз:
A. Әрекетте ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы;
B. Тарихи қалыптасатын бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық
нормалар;
C. Ұрпақты сақтаудың биологиялық заңы;
D. Ғылым мен психика прогресі.
2. Ұжым неше түрге бөлінеді?
A. 3;
B. 4;
C. 2;
D. 5.
3. Көп текті ұжым:
A. Ұжымның бірлестігі;
B. Ұжымның жетекшісі бар топ;
C. Ұжымның өзін-өзі басқаруы;
D. Табиғи байланыстағы ұжым.
4. Ұжымның даму негіздерін айқындаған ғалым:
A. В.А. Сухомлинский;
B. С.Т. Шацкий;
C. А.С. Макаренко;
D. Н.К. Крупская.
5. Дәстүр дегеніміз не?
A. Бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын ережелер;
B. Жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі;
C. Оқушылардың жағымды мінез-құлқын қалыптастырып, бір-біріне сыйластықты
тәрбиелеуді көздейтін мақсат;
D. Жеке адамды қоғамда өмір сүруге тәрбиелеу.
6. Қарым-қатынас – бұл:
A. Адамзат қоғамының бай тәжірибесін меңгеру;
B. Адамның адамға қажеттіліктерін қанағаттандыру;
C. Еңбек етуге әзірлеу, қол еңбегіне бейімдеу;
D. Адамды қоршаған ортадағы өмір шындығымен таныстыру.
7. Ұжым алдындағы мақсат:
A. Принципті таңдау;
B. Әдісті таңдау;
C. Перспектива таңдау;
D. Ұйымшылдық.
8. Оқушылар ұжымы неше кезеңнен өтеді?
A. 4;
B. 3;
C. 2;
D. 5.
9. Қоғамдық пікір:
A. Оқушылардың танымдық белсенділігін ояту бағытындағы мұғалімнің жұмысы;
B. Жанұя тәрбиесі туралы ата-аналармен әңгіме;
C. Ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі;
D. Ұжымның өзін-өзі басқаруы.
10. Мұғалім бір шәкірттің өте күмәншіл екенін көреді. Байқаса, оның үйінде
қолайсыз жағдайлар туған. Ұжым мүшелері не істеу керек?
A. Ұжым мүшелері өз жолдасына қамқорлық жасау керек;
B. Ұжым мүшелері белгілі бір талап қою керек;
C. Ұжым мүшелері қарым-қатынаста болу керек;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
11. Ұжымның қалыптасуы күрделі, біршама ұзақ процесс. Оны шартты түрде неше
сатыға бөлуге болады?
A. 3;
B. 2;
C. 4;
D. 5.
12. Актив дегеніміз не?
A. Ұжымды топтастырудың маңызды жолы;
B. Мұғалімнің ұжымды басқарудағы сүйенер тірегі;
C. Ұжымның ұйытқысы, педагогтік ұжымды басқарудағы сүйенер тірегі;
D. Ұжымның ұйытқысы, жеке адамға ықпал етуінің қайнар көзі.
13. Ұжым дамуының 3 сатысында тәрбиешінің ұстанымы өзгереді. Мұғалім
бақылауды азайтып, ұжым іс-әрекетін бағыттауды күшейтеді. Бұл кезеңде қандай
тәрбиенің алдына үлкен міндеттер қойылады?
A. Адамгершілік;
B. Еңбек;
C. Эстетикалық;
D. Еңбек, адамгершілік.
14. Байланыс пен қарым-қатынас ұжым өміріне қолайлы жағдайлар жасайды. Олар
қандай?
A. Олар көздеген мақсаттарына жету жолында бірігіп жұмыс істесе;
B. Ұжым мүшелері арасында қарым-қатынас болса;
C. Ұжым мүшелері ортақ міндеттерді шешуге мүдделі болса;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
15. Ұжымның теориялық мәселелері кімдердің еңбегінде дәлірек және айқынырақ
көрсетілген?
A. К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий.
B. А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская.
C. Я.А. Коменский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко.
D. А.С. Макаренко, Н.К. Крупская, К.Д. Ушинский.
16. Ұжымның дамуы:
A. Ұжымның іс-әрекетінің даму процесі, қарым-қатынастардың қалыптасу процесі, мінезқұлықтың жақсаруы;
B. Ұжымның іс-әрекетті ұйымдастыру процесі – көздеген мақсатқа жету процесі;
C. Ұжымның жекек адамға ықпалы, қарым-қатынастардың қалыптасу процесі;
D. Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру процесі, мінез-құлық мотивтерін дамыту процесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұжым туралы Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский
көзқарастарындағы ерекшеліктері неде?
2. Ұжым дамуының кезеңдері немен сипаттаады?
3. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті мен қарым-қатынасы ұжым дамуының заңы
екенін дәлелдеңіз.
4. Балалар ұжымы мен оқушының өзін-өзі басқаруын үйлестіру мүмкіншіліктерін
көрсетіңіздер.
5. Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2.
(Психология образования) – М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.Б. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы: Рауан, 2000.
5. Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіретті күші. – Алматы: Мектеп, 1979.
6. Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. – М. Просвещение, 1981.