Мақсаты: Студенттерге балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие әдістерін
дұрыс таңдай алуға, бағалай және ойластыра білуге көмектесу.
Жоспары:
1. Тәрбие әдістері, құралдары туралы түсінік.
2. Мектептегі тәрбие жұмыстарының формалары.
3. Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие әдістері, құралдары.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырма:
1. Әр түрлі оқулықтар мен оқу құралдарынан тәрбие әдістерінің анықтамасын жазып
алып талдаңдар.
2. Тәрбие әдістерінің жеке түрлерін зерттеңіз.
3. Мәдениетті мінез-құлық, гигиеналық дағдылар мен әдеттерін қалыптастыру үшін
бірнеше ойын түрін таңдаңыз.
4. Әр түрлі тәрбие әдістерінің өзара байланысын сипаттаңыз, сызба түрінде
орындаңыз.
Блиц тест:
1. Тәрбие әдістері дегеніміз не?
A. Жеке адамды жан-жақты дамыту жолдары;
B. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекет жолдары;
C. Адам бойындағы бір қасиетке сүйеніп ықпал ету;
D. Бала мен ересектер арасындағы қатынас.
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі
қайсысы?
A. Дәріс;
B. Тәрбиелейтін ахуал туғызу;
C. Тапсырма;
D. Байқау.
3. Т.Е. Конникова мен Г. И. Щукина жасаған тәрбие әдістерін жіктеу неше топқа
бөлінеді?
A. 5;
B. 2;
C. 11;
D. 3.
4. Оқушылардың мінез-құлықы мен іс-әрекетін ынталандыру әдісі қайсысы?
A. Жарыс;
B. Лекция;
C. Жаттығу;
D. Үлгі-өнеге.
5. Жеке адамның адамгершілік санасын қалыптастыру әдісі:
A. Жазалау;
B. Жарыс;
C. Түсіндіру, әңгіме, пікірталас, өнеге, кино;
D. Үйрету.
6. Талап дегеніміз – бұл:
A. Жеке адамды жан-жақты дамыту;
B. Мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
C. Адамды өмірге дайындау қажеттілігі;
D. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекет жолдары.
7. Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру
әдісі қайсысы?
A. Жарыс;
B. Шығарма жаздыру, тексеру;
C. Әңгімелесу;
D. Үйрету, жаттықтыру.
8. Талаптың қандай қызметі бар?
A. Үйрету, жаттықтыру;
B. Баға беру, пікір айту;
C. Ынталандыру, жетелеу;
D. Үлгі-өнерге, пайымдау.
9. Мадақтау – бұл:
A. Балаға қоғамдық талап қою, мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу;
B. Баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы;
C. Балалардың алған білімдерін мамандық таңдауға негіздеу;
D. Балалардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.
10. Педагогикалық бақылаудың неше түрі бар?
A. 7;
B. 3;
C. 4;
D. 5.
11. Жазалау – бұл:
A. Жеке адамның абыройын төгу, балағаттау, қорлау;
B. Жазалау әділ болғанда ғана баланы жазалау;
C. Балаға қоғамдық талар қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды
тежеу тәсілдері;
D. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалау.
12. Этикалық әңгіме дегеніміз не?
A. Жан-жақты тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі;
B. Адамды қоршаған ортадағы өмір шындығымен таныстыру;
C. Балалардың санасын қалыптастыру әдісі;
D. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдісі.
13. Тәрбие әдісінің мақсаты:
A. Еңбек етуге бейімдеу;
B. Оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, мінез-құлық нормаларын
меңгеруге үйрету;
C. Кәсіптік бағдар беру;
D. Жеке адамынң адамгершілік санасын қалыптастыру.
14.Жарыс дегеніміз – бұл:
A. Балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды
тежеу әдісі;
B. Балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі;
C. Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру әдісі;
D. Баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру.
15.Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші жоқ жағдайда тәрбиеші қандай әдіс
қолданады?
A. Бақылау;
B. Ынталандыру;
C. Талап қою;
D. Үйрету.
16. Пікірталас дегеніміз не?
A. Жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру;
B. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру;
C. Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру;
D. Адамды қоршаған ортадағы өмір шындығымен таныстыру.
17. Үйрету әдісі қандай қасиеттерді қалыптастырады?
A. Ұйымшылдық, адамгершілік;
B. Сыпайылық, мұқияттылық, табандылық;
C. Еңбексүйгіштік, тәртіптілік;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
18. Этикалық әңгіме, пікірталас, өнеге қандай әдіске жатады?
A. Ынталандыу әдісі;
B. Мінез-құлықты қалыптастыру әдісі;
C. Сананы қалыптастыру әдіс;
D. Үйрету әдісі.
19. Жаттықтыру әдісі дегеніміз:
A. Бұл – әр түрлі жағдаяттарда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы;
B. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекет жолдары;
C. Мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қалыптастыру;
D. Адам бойындағы кез келген қасиетке сүйеніп ықпал ету жолдары.
Глоссарий:
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен
оқушының өзара байланысты іс-әрекеті.
Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын,
мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке әрекет.
Форма – бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды
қатынас түзу көрінісі.
Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие әдістерінің түрлерін жіктеуге болатын критерилерді атаңыз.
2. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі қандай?
3. Тәрбие әдісінің тарихына көңіл аударыңыз.
4. Әдіс таңдаудың тәрбиелеу тиімділігін арттыруға әсері бар ма?
5. Тәрбие әдістері туралы әр түрлі ұғымдар бар. Мұны сіз қалай түсінесіз?
6. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін сипаттыңыз.
7. Тәрбие әдістерінің жіктелуі жөнінде әр түрлі көзқарастар туралы не айтар едіңіз?
Әдебиеттер:
1. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991.
2. А.О. Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. – Алматы, 1990.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. – Алматы, 1994.
4. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.
5. Қ. Жарықбаев, Ж. Базарбаев, т.б. Инабат. – Алматы, 1995.
6. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. – Алматы, 1994.
7. Наурыз. //Жаңарған салт-дәстүрлер. – Алматы, 1991.