Мақсаты:Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары туралы теориялық білімдерін
толықтыру, бекіту.
Жоспар:
1. Оқытудың әдістері мен белсенді үлгілерінің мәні.
2. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің топтастырылуы, ғылыми көзқарастар жүйесі.
3. Дәстүрлі және белсенді оқыту әдістері.
4. Проблемалық оқыту әдістері.
5. Ойын сабақтарының үлгілері.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Блиц-тест
1. Оқыту әдісінің элементі:
A. Тәсіл;
B. Құрал;
C. Жоспарды хабарлау;
D. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Тәжірибелік әдісті жетілдірген ғалым:
A. Б.Е.Райков;
B. М.Н.Скаткин;
C. И.Я.Лернер;
D. М.А.Данилов.
3. Дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырған
ғалымдар:
A. М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер;
B. М.А.Данилов, Б.П.Есипов;
C. Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский;
D. М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский.
4. Оқушының ақыл ой жұмысын күшейтетін әдіс:
A. Тәжірибелік;
B. Көрнекілік;
C. Эврестикалық;
D.Репродуктивтік.
5. Көрнекілік әдіс – бұл:
A. Әңгімелесу;
B. Жаттығу;
C. Демонстрациялау;
D. Түсіндіру.
6. Оқыту әдістері дегеніміз не?
A. Оқулықтар, әр түрлі білім көзінен алынатын құралдар;
B. Оқыту әдістері мұғалім мен оқушының оқу тәрбие жұмысы,міндеттерінің ойдағыдай
шешуге бағытталған өзара байланысты қызмет тәсілдері;
C. Оқушылар мен оқытушының сабақ үстіндегі танымдық әрекеті;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
7. Сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістерді қандай белгілеріне қарай жіктеген?
A. Білім көзіне;
B. Оқыту мақсатына;
C. Оқушылардың таным белсенділігіне;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
8. Оқыту қызығуды ынталандыру әдісі – бұл:
A. Талап қою;
B. Танымдық ойындар;
C. Оқудың пайдасына көз жеткізу;
D. Әңгімелесу.
9.Оқытудың әңгіме әдісіне қолданылатын негізгі тәсіл:
A. Қайталау;
B. Сұрақ жауап;
C. Баяндау;
D. Түсіндіру.
10. Импрессия дегеніміз не?
A. Әсер;
B. Ой майданы;
C. Бейнелеу;
D. Ойын.
11. Экспрессия дегеніміз не?
A. Әсер;
B. Ой майданы;
C. Бейнелеу;
D. Ойын.
12. Оқушылардың түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазуы, режиссер,
ұйымдастырушы болуы қалай аиалады?
A. Импрессия;
B. Экспрессиялық әдіс;
C. Көрнекілік әдіс;
D. Ойын әдісі.
13. Топқа және жеке оқушыларға сурет салдыру, мүсін жасату, қысқа метражды
фильм шығару қалай аталады?
A. Экспрессиялық әдіс;
B. Импрессиялық әдіс;
C. Көрнекілік әдіс;
D. Ойын әдісі.
14. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызатын әдіс:
A. Импрессиялық;
B. Экспрессивтік әдіс;
C. Көрнекілік әдіс;
D. Ойын әдісі.
Глоссарий:
Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын
әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі ісәрекеті болса, оқу-баланың зөіндік танымдық, практикалық әрекеті. Оқушының таным
әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Білім беру– қоғам мүшелірінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы
мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу
мен оқыту процесі.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі.
«Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму
заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының,
құштарлығының ерекше көрінісі.
Биологиялық аспект – биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз
ететін оған тұқымқуалау қасиеті.
Психологиялык аспект – белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл
адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған
жағдайда болады.
Педагогикалық аспектідегі – белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген
қатынасын сипаттайды.
Әлеуметтік тұлғалық аспект – белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға
және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет болып табылады.
Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне
дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады
Үйдегі оқу жұмысы– оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта
өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады
Әдебиеттер:
1. Рыжов В.Н. Дидактика. Москва, 2004
2. Құлшанова С.Мектеп педагогикасы. Алматы, 2005
3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен
технологиясы Алматы, 2005
4. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А., 2004
5. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Алматы,2000.
6. Е.Сағындықұлы. Педагогика «Дәстүр курсы»). – Алматы,1999.
7. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер
студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006