Адресация – лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда тегі, әкесінің аты, аты.
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдей- тін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық ісқағаздың түрі.
Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағаз, құжат.
Жарнама – тауардың өтімділігін арттыру және коммерциялық мақсатта жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар етуге бағытталған кұжат.
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар та- лап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.
Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.
Қолхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат) алғандығын және оны белгілі мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат.
Құжаттау үрдісі элементтері: құжаттарды дайындау; құжаттарды жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын ісқағазының бір түрі.
Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.
Өтінім – мекемеішілік қатынаста қажетті заттарды алуға арнайы бланк түрінде толтырылатын құжат.
Ресми құжатқа тән белгілер: мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы; тұжырымдардың дәл, нақты болуы; сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланы- луы; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; терминнің ең қолданылу жиілігі; жоғары қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.
Тапсырыс – мекемеаралық қажетті заттарды алуға арнайы бланк түрінде толтырылатын құжат.
Телефонхат – телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.
Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. Резю- ме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.
Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының түрі.
Cтиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасы.
Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аударатын, осыған байланыс- ты қойылған міндеттерді шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.
Хабарландыру – мәжіліс, жиналыстар, мәдени шаралар, тендер- лер, вакансиялар туралы мәлімдейтін құжат.
Хаттама жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім шығарудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Ісқағаздарының қызметтері – реттеуші, негіздеуші, айғақтаушы, жүйелеуші, қайнар көзі, көрсеткіші.