, Анықтамасы:
|
Белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне бай- ланысты тапсырма беру сипатындағы бір мезгілде жөнелтілетін хат.
1-үлгі
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж.
Қаржы-экономика факультетінің деканы В. Әукенге
ЦИРКУЛЯР ХАТ
Қысқы сессияның қорытындылары 2009 жылдың 15 ақпанына дейін оқу бөліміне тапсырылсын.
Оқу бөлімінің басшысы (қолы) А. Досымова |
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
, 2-үлгі
Халықаралық Международная Бизнес Академия Академиясы Бизнеса Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
№ « » 20 ж.
Халықаралық Бизнес Академиясының барлық факультеттеріне
ЦИРКУЛЯР ХАТ Алматы қаласында қысқы «Азиада ойындары» өтуіне байланыс- ты 2011 жылдың 31 қаңтары мен 14 ақпаны аралығында оқу үдерісі тоқтатылсын.
Бірінші проректор (қолы) Ж.Үсенов |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Циркуляр хат қандай хат?
- Ол қай жағдайда жазылады?
- Ол қай уақытта жөнелтіледі?
- Циркуляр хаттың құрамы неден тұрады?
Тілдік бірліктер:
• Оқу бөліміне тапсырылсын • Оқу үдерісі тоқтатылсын • Егу жұмысын жүргізу мақсатында • Тұмау ауруының етек алуына байланысты • Уақытша тоқтатылсын • Жазғы сессия материалдары |
• Электронды нұсқада тапсырылсын • Қалалық СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станция) • ….. жылдың……. ақпанына дейін • ….. жылдың …… қаңтары мен…….. ақпан аралығында |
ç Тапсырмалар:
- Оқу бөлімі атынан факультеттерге жазғы сессияның материал- дары (билеттер, тестер) электронды нұсқада тапсырылуы керектігін мәлімдейтін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
- Республикалық спорт комитеті атынан қалалық спорт комитеттеріне олимпиадалық резервтің құрамындағы спортшылардың Шымбұлақ база- сында 02.03.-05.03.2010 аралығында жаттығу өткізілетінін мәлімдейтін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
- Мектеп директоры атынан сынып жетекшілеріне ай сайынғы тестілеуден 11-сынып оқушыларының үлгерім сапасының қорытындыларын сызба түрінде тапсыру туралы циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
- Облыстық СЭС-тің атынан емхана меңгерушісі атына тұмау эпидемиясының алдын алу үшін тұрғындарды егу жұмысын жүргізу мақсатында циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
- Қалалық СЭС-тің меңгерушісі облыстық білім беру департаментінің басшысына «А тұмауы» ауруының етек алуына байланысты қалалық мектептерде сабақтың уақытша тоқтатылуын талап ететін циркуляр хат- тың үлгісін жазыңыз.
- Оқу бөлімі басшысы атынан факультет деканы атына студент- терді мемлекеттік бақылауға дайындау кестесін 01.02.2010 жылға дейін өткізулерін талап ететін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
Оқу бөліміне тапсырылсын – поручить учебной части
Оқу үдерісі тоқтатылсын – прекратить учебный процесс Тұмау ауруының етек алуына – в связи с распространением байланысты гриппа
Уақытша тоқтатылсын – временно прекратить Жазғы сессия материалдары – материалы летней сессии
Электронды нұсқада тапсырылсын – сдать в электронном варианте Қалалық СЭС (санитарлық- – Городская санитарно- эпидемиологиялық станция) эпидемиологическая станция