Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және ал- қалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау, шешім шы- ғару мен қаулы қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Мекеме жұмысының бағыты мен тыңдалған, қаралған мәселенің ерекшелігіне қарай жазылатын хаттамалар көп. Мысалы, мәжіліс хат- тамасы, кеңес хаттамасы, тексеру хаттамасы, жауап алу хаттамасы т.б. Бұлардың әрқайсысының мазмұндық тұрғыдан алғанда ерекшелігі болғанымен, барлығының жазылуы мен рәсімделуінде көп өзгешелік жоқ. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жа- уапты болады. Хаттама қысқаша да, толық түрде де жазылады. Толық жазылған хаттама алқалық ұйымның отырысы барысымен, қабылданған
шешіммен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.
Хаттаманы хатшы отырыс кезінде жүргізеді. Жиналысқа қатысушылардың сөздерін конспекті етіп жазып отырады. Кейбір жағдайларда стенография жасайды немесе диктофонға жазып алады.
Хаттаманың күні (отырыс, мәжіліс) жиналыс өткен күн болып табы- лады, ал хаттаманың нөмірі алқалық орган отырысының реттік нөмірі болады (реттік нөмір жыл басынан басталады).
Хаттаманың тақырыбы (отырыс, мәжіліс) қандай жиналыс екендігі көрсетіліп жазылады. Мысалы, «комиссия отырысы», «бухгалтерия қызметкерлерінің жиналысы», «кафедраның мәжілісі». Хаттаманың тақырыптық бөлігін отырысқа дейін рәсімдеуге болады.
Хаттаманың түрлері:
- Қысқа хаттама.
- Толық хаттама.
- Қысқа хаттамалар жиналыс барысында жазылады. Бірақ қысқа хаттамада сөйлеген сөздердің, тыңдалған мәселелердің толық мәтіні келтірілмейді. Тек қана қосымша ретінде (мысалы, тыңдалған жылдық есеп, баяндама т.б.) тіркеледі.
Қысқаша хаттама талқылау кезінде айтылған ескертпелер мен пікірлердің сипаты туралы түсінік алуға мүмкіндік бермейді. Хаттаманың бұл түрі жедел мәжіліс өткізгенде не сөйлеген сөздердің мәтіндері хаттамаға қоса берілгенде немесе стенограмма бар болғанда жасалады.
- Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің мәтіні толық көрсетіледі.
Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған қаулының неме- се шығарылған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Мәжіліс, отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша көп жағдайда қаулы қабылданады, я болмаса шешім шығарылады. Ал қабылданған қаулы мен шығарылған шешімнің жүзеге асырылуы міндетті, сондықтан хаттама мазмұн-мақсатына қарай өкілетті құжат бо- лып табылады.
Жиналыстың барысында хаттаманың бірінші нұсқасы жазылады. Хат- тама нақтыланады, тексеріледі, редакцияланады және 5 күндік мерзімде толық рәсімделеді.
Толық дайындалған хаттамаға төраға және хатшы қол қояды.
Хаттамалар – мекеменің маңызды құжаттарының бірі. Сондықтан хаттамалар мекемеде 10 жыл көлемінде сақталады. Он жылдан кейін сақтауға мұрағатқа жіберіледі.
Хаттаманың мәтіні 2 бөліктен тұрады:
- Кіріспе бөлік.
- Негізгі бөлік.
6 Құрылымы:
Кіріспе бөлік:
- Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы.
- Құрылымдық бөлімшенің атауы.
- Құжаттың тақырыбы.
- Құжат нөмірі мен құжат атауы.
- Отырыстың (мәжілістің, жиналыстың) өткізілген орны мен күні, айы, жылы.
- Мәжіліс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет.
- Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет.
- Күн тәртібі.
Негізгі бөлік:
- Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет.
- Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет.
- Дауысқа салу.
- Қабылданған қаулы / (шығарылған шешім) туралы мәлімет.
- Төрағаның және хатшының қолдары.
Бұлардың әрқайсысын төмендегідей үлгіде толтыруға болады.
- Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мы- салы,
Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті,
Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
№7 ХАТТАМАСЫ
Хаттамалар күнтізбелік жыл бойынша нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Оқу орындарының хаттама- лары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап нөмірленеді.
- Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса- лы,
Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол- са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар
- Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет. Жиналысқа төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады. Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи- лософия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева.
ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Ә.С. Қалығұлова.
- Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. «ҚАТЫСҚАНДАР:»
деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Содан кейін азат жолдан бастап қатысқандардың лауазымы, аты-жөні тізбелеп жазылады. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР:
- Ж.Т. Дәулетбекова – п.ғ.д., профессор.
- А.Б. Тұманова – ф.ғ.д., профессор.
- М.Ж. Әбдіров – т.ғ.д., профессор.
- Ж.Б. Әбілғожин – т.ғ.д., профессор.
- Р.С. Рахметова – п.ғ.д., профессор.
- З.К. Аюпова – профессор.
- Серік Қожа-Ахметұлы Мырзалы – профессор.
- Ғ.А. Жайлин – з.ғ.к, доцент, профессор
- Ғ.О. Тажина – б.ғ.к., доцент
- Ә.З. Камалиденова – философ.ғ.к., доцент
- Н.Ә. Әміреев – п.ғ.м., аға оқытушы.
- Г.К. Өтебаева – п.ғ.м., аға оқытушы.
- Б.Р. Бекенова – аға оқытушы.
Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да жазылады. Мысалы,
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г.Көбденова.
Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке тізім жасалып, ол хаттамаға қосымша ретінде беріледі. Тізімдегі аты- жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны ғана көрсетіледі. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны – 14.
Немесе:
ҚАТЫСҚАНДАР:
Дәлелді себептермен келмегендері – 1. Дәлелсіз себеппен келмегендері – жоқ. Қатысқандардың жалпы саны – 14.
«Қатыспағандар» туралы жазғанда мәжіліске олардың қаншауы дәлелді себептермен келмегені немесе дәлелсіз себептермен келмегендігін аты-жөнімен қоса нақты саны көрсетілуі қажет. Мысалы,
ҚАТЫСПАҒАНДАР:
А.Мүсірәлиева (себепті – іссапарға кетуіне байланысты).
- Күн тәртібі. Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. «Күн тәртібі» деген сөз жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,
КҮН ТӘРТІБІ:
- Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы.
- Эдвайзерлік туралы.
- Ашық сабақтар туралы.
- Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Бұл тармақ азат жолдан
«Тыңдалды» деген сөзбен басталады. Бұл сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралатын болса, олар күн тәртібіндегі нөмірлермен сәйкес нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,
- ТЫҢДАЛДЫ:
- ТЫҢДАЛДЫ:
- ТЫҢДАЛДЫ:
Егер күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, онда нөмірленбейді. Мы- салы,
ТЫҢДАЛДЫ:
Әдетте күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе бойынша баянда- ма жасалатын болса, баяндама туралы қысқа ғана мәлімет үшінші жақ, жекеше түрде жазылып, баяндама мәтіні хаттамаға қосымша ретінде тігіледі. Мысалы,
1.ТЫҢДАЛДЫ:
Жиналыс төрағасы Гуманитарлық тілдер кафедрасының меңгеруші- сі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышеваның баяндамасы (Баяндама мәтіні қосымша тіркелді).
Сұрақтар туралы мәлімет азат жолдан бастап беріледі. Азат жолдан СҰРАҚТАР: деген сөз қоюлатылған, үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады, одан кейін азат жолдан сұрақ қоюшының аты-жөні, қызметі немесе лауазымы жазылады. Егер бірнеше адам бірнеше сұрақ
қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баян- дамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды. Мысалы,
СҰРАҚТАР:
Н.Ә. Әміреев: Жауап: А.Б. Тұманова: Жауап:
- Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. «ЖАРЫССӨЗ:» деген сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары жазылады. Мысалы,
ЖАРЫССӨЗ:
Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жа- зылады.
- Дауысқа салу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болған- нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
«Иә» деп дауыс бергендер саны – 14
«Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0
«Қалыс қалғандар» саны – 0.
- Қабылданған қаулы (шығарылған шешім) туралы мәлі- мет. Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарас- тырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы қабылданады.
Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және орындау мерзімі көрсетіледі. «ҚАУЛЫ» және «ШЕШІМ» деген сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады. Мысалы,
ШЕШІМ:
Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке жүктелсін.
Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын»,
«қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық райда жазылады.
- Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хат- шы қол қояды. Мысалы,
Төраға:
(қолы)
Хатшы:
(қолы)
Г. Нұрышева. Ә. Қалығұлова.
Үлгі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспа ісі және редакциялау кафедрасы мәжілісінің
№2 ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы 2005 жыл 18 қазан
Қатысқандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев; филология ғылымдарының докторы, профессор С.Әбдібеков; филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан; филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова; филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы А.Мамыров; филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Айтжанов; филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Өмірбекова; филология ғылымдарының кандидаты А.Мұхтарова; филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Садықов; кафедраның аспиранттары мен ізденушілері. |
Мәжіліс төрағасы – баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев.
КҮН ТӘРТІБІ: 1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялау- дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсыну туралы. 2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау.
1. ТЫҢДАЛДЫ: Садықов Мамыржан Тілеуұлы «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралының жалпы мазмұны, құрылымы, мақсаты мен міндеттері, теориялық, методологиялық негіздері, практикалық құндылығы туралы баяндама жасады. СҰРАҚТАР: М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор. 1. Оқу құралын жазуда қандай теориялық еңбектерді басшылыққа алдыңыз? 2. Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік және оқу жоспарларына сәйкестендіріп оқу құралын келешекте оқулық ретінде жазып шығу жоспарыңызда бар ма? 3. Оқу құралында редакциялаудың қандай әдістері ұсынылады?
ЖАУАП: 1. Оқу құралын жазу барысында баспа ісіне қатысты жарық көрген… (жауаптың толық нұсқасы жазылады). 2. Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік және оқу жоспарларына сәйкес… (жауаптың толық нұсқасы жа- зылады). 3. Оқу құралында редакциялаудың… (жауаптың толық нұсқасы жа- зылады). |
С.Әбдібеков – филология ғылымдарының докторы, профессор. 1. Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін қандай өзекті мәселелер атап көрсетілді? 2. Оқу құралының қосымшасында берілген материалдар студент- тердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген бе, әлде аудиториялық жұмысқа негізделген бе?
ЖАУАП: 1. Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін төмендегідей өзекті мәселелер атап көрсетілді. Олар:.. (жауаптың толық нұсқасы жазыла- ды). 2. Оқу құралының қосымшасында берілген материалдар студент- тердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген.
М.Айтжанов – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы. Оқу құралында берілген функционалдық стильдерді айырудың әдіс- тәсілдеріне қатысты мәселелерді теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіру қажет деп есептемейсіз бе?
ЖАУАП: Функционалдық стильдерге қатысты берілген… (жауаптың толық нұсқасы жазылады).
М.Бердібаев – мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про- фессор. Сұрақтардың барлығына толық жауап берілді. Басқа сұрақтарыңыз болмаса, оқу құралын талдауға көшсек, ресми бекітілген рецензенттер: филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан; Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; филоло- гия ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова.
1. ЖАРЫССӨЗ: А.Оспан – филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Садықов Мамыржан Тілеуұлының «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы… (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). |
Оқу құралын журналистика факультетінің студенттеріне қажетті еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деп есептеймін. С.Әділжанов – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Баспа ісі мамандығы бойынша білім… (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Мамыржан Тілеуұлының талданып отырған оқу құралын теориялық және практикалық талаптарға жауап бере алатын еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деген қорытынды жасаймын. Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Редакциялаудың теориясы мен практикасына, әдіс-тәсілдеріне қатысты… (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Қорыта келгенде, М.Садықовтың «Редакциялау- дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсынуға болады. М.Бердібаев – мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про- фессор. Оқу құралына қатысты негізгі ой-пікірлер мен сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылды. Енді талдауды қорытындыласақ… Пікірлердің барлығы оң. Әріптесіміздің аталған еңбегін студенттерге қажетті құрал ретінде баспаға ұсынуға болады. Осы ұсынысты ашық дауысқа салайық. Дауыс беру нәтижесі: «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.
2. ТЫҢДАЛДЫ: Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, фило- логия ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау жөніндегі хабарлама жасады. А.Мамыров баспа ісі және редакциялау кафедрасында доцент мінде- тін атқарушы болып 1 жыл қызмет істеді. Университетте 2000 жыл- дың тамыз айынан бері істейді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 16 жыл. 2001 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық диссер- тация қорғағаннан кейін 9 ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішінде 2 оқу құралы, біреуі серіктес авторлықта, біреуі жеке авторлықта жарық көрді. Оқытушының теориялық және әдістемелік бағыттағы ізденістерін |
қолдай отырып, А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне кафедра атынан өтініш білдіргеніміз дұрыс деп санаймын. 2. ЖАРЫССӨЗ: М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор. А.Мамыров төмендегі пәндер мен арнайы курстар бойынша жоғары талапқа сай дәріс оқиды. Қазіргі кітап ісінің проблемалары – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, Публицистика өнері – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, сырттай бөлім студенттеріне 18 сағат; Редакциялаудың теориясы мен әдістемесі – күндізгі бөлім студенттеріне – 72 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат; Бұқаралық ақпарат құралдары және нарықтық экономика – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат. Сондай-ақ факультет магистранттарына ақпараттар жүйесі пәні бойынша 18 сағат дәріс оқып, арнайы курстар жүргізеді. А.Мамыровтың жүргізетін дәрістерінің деңгейін, ғылыми-әдістемелік бағытта істеген жұмыстарын ескере отырып, оны 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш білдіруді қолдаймын. Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. А.Мамыров журналистиканың өзекті мәселелеріне қатысты уни- верситетте өткізілген ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Сонымен қатар баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стан- дарты мен типтік оқу жоспарларын түзуге автор ретінде қатысты. А.Мамыровтың авторлығымен жарық көрген оқу құралын студенттер- ге қажетті көмекші құрал деп есептеймін. Қазір мерзімді баспасөздегі қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасауға болады деп есептеймін. Кафедра мүшелері бұл ұсынысты ашық дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесі «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ. |
ҚАУЛЫ: 1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын.
2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасалсын.
Мәжіліс төрағасы, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев
Мәжіліс хатшысы, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының әдіскері К.Жұбанова |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Хаттама дегеніміз не?
- Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?
- Хаттаманың қанша түрі бар?
- Хаттаманың мәтіні неше бөліктен тұрады?
Тілдік бірліктер:
• Хаттама • Жиналыс • Мәжіліс • Кеңес • Күн тәртібі • Күн тәртібі бойынша • Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша • Тыңдалды • Жарыссөз • Жарыссөзге шығу • Қаулы қабылдау • Шешім шығару • Хаттамадан үзінді |
• Денсаулығына байланысты • Баяндама • Баяндамашы • Хабарлама • Бірлескен мәжіліс • Кеңейтілген мәжіліс • Қорытынды • Тізім • Сұрақ • Жауап
• Талқылау • Мақұлдау • Дауыс беру |
• Төраға • Хатшы • Қатысқандар • Қатыспағандар • Себепті • Себепсіз • Дәлелді себеппен • Дәлелсіз себеппен • Іссапарға кетуіне байланысты |
• Дауыс беру нәтижесі • Ашық дауыс берілді • Жасырын дауыс берілді • Қарсы • Қарсы емес • Бірауыздан • Жақтап дауыс бергендер • Қарсы дауыс бергендер • Қалыс қалғандар |
- жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
- Жиналыстың күн тәртібіне… 2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша С.Ермековтың 3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойын-
ша үш адам … . 4. С.Ермековтың пікірін көпшілік… 5. Бірінші мәселе
бойынша … . 6. Дауысқа салған кезде … болған жоқ. 7.. директордың
орынбасары А.Халықов хабарлама жасады.
Керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды, бірауыздан мақұлданды, екінші мәселе бойынша.
- жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
- тыңдалды / баяндамасы / факультет / С. Алдамжаровтың / деканы.
- қосымша / тіркелді / хаттамаға / баяндама / мәтіні.
- сұрақтар / бойынша / баяндама / қойылды.
- берілді / толық / сұрақтарға / жауап.
- жасады / ісі / хабарлама / қысқы / С. Қарымсақов / туралы / жөніндегі
/ сессияға / орынбасары / оқу / дайындық / деканның.
- емтихан / тестке / маңызды / көрсетілді / мәселелер / қатысты / мен
/ ауызша / атап.
- пәндер / тест / емтихан / өз / бермей / нәтижесін / алу / арқылы / бойынша / кейбір / отыр.
- жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.
1. шешім |
□ сообщение |
2. қорытынды |
□ информация |
3. мәжіліс |
□ доклад |
4. ақпарат |
□ отчет |
5. хабарлама |
□ заключение |
6. жарыссөз |
□ решение |
7. қаулы |
□ постановление |
8. баяндама |
□ заседание |
9. есеп |
□ прения |
- жаттығу. Көмекке төменде берілген сөйлемдерді пайдалана оты- рып, хаттаманы толтырыңыз.
Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы
қаласы ( ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының
№ ХАТТАМАСЫ
қаласы 20 жылғы « »
Қатысқандар:
Төраға:
Хатшы:
Комиссия мүшелері:
КҮН ТӘРТІБІ:
қаласы (
ауданы) әкімі аппаратындағы
бос тұрған 3 әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
Комиссия хатшысы комиссия мүшелерін бос
орынға берілген хабарландыру бойынша келіп түскен конкурсқа қатысушылардың
- Бақылау-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы – «Е-4» санатты бас бухгалтер лауазымына
1.1.
1.2.
1.3.
құжаттарымен таныстырды.
- Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің «Е-4» санатты бас маманы лауазымына
2.1.
2.2.
2.3.
2.4.
құжаттарымен таныстырды.
- Құрылыс бөлімінің «Е-5» санатты жетекші маманы лауазымына
3.1.
3.2.
3.3.
құжаттарымен таныстырды.
Ұсынылған құжаттарды саралай келе, байқау комиссиясының шығарған
ШЕШІМІ:
- Төмендегі қатысушылар тестілеуден өтуге жіберілсін:
- Бақылау-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы – «Е-4» са- натты бас бухгалтер лауазымына:
1.1.
1.2.
- Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің «Е-4» санатты бас маманы лауазымына:
2.1.
2.2.
- Құрылыс бөлімінің «Е-5» санатты жетекші маманы лауазымына
3.1.
3.2.
Үміткерлер , , ,
, ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі басқармасының қаласы бо-
йынша жылы тестілеуден өткендіктері туралы
анықтамаларын « » дейін хатшыға тапсырсын.
Комиссия төрағасы
Хатшы
Комиссия мүшелері
Керекті сөйлемдер тізбесі:
- байқау комиссиясының отырысы қабылдау комиссиясының отырысы бақылау комиссиясының отырысы
- комиссия төрағасы
комиссия төрағасының орынбасары комиссия хатшысы
комиссия мүшелері
- құжаттарын қарау анықтамаларын қарау мінездемелерін қарау өтініштерін қарау
- ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесу жүргізе келе
үміткерлердің жауаптарын қорыта келе үміткерлердің жауаптарын салыстыра келе
- тестілеуден өтуге жіберілсін тестілеуден өтуге жіберілмесін қайта тестілеуден өтуге жіберілсін
, Бланк түрі
(мекеменің атауы) (құрылымдық бөлімшенің атауы) Құрылтайшылар жиналысы / Байқау комиссиясының отырысы / Кафедраның кезекті мәжілісінің № ХАТТАМАСЫ
қаласы (Күні, айы, жылы)
TӨPAҒA: – (аты-жөні) ХАТШЫ: – (аты-жөні)
ҚАТЫСҚАНДАР: адам қатысты (тізімі қоса тіркелді) ҚАТЫСПАҒАНДАР: (себепті / себепсіз) |
КҮН TӘРТІБІ: 1. 2. туралы.
1. ТЫҢДАЛДЫ:
СҰРАҚТАР:
Сұрақ: Жауап: ЖАРЫССӨЗ:
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: / ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛДЫ:
2. ТЫҢДАЛДЫ: СҰРАҚТАР: Сұрақ: Жауап: ЖАРЫССӨЗ: ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: / ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛДЫ:
Төраға: (қолы) (аты-жөні) Хатшы: (қолы (аты-жөні) |
ç Тапсырмалар:
- Жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу туралы МжСҮ тұрғындары жиналысының хаттама мәтінін құрастырыңыз.
- ХБА Тәуелсіздік күніне дайындық туралы топ жиналысының хатта- ма мәтінін құрастырыңыз.
- ХБА-да М.Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған
«Нұр» ұйымы мәжілісінің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
- Студенттер басқармасы президенттігіне үміткерлер дебатын ұйымдастыру туралы Студенттік басқарма өткізген мәжілістің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
- ХБА-дағы «Балалар күліп жүрсін» атты қайырымдылық қорын ұйымдастыру туралы Студенттік басқарма өткізген мәжілістің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
хаттама – протокол
хаттамадан үзінді – выписка из протокола
мәжіліс, отырыс – заседание
жиналыс – собрание
төраға – председатель
хатшы – секретарь
тізім – список
күн тәртібі – повестка дня
күн тәртібіндегі мәселе бойынша – по вопросу повестки дня баяндама – доклад
қысқаша жазба – краткая запись
мәселе – проблема, вопрос, задача
ұсыныс – предложение
ұсыну – предлагать
бірауыздан – единогласно
қатысу – участвовать, присутствовать
қатысқандар – присутствовали
қатыспағандар – отсутствовали
дәлелді себеппен – по уважительной причине
дәлелсіз себеппен – по неуважительной причине
хабарлама – сообщение
ақпарат – информация
сөйлеу – выступать
сөйлегендер – выступили
тыңдау – слушать
тыңдалды – слушали
жарыссөз – прения
жарыссөзге шығып сөйлеу – выступление в прениях мақұлдау – одобрить
бекіту – утвердить
енгізу – внести
шешім – решение
жалпы – общий
бірлескен – совместный
кеңейтілген – расширенный
сұрақ беру – задать вопрос
сұраққа жауап беру – ответить на вопрос
талқылау – обсудить
таныстыру – ознакомить
дайындау – подготовить
рәсімдеу – оформить
қарау – рассмотреть
қолдау – поддержать
қалыс қалу – воздержаться
қол қою – подписать
дауыс беру – голосовать
атап көрсету – подчеркнуть
жүктеу – возложить
орындау – выполнить
толықтыру – дополнить
бақылау комиссиясының отырысы – заседание контрольной
комиссии
қабылдау комиссиясының отырысы – заседание приемной комиссии баяндамада атап көрсету – подчеркнуть, выделить
в докладе
бірінші мәселе бойынша – по первому вопросу
бірлескен мәжіліс – совместное заседание
кеңейтілген отырыс – расширенное заседание
қаулы етті – постановил
құрылтайшылар жиналысы – собрание учредителей талқыланған мәселелер бойынша – в соответствии с
обсужденными проблемами
хаттамаға енгізу – занести в протокол
хаттамаға қол қою – подписать протокол
хаттамалық шешім – протокольное решение
хаттамамен таныстыру – ознакомить с протоколом
хаттаманы бекіту – утвердить протокол
шешімді жүзеге асыру – реализовать решение
хаттаманы жүргізу – вести протокол
хаттаманы іске тігу – подшить протокол к делу
хаттаманы қарау – рассмотреть протокол
хаттамадан көшірме – выписка из протокола
хаттаманың нөмірі – номер протокола
Орынғазы Ә.