Хабарландыру дегеніміз – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін ісқағазының бір түрі.
Хабарландыру қандай да бір іс-шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио, газет және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады.
Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы, жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Хабарландырудың соңында хабарландыру беруші мекеме, ұйым, әкімшіліктік атауы жазылады. Хабарландыру көлемі жағынан әртүрлі және еркін мәтінді болып келеді.
Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті жеткізу. Бұл мәлімет әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер тұлға өз мүлігін сатса, ол хабарландыруда оның сипаттамасын міндетті түрде жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты мен өткізілетін орны жазылуы керек.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жа- рияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады
Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабар- ландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыру әртүрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабар- лау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады.
Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай мекеме байқау жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жария- лайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен- жайы көрсетіледі.
Хабарландыру хабарландырылатын мәселенің мазмұнына қарай 6 түрге бөлінеді:
- Бос орындарға хабарландыру.
- Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру.
- Мәдени шараларға хабарландыру.
- Тендерге хабарландыру.
- Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.
- Жалпылама хабарландыру.
Хабарландыруға тән белгілер:
- Ресмилік
- Қысқа
- Нақты
- Анықтық
- Хабарландыру
- Көпшілікке арналған
Хабарландырудың берілу жолдары:
- Теледидар
- Радио
- Газет
- Афишалар
- Интернет
- Жүгіртпе жол
- Телефон және т.б.
õ Хабарландыру түрлерінің өзіндік ерекшеліктері:
1 |
Бос орынға хабарландыруда |
Жұмыс орнына тиісті «талаптар» болады. |
2 |
Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда |
«Күн тәртібі» толық жазылады. |
3 |
Мәдени шараларға хабарландыруда |
«Бағдарламасы» ұсынылады. |
4 |
Тендерге хабарландыруда |
«Шарттары» ұсынылады. |
5 |
Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыруда |
«Сипаттамасы» жазылады. |
6 |
Жалпылама хабарландыруда |
«Жалпылама әртүрлі мәселелер» көрсетіледі. |
6Құрылымы:
- Құжат атауы.
- Негізгі мәтіні.
- Осы хабарландыруды таратқан бөлімнің атауы немесе мекеменің (жеке тұлғаның) мекенжайы мен байланыс мәліметтері.
, 1-үлгі. Бос орынға хабарландыру
Хабарландыру!
«Жетісу» АҚ қаржы бөлімінің кеңсе-менеджерлері қызметінің бос орнына байқау жариялайды. Байқау 14 сәуір күні сағат 15.00 -де «Жетісу» АҚ филиалында тест негізінде өткізіледі.
Талаптар: 1. Жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес; 2. Жасы 23-тен 27-ге дейін; 3. Жеке куәлік, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), еңбек кітапшасы; 4. 6 дана 3х4 суреті міндетті түрде болуы керек.
Байланыс тел.: 277-77-77. |
, 2-үлгі. Бос орынға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктер мен бюролар, сондай- ақ телекоммуникация саласында инженерлік мамандығы бар жеке тұлғалардың назарына. “Қазақтелеком”АҚ Мамандық деңгейін көтеру орталығы (МДКО) жанынан Қоғам мұқтаждығы үшін ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеумен және дамытумен айналысатын бөлім құрылмақшы.
Бөлімнің штаттық кестесінде мынадай бос орындар бар: – бас маман; – жетекші маман; – I санатты маман; – II санатты маман.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: · Бос орындарға мамандық бойынша жоғары техникалық білімі не ұжымды техникалық жағынан басқару жөнінде мол іс-тәжірибесі бар, ғылыми, жобалық, нормативтік-техникалық немесе басқа да құжаттама түрлерін әзірлеумен айналысатын білікті инженерлер шақырылады. |
· Кәсіби білімі және нормативтік-техникалық құжаттамамен (НТҚ) жұмыс істеу дағдысының болуы, телекоммуникация саласының қалыптасу және даму негіздерін білуі қажет. · Қарым-қатынасқа бейімділіктің болуы. · Microsoft Office (Word, Excel, Autocad) бағдарлама пакеттерін, ЭҚА (электронды құжат айналымы) білу. · Құжат айналымы және ісжүргізу негіздерін білу.
Жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: 2-58-48-51, факс: 2-25-63-81. |
, 3-үлгі. Радиоға хабарландыру
Хабарландыру!!!
Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер! Поэзия, менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе? Неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім. Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім, іздеймін, тағат бар ма? Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Сіздерді 17 ақпан күні болатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған театрландырылған поэзия кешіне шақырамыз!
Кеш сағат 17.00-де №414 дәрісханада өтеді. Келіңіздер, көріңіздер!
«НҰР» студенттер клубы |
, 4-үлгі. Мәдени іс-шараларға хабарландыру
Хабарландыру!
2003 жылдың 8 мамыры күні таңертеңгі сағат 10.00-де университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтеді. Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі. 2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері. 3. Көркемөнерпаздардың концерті.
Ректорат |
, 5-үлгі. Мәдени іс-шараларға хабарландыру
Хабарландыру!!!
Бүгін, 22 қыркүйек күні – Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күні. Осы мерекені Халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойына арнаймыз.
Бағдарламада: 1. Студенттердің қатысуымен Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығы туралы сахналық көріністер болады. Ақынның өлеңдері, күйлері орындалады. Кешке Шәкәрімді зерттеп жүрген ғалымдар, ақын-жазушылар – Қалихан Ысқақ, Нұрлан Оразалиндер қатысады. Әншілер: “Жаңа ғасыр – жаңа ән” және Халықаралық байқаудың лауреаттары Тамара Асар, Гүлнұр Өмірбаева қатысады. Баршаңызды игі шараға шақырамыз.
Өтетін орны: ХБА, Конференц. зал. 22.09.2010. Сағат 16.00. Тілдер кафедрасы |
, 6-үлгі. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2009 жылдың 16 маусымы күні сағат 10.00-де кафедра мәжілісі №382 дәрісханада өтеді.
Күн тәртібінде: 1. 2009-2010 оқу жылының жоспарын бекіту – Құрманбай К.С. 2. 1-ші курс студенттеріне арналған диагностикалық тесті бекіту – Әміреев Н.Ә., Тұманова А.Б. 3. 2009-2010 оқу жылына арналған пән силлабустарын талқылау, бекіту – кафедра оқытушылары. 4. 2009-2010 оқу жылының жүктемесіндегі өзгерістер туралы – Құрманбай К.С. 5. Кафедрадағы бос орындарға үміткер оқытушыларды ұсыну – Құрманбай К.С. 6. Әртүрлі мәселелер.
Төраға: Құрманбай К.С. Хатшы: Маңғышева Ж.С. |
, 7-үлгі. Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру!
ҚЭФ-тің 2-курс студенттері Оралбеков Әділет пен Мырзақұлов Айдынды Лондон қаласында өткізілген “Экономика» пәні бойынша халықаралық олимпиададан алған бірінші жүлделі орындарымен құттықтай отырып, үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреді.
ҚЭФ деканаты |
, 8-үлгі. Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру! 2009 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де №230 дәрісханада өтетін “Қазақ тілі” сабағы 8 қыркүйекке №444 дәрісханаға ауыстырылады. Кеңсе тіркеуші |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Хабарландыру дегеніміз қандай құжат?
- Хабарландырумен қалай танысамыз?
- Хабарландырудың қандай түрлері бар?
- Хабарландырудың ерекшелігі неде?
Тілдік бірліктер:
• бос орынға байқау жариялайды • негізгі талаптар • жұмыс өтілі • жеке тұлғалардың назарына • хабарландыру бойынша |
• хабарландыру жазу • байқау өткізетіндігін хабарлау • байқау жариялау • құлағдар ету • жұмыс орны |
1-жаттығу: Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
Хабарландыру!
Физика-математика ғылымдарының ….. университеттерге жоғары
оқу орындарына оқуға түсуге ….. физика және математика…. бойынша
….. көрсетеді: ….. есептерді шешуге,…. жұмыс істеуге дағдыландырады.
Төлемақысы –….. бойынша. Мына телефон…. хабарласуыңызға болады:
67-29-36.
Керекті тілдік бірліктер: компьютерде, кандидаты, келісім, нөміріне, көмек, техникалық, талаптанушыларға, пәндері, күрделі
ç Тапсырмалар:
- Бос орындарға байланысты хабарландыруға: газет бетінде берілетін хабарландырулардан өз мамандығыңа байланысты үлгісін тау- ып дайындаңыз.
- Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят: Жылдық есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.
- Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят: Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» іс- шарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.
- Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға байланысты хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы хабарландыру үлгісін дайындаңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері: хабарландыру – объявление хабарландыру бойынша – по объявлению
хабарландыру жазу – писать объявление хабарландыру жапсыру – приклеить объявление хабарландыруды ілу – вешать объявление
хабарландыруды оқу – читать объявление
газетке хабарландыру беру – подать объявление в газету жұмыс орны – место работы
қабырғадағы хабарландыру – объявление на стене кездесу өткізіледі – проводится встреча
байқау жариялау – объявлять конкурс
байқау өткізетіндігін хабарлау – объявить о проведении конкурса байқауға қатысушыларға
қойылатын талаптар – требования к участникам конкурса байқаудың негізінде – на конкурсной основе
мәжіліс болады – будет заседание мәжіліс туралы хабарландыру – объявление о заседании
ресми хабарландыру – официальное объявление салтанатты жиналыс
туралы хабарландыру – объявление о торжественном собрании құлақтандыру – оповещение, объявление
бос қызмет орны – вакансия
жылжымайтын мүлік – недвижимость
құнды заттар – ценные вещи
үміткер – кандидат
өтетін орны – место проведения жалпылама хабарландыру – общее объявление жазбаша хабарлау, ескерту – уведомление
алқа – коллегия
Орынғазы Ә.