Мақсаты: Бүгінгі мектептегі тәрбиенің бағыттары мен қызметтері туралы, тұлғаның өзінөзі тәрбиелеуі және қайта тәрбиелеу туралы жәнемектептегі тәрбие жұмыстарын
жоспарлаудың маңызы жөнінде білімді толықтыру, бекіту.
Жоспары:
1. Бүгінгі мектептегі тәрбиенің бағыттары мен қызметтері.
2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі және қайта тәрбиелеу туралы.
3. Мектептегі тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың маңызы.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Блиц-тест:
1. Тәрбие принципі дегніміз не?
А. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасы мен іс-әрекет жүйесі;
В. Тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер,
алғышарттар, талаптар, қағидалар;
С. Адамның нақты іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, ережелер мен талаптар
D. Оқыту процесінде басшылыққа алатын қағидалар.
2. Тәрбие туралы ғылымды анықтауда мына терминдердің қайсысы дәл деп
ойлайсың:
А. Андрогогика (грекше «андрос»еркек, «эгейн» — жетектеуші);
В. Педагогика(грекше «пайс» — бала, «эгейн» — жетектеуші);
С. Антропогогика(грекше «антрос» — адам, «эгейн» — жетектеуші);
D. Дұрыс жауабы жоқ.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз:
А. Дүниенің даму заңдылықтарын,ғылыми негізде танып — білу;
В. Адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуі, оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын
бейнелейтін көзқарастар жүйесі;
С. Адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып,жағымсыз қылықтарды
жоюға әрекеттенуі;
D. Педагогикалық мақсатқа жету тәсілдері.
4. Тәрбиенің алдына қандай мақсат қойылады?
А. Білім беру, оқыту, тәрбиелеу;
В. Адамзат қоғамның бай тәжірбиесін меңгеру ;
С. Қоғамның болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру;
D. Қиын балаларлы зерттеп, оларға жаңа бағыт беру.
5. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не ?
А. Жеке адамның қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыра отырып, жағымсыз қасиеттерді
жоюға әзірлену;
В. Адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып, жағымсыз қылықтарды
жоюға әрекеттенуі;
С. Өздерін үлкендер қатарына қосуға тырысу;
D. Оқушының зиянды әдеттерін тексеру.
6. Қазақстан Республикасындағы тәрбие беру жұмысы қандай құжатқа негізделген?
А. «Атамекен» бағдарламасына;
В. «Жұлдыз» бағдарламасына;
С. «Кәусар бұлақ» бағдарламасына;
D. «Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу» тұжырымдамасына.
7. Тәрбиенің құрамды бөліктері:
А. Үйрету, жазалау, түсіндіру;
В. Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, эстетикалық экономикалық және дене
тәрбиесі, т.б.;
С. Жаттығу, жарыс, дәріс;
D. Үлгі-өнеге, педагогикалық талап, әңгімелесу.
8.Қайта тәрбиелеу ұғымының сипаттамасы қайсысына сай келеді?
А. Оқушының зиянды әдеттерін тежеу;
В. Кейбір оқушылардың бойындағы зиянды әдет-дағдыларды, қылықтарды тежеп,
адамгершілікке бағыттау;
С. Қиын балаларды жан-жақты зерттеп, жаңа бағыт беру;
D. Баланың имандылық қасиетін дамыту.
9. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс тәжірибиесімен байланыстылық
принципінің мәні:
А. Оқушылардың отбасын құрып, еңбек етуге дайындау;
В. Оқушылардың ақыл-ой күші мен ойлауын дамыту;
С. Жеке адамды жан-жақты дамыту;
D. Оқушының бұлшық етін дамытып, күшін көбейту.
10. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің мақсаты:
А. Қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз жерін, елін қорғай
алатын ұлтжанды, ұлттың намысы биік, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
В. Жастардың денесін шынықтыру, әскер қатарына өз борышын өтей білуге тәрбиелеу;
С. Отанға, өз халқына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
D. Осылардың барлығы.
Глоссарий:
Тәрбие – мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастырудағы адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін
кейінгі буынға меңгерту процесі.
Тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді
шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғарғы адамгершіліктегі үйлесімді
дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі.
Өзін-өзі тәрбиелеудегеніміз – өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіріп және
кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс –әрекеті.
Қайта тәрбиелеу- тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі
ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын
қалыптастыру.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдың (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, ісәрекет барысында көрінетін құбылыс.
Түзету– оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу
Мақсат – ол саналы түрде педагогикалық іс-әрекеттің алдын-ала болжамданған нәтижесі,
бір нерсеге ұмтылу, іске асыру.
Қайта тәрбиелеу – тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен ісәрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға
сапаларын қалыптастыру.
Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу – ішкі дүние байлығы мен моральдық
жағынан таза, денесі шыныққан, өзінің психологиялық, адамгершілік қасиеттерін шындай
білетін, өмірде кездесетін мәселелерді, қиындықтарды жеңе білетін адамды тәрбиелеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу дегенді түсіндіріңіз.
2. Тәрбие үрдісінде тұлғаны қалыптастыру жолдарын түсіндіріңіз.
3. Бүгінгі мектептегі тәрбиенің бағыттары мен қызметтері туралы сипаттама беріңіз.
4. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі және қайта тәрбиелеу туралы түсінік беріңіз.
5. Мектептегі тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың маңызы неде?
Әдебиеттер:
1. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А.,
1991
2. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991
3. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995
5. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991.
6. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.