Тырнақша

 

 

  • 145. «Айтылмаған» сөздер, яғни біреудің ойлағаны, айтуға оқталып, бірақ әлі айтпаған сөздер тырнақшаға алынады: «Еркем, неғып тұрсың?» – деп қала жаздаған Айбала… аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды. «Ә, деп ойлады Асқар, – жас қызды бұл еркем дейді екен ғой. Аты сол ма екен, әлде еркелетіп қойған аты ма екен?» (С.Мұқанов). «Осы өнерді қайтсем де меңгерермін!» деп, ішімнен өзіме-өзім ант еттім.

 

  • 146. Көркем шығармада жалпы әңгіме желісінен ауытқып келтірілген диалог (яғни әңгіме түсінікті болу үшін, бұрын болып өткен уақиғаны суреттеу ішінде келтірілген диалог) тырнақшаға алынады. Мысалы: «Сандықтың аузын аша бер, әке!» – деген еді Итбай Байсақалға, Қотыркөлге аттанарда.

«Неге, шырағым?»

«Ақша түседі…»

«Неден, шырағым?»

«Жұрттан» (С.Мұқанов).

  • 147. Сызықшамен жазылған төл сөздің ішінде келген төл сөз тырнақшаға алынады. Мысалы:

Қорықтың ба, шырағым ? – деді шал. – Қорықсаң да, айтайын, жаңа Итбайдың Сарыбасы кеп: «Шахтаға жан жолатпа, ешкімді шығарма да, кіргізбе де!» – деп кетті (С.Мұқанов).

  • 148. Өлең ішіндегі төл сөздер көбінесе тырнақшаға алынады:

Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай, Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.

Жорытады желмаядай шал кеңеске:

«Осылай болған екен, шырағым-ай» (С.Мұқанов).

 

Өлең ішіндегі төл сөз сызықшаға алынуы да мүмкін:

Қоя бердім өлеңімді Жыршыларға қаратып:

Ей, жыршылар, жыршылар!

Жыр айта ма осылай?! (Жамбыл).

  • 149. Көркем шығармалардың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады:

Екі қыз бұл хабарға өте куанышты жүргенде, қысқаша жазылған хат та келіп қалды: «Бұл хатты партиялық билетімді қалтама салып алып жазып отырмын, – деп жазыпты ол, – Жеке ісіме жазылатын қатты сөгісім бар, оны ісіммен алдыруға сенем…» (С.Мұқанов).

  • 150. Дәйексөз (цитат) тырнақшаға алынады.

Мысалы: Бұл жөнінде М.Горькийдің әр заманда, әр ортада ескі ертегінің жаңғырып, өскелеңдеп, өзгеріп отыратыны турасында айтқан пікірін еске аламыз: «Ой мәдениеті мен халық шығармасын өсіруде көне ертегілерді әр жыныстың, ұлттың, әр таптың өзгертіп, қосымша жасап қолдануының рөлі өзгеше болғанына күдіктенуге болар ма екен» (М.Әуезов).

  • 151. Мақалдар да тырнақшаға алынады, бірақ оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. Мысалы: «Салыстырудың қай- қайсысы да кемшіліксіз болмайды» дейді неміс мақалы. «Қалауын тапса, қар жанады» деген мақал – үлкен философия (Ғ.Мұстафин). «Ит маржанды неғылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар (Абай). «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп еді, бұл ырыс әкелген күйеу болды ғой! –

 

деп қуанысты жұрт (С.Мұқанов).

  • 152. Біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады. Олар да тырнақша арқылы жазылады, бірақ алды-артынан төл сөзге тән тыныс белгілері қойылмайды және кіші әріптен басталып жазылады:

Қазірде де кейбір талантты жазушылар қаламынан шыққан, мақал- мәтелдерге ұқсас, әрі нәрлі, әрі көркем, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей» сөз түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов). Бұл сөйлемдегі тырнақшаға алынған сөздер Абайдікі.

Шілденің жиырма бірі күні Балтық Лепірді әлденеге тасып, шалқып.

«Арыстанның жалындай бұйра толқын

Айдаһардай толғанды» сүңгіп, қалқып (С.Мұқанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *