- 4. Сұрақ белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.
Атап айтқанда, а) сұраулық шылаулармен келген сұраулы сөйлемдерден кейін: Асан ше? Балтабек деген жігіттің үйін білесіз бе? (С.Мұқанов).
Жауап қайтаруды қажет ететін, сұрау мәнді сөйлемдерден кейін сұрақ белгісі қойылады:
– Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба?
– Шүкір Аллаға, аман. Өз үй ішіңіз де есен бе түгел?
– Тегіс есен.
Ескерту: Сәлемдесу барысында сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе
шылауларына біткенмен, одан кейін сұрақ белгісі қойылмайды:
ә) Сұрау есімдіктерімен келген сұраулы сөйлемдерден кейін:
– Күйігің не? О не деген сөзің? Сенде қандай күйік болушы еді? – деп, Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады (М.Әуезов).
Ескерту: Сүйсіну, таңырқау мәнінде келген қандай, неткен, не деген т.с.с. сұрау есімдіктерінен кейін сұрақ белгісі қойылмайды:
б) Ә күшейткіш мәнді көмекшісінен кейін: Ертең де келетін шығар, ә?
в) шығар, болар, ғой т.с.с. көмекшілермен келген, интонациямен ерекшеленетін сұраулы сөйлемдерден кейін: Балалар пойызы осы шығар? Балалар пойызы осы болар? Асан үйінде екен, – деді біреу жүгіріп кеп. – Қалима ше? – Ол да үйінде (С.Мұқанов).
г) Құрмалас сөйлемдердің соңғы сыңары сұраулы болса, одан кейін сұрақ белгісі қойылады.
Ескерту: Құрмалас сөйлемдердің алдыңғы сыңары сұраулы болып, соңғы сыңары хабарлы сөйлем болса, сұрақ белгісі қойылмайды: Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты (М.Әуезов). Қорыққаның көріп үрейлендіре түскісі келді ме, болмаса шын тістеуге ниет етті ме – қаз қанатын жазып жіберіп, жүгіре ұшып Ботагөзге жетуге айналды (С.Мұқанов). Тура келем бе, жоқ па – оны біліп боларлық емес (С.Мұқанов).
- 5. Сұрақтарға ерекше екпін түсіріліп, нақтылауды қажет ететін бірыңғай мүше түрінде келсе, әр бірыңғай мүшеден кейін сұрақ белгісі қойылады: Жел ме? Аттың жал-құйрығы ма? Жылан ба? Әйтеуір бірдемелер айнала ысылдайды (С.Мұқанов).
- 6. Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері ерекше сұрау интонациясымен баса айтылса, олардың әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады:Адам пішіні әрдайым бұған (Абайға) бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Ол кей адамнын айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан, бояуы оңған көздерінен, алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды-жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан сызаты көп тас па ? Я селдір тоғай ма? Не көде, көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады (М.Әуезов).
- 7. Дәйексөз (цитата) ретінде алынған мәтіннің ішіндегі автор келіспейтін, түсінбейтін тұжырымнан кейін жақшаға алынған сұрақ белгісі қойылады?
- 8. Қыстырма сөз сұраулы сөйлем түрінде келсе, ол тұтастай жақшаға алынып, сұрақ белгісі қойылады: