Оқытудың педагогикалық технологиялары


Мақсаты: Оқытудың педагогикалық технологиялары туралы түсініктерін толықтыру,
білімді бекіту
Жоспар:
1. Педагогикадағы инновациялық көзқарастар. Оқытудың жаңа технологиялары.
2. Интерактивті оқыту әдістері.
3. Рөлдік ойындар.
4. Іскерлік оқу ойындары.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырма:
1. Педагогикалық технология ұғымына берген ғалымдардың анықтамаларын әрбір
кезең бойынша жіктеп жазу.
2. Технология термині мен педагогикалық технология терминінің ара жігін ашу.
Ситуациялық сұрақ
Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны
қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз? (педагогикалық технологияны
қолданудың бір элементі ретінде)
Глоссарий:
Технология – бір істегі, шеберліктеп, өнердегі әдіс жиынтығы, (Түсіндірме сөздік).
Технология – бұл өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, өңцеу әдістерінің
жиынтығы. (В.М.Шепель)
Педагогикалық технология — оқыту түрін, тәсілдерін, әдістерін, жолдарын арнайы
анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқау жиынтығы. Ол — педагогикалық даму
барысын ұйымдастыратын әдістеме құралы (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық технология– мұғалімдер мен оқушылар үшін жұмыс орны дайындалған,
жан-жақты ескерілген, оқу процесін, педагогикалық қызметті жобалауды, ұйымдастыру
мен өткізуге арналған үлгі. (В.М.Монахов).
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикадағы инновациялық көзқарастар қандай?
2. Оқытудың жаңа технологияларын атаңыз.
3. Интерактивті оқыту әдістері.
4. Рөлдік ойындарға мысал келтіріңіз
5. Іскерлік оқу ойындары.
6. Технология және педагогикалық технология түсінігіне анықтама беріңіз.
7. Ынтымақтастық педагогикасы.
8. Модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *